Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Опера және балет театры

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Опера және балет театры
Сабақтың мақсаты:
Опера және балет театры туралы білімдерін қалыптастыру, етістіктің райларын пысықтау
Сабақтың түрі: жаңа білім меңгеру сабағы
Әдіс - тәсілдер: дәстүрлі проблемалық әдіс, зерттеу әдісі, ізденіс әдісі
Көрнекілігі:интерактивті тақта, слайд, флипчарттар, суреттер, үнтаспа, билеттер

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі ( оқушылардың назарын сабаққа аудару).
- Сәлеметсіңдер ме, балалар, ұстаздар, қонақтар!
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Қуанышым, бақытым, дара тілім,- дей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Балалар, көңіл күйлерін қалай?
(Көңілді көтеретін сазды музыка ойнап тұрады, оқушылар бір - біріне сәттілік тілейді) С. А. Назарбаеваның «Өзін - өзі тану» бағдарламасының бір элементін сабақта қолдану.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
II Үй жұмысын тексеру.
III Жаңа сабақ
Видеофильмнен үзінді көрсету
1. Ой қозғау
- ”Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер”
- “Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын”- осы
мақал - мәтелдердің мағынасын қалай түсінесіңдер?
- Өнердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Тақырыпты түсіндіру
Слайд 2 опера және балет театры туралы толық мағлұмат беріледі.
Берілген мағлұматтарды өзіне түртіп алу

3. Жаңа сөздермен танысу арқылы сөздік жұмысын жүргізу.
Жақсы дамыды - хорошо развивалось
Кәсіби шеберлігі - профессиональное мастерство
Іргетасын қалаушы - основоположник
Қалыптасу - формироваться
Еңбек сіңірген - заслуженный
Актерлердің ойыны - игра актеров
Партер /мағынасын ашу/- театрлар мен концерт залдарындағы көрерменде отыратын орталық орын. /Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 669 – бет/
Шығармашылық жұмыс
Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыру

4. Мәтінмен жұмыс
- мәтінді оқу/мұғалім оқиды/
- мәтінді кезекпен оқып, мазмұнын түсіну
- негізгі ойды таптыру
Опера және балет театры
Соңғы жылдарда Қазақстанда драма, кино өнерлері де жақсы дамыды. Мысалы: Қазақ Мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театры - өзінің кәсіби шеберлігі жағынан дүние жүзіне әйгілі болған театр. Оның іргетасын қалаушылар Күләш Байсейітова, Қанабек Байсейітов, Құрманбек Жандарбеков, Роза Жаманова - қазақ операсының қалыптасуына көп еңбек сіңірген қайраткерлер. Олар - халық артистері.
Қазіргі кездегі опера өнерпаздарынан Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Әлібек Дінішев, Кенжеғали Мыржықбаевтар өнері мен таланты халық арасына көптен танымал.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 295
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Тіл мерекесі
Тіл мерекесі
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені Болашағым, бақытым дара тілім.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сапарбаева Сәуле Серикбаевна
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тұғыл ауылында Ш. Уалиханов мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мыкиянова Саркыт Турсынгалиевна
Тіл - біздің тірегіміз!
Тіл - біздің тірегіміз!
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Өнердің түрлері
Өнердің түрлері
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, № 31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н. Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×