Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жылу

07 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу
Сабақ негізделген оқу мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету.
Оқу нәтижелері: Барлық оқушылар
Өлеңді мәнерлеп оқи алады
Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңдегі негізгі идеяны біледі
Кейбір оқушылар: Өлең бойынша сұрақтар құрастыра алады, өлеңнің мазмұнын түсінеді.
Алдыңғы оқу: Ата - ананы құрметтеу мазмұнын сұрау.

Басталуы
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
«Жылулық сыйлайық» психологиялық тренинг
Қайқаустың «Ата - ананы құрметтеу туралы» үзіндісін тізбектей мазмұнын сұрау.
Әрдайым ата - анаңды құрметтесең, олардың да ізгі тілектері қабыл болғаны.
- Ата - ана туралы бабаларымыздың да даналық сөздері бар.
Құт береке – атаң қымбат,
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - апаң қымбат
Асқар тауың - әкең қымбат
Экранға назар аударыңдар, ондағы нақыл сөздерді оқимыз және жұппен жұмыс жасаймыз. Бұл кімнің сөзі? Мағынасын түсінгенімізше айтуға тырысып көрейік.
Бейнекөрініс тамашалау
- Балалар, қазіргі тыңдаған әндерің кім жайында?
- Дүниеде анасыз адам болмайды. Осында отырған мен де, сендер де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алғанбыз. Тіршілік күннен нәр алса, адамзат анадан тарайды.
Ананың жылуын, сендерге деген қамқорлығын қалай сезіп байқайсыңдар?
Топқа бөлу
Сөйтіп еркелете келе аналар бізге несін береді?
Ортасы

Ендеше балалар, экраннан кімнің суретін көріп тұрмыз?
Ф. Оңғарсынова - Атырау облысында Манаш ауылында дүниеге келген. Атырау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген, көрнекті ақын, жазушы.
Оңғарсынованың қандай өлеңін білеміз?(«Білім керек бәріне»).
Ендеше бүгін біз Фариза Оңғарсынованың "Жылу" өлеңімен танысамыз
Өлеңді мәнерлеп жалғастыра оқу, түртіп алып оқу.
Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?
Ана мейірімі туралы не дейсің?
Ананың сүті туралы ше?
Ананың алақаны қандай?
Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс
Өң - бет, ажар, түс.
Жалғанда – дүниеде.
Ғұмыр - өмір
Сергіту сәті
Топпен жұмыс
«Ізден, ойла, қорға»
І топ - Ана деген кім? Ол қандай адам?(күннің сәулелерін толтыру)
ІІ топ
Кестемен жұмыс
Сұрақтар Берілген сөз
Қандай? анам
Кімнің? құшағы
Қандай? жанары
Кімнің? сүті
Ненің? нұры
Сөз тіркестерін пайдаланып қысқаша әңгіме құрау
ІІІ топ Өлең ұйқастыру стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын
IV топ Венн диаграммасы
Күн мен Ананы салыстыру

V топ
"Менің анам" тақырыбына ой толғау

Мектеп: № 3 ОМ
Мұғалім аты - жөні: Кырбас А. Ш.

Жылу жүктеу
1 386
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегі Көжек
Ертегі Көжек
Ертегі идеясын түсіну. Қоянға сипаттама беруді үйрену.
В. Сухомлинский. «Ақ шаш» Ғ. Орманов «Ана»
В. Сухомлинский. «Ақ шаш» Ғ. Орманов «Ана»
В. Сухомлинскийдің «Ақ шаш» мәтінінің негізгі мазмұнын ашу және Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңінің мағынасын терең түсіндіру. Міндеттері: Мәтіннің, өлеңнің мазмұнын мағынасын ұғындыру.
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев
Ана туралы түсініктерін кеңейту, сүйіспеншіліктерін ояту. Өлеңнен мәнерлеп оқу дағдылары қалыптасады.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Баубек Бұлқышев «Ана»
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қуатбаева Айман Мамытовна
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
"Жылу" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×