Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ хандары, билері, батырлары

09 ақпан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
«№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің»
ІІІ деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы

Қазақ хандары, билері, батырлары.
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Қазақстан тарихынан әңгімелер» 5 сынып оқулығы, ғаламтор мәліметтері
Жалпы мақсаты – міндеттері:
Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырлары, олардың ерлігі жайында білім беру
Күтілетін нәтиже:
Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды; Диалогтік оқытудағы ашық және жабық сұрақтарды қойып үйренеді. Оқушының сыни ойлауы қалыптасады
Жеті модульдің кіріктірілуі:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ - ні қолдану.
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Негізгі идеялар:
Қазақ хандары, билері мен батырларының еліміздің әлеуметтік - саяси дамуындағы ролі
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топтастыру: жеке, топтық жұмыстар, ассосация, «тұлғаны таны» рефлексия, ББҮ, «Хат қоржын», рольдік ойын
Ресурстар:
Карта, интерактивті тақта, слайд, плакат, стикер, маркер, жұмыс парағы, ғаламтор мәліметі

Сабақтың жүру барысы
Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Оқушыларға қағаз қиындыларын ұсынып, сол арқылы сыныпты топтастыруБағалау қалпақтарын (қазақтың ұлттық айырқалпақ сурет қиындысы) таратып, ББҮ кестесін қалай толтыру керектігін түсіндіру
Оқушының іс - әрекеті:
Пазл құрастыру(қазақ, этноним, хан) арқылы топқа бөлінеді, қағаз қиындысындағы жазумен топпен құрастырып, шешілген тапсырма бойынша жауап айтады. Бағалау қалпақтарын алады.

Үй тапсырмасын пысықтау: 5 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ашық сұрақ. «Хат қоржын» әдісімен сұрақтар қою арқылы бекіту:
1. Қазақ хандығын құрған хандарды ата
2. Қазақ хандығы қашан құрылды? т. б.
Оқушының іс - әрекеті:
Үйге берілген тапсырманы сұрақ - жауап арқылы диалогқа түсіру.
Берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау.

Жаңа тақырып: 20 мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Ойқозғау: «Балалар хан, би, батыр деген сөздерді қалай түсінеміз?»
Оқушының іс - әрекеті:
ББҮ кестесінің 1 - 2 бағанын стикермен толтырады. Оқушылар өз ойларын айтады.
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Жаңа тақырыпты таныстыру: презентация
1 - қадам: топтық жұмыс: жаңа тақырыпқа байланысты постер әдісін пайдалану
І топ: Хандар
ІІ топ: Билер
ІІІ топ: Батырлар

Оқушының іс - әрекеті:
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау арқылы тақырыпты талдайды

Сергіту сәті: «Қаражорға» биі
Оқушылар би билеп сергіп, келесі тапсырманы орындауға ынталанады

2 - қадам: Рольдік ойын
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Әр топ басшысына мұғалім алдынан роль белгіленген тапсырманы таңдатқызу (хан, би, батырлар: диалогты көрініс)
Оқушының іс - әрекеті:
Берілген рольге қатысты топпен бірлесіп аз уақыт ішінде қысқа диалогты қойылым көрсету

Бекіту: 5мин
Мұғалімнің іс - әрекеті:
Жаңа тақырып қатысты ашық, жабық сұрақтар қою.
Оқушының іс - әрекеті:
Оқушылар қойылған сұрақтардың жауабын айтады.

Алған білімді жүйелеу: 5 минут
Мұғалімнің іс - әрекеті:
«Ұлы дала дүбірі» сериясынан үзінді көрсету
Оқушының іс - әрекеті:
Бейнебаяннан көрген көріністері туралы ойтолғаныс

Бағалау, рефлексия: 5 минут
ББҮ кестесін стикермен толтыру.
Қалпақтар санын есептеу
Формативті және суммативті бағалау

Толық нұсқасын жүктеу
3 045
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихы
Қазақ хандары, билері және батырларының ерлігі, басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, елге атқаратын қызметі және Қазақ х қоғамдық саяси құрылыстарымен таныстыра отырып, баға беру.
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Жалпы мақсаты міндеттері: 1 - қадам: Ежелгі Римді сипаттай отырып, басқару құрылысымен таныстыру.
Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «№219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің» тарих пәні мұғалімі Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті, № 7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жумаева Гүлжан
Қазақ билері, батырлары
Қазақ билері, батырлары
Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі Қуатова Айгүл Нұрланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×