Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Жылу" Фариза Оңғарсынова

19 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жылу Фариза Оңғарсынова
Сілтемелер Әдебиеттік оқу оқулығы
Жалпы мақсаты: Ең қымбат адам – ана екендігін түсіндіріп, оның мейірімі мен жақсылығын түсіну, ананы сыйлай білу.
Міндеті: Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері: Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеуге үйренді.
Тапсырмалар: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс әрекеті

I. Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу
Сыныпты стикер арқылы төрт топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық
Қол ұстасып бәріміз
Жылылықты сезейік
Күндей болып әрқашан
Күлімсіріп жүрейік!

II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайқауастың Ата - ананы құрметтеу туралы тақырыбындағы мәтіндегі бөліктерден өзіңі ұнағанын жаттап келуге, өзіде де ата - анасы тақырыбында өз ойын жазып келуге бердім.

ІII. Жаңа сабақты меңгерту.
1. Құт берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат.
- Бұл даналық сөзді жазған адамның кім екенін білеміз бе?(Қазыбек би).
- Жүректеріңнен шыққан жылы сөздерің, мейірімділік, жанашырлық сезімдерің кімге арналады?
Бүгінгі сабақта біз Фариза Оңғарсынованың аналарымызға арналған «Жылу» атты өлеңімен танысамыз. Мақсатымыз ең қымбат адам – ана екендігін түсініп, оның мейірімі мен жақсылығын түсініп оған қамқор болу.
Кіріспе сөз:
(Интерактивті тақта арқылы Фариза Оңғарсынова жайында суреттер көрсетіледі.)
Фариза Оңғарсынова 1939 — жылдың 25 - желтоқсанында қазіргі Атырау облысына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген. 1961 - жылы педагогикалық институтты біріп, мұғалімдік қызметті атқарып, газеттерде тілші, журналдың бас редакторы болған. Бүгінде ол халық жазушысы, парламент депутаты болған адам.

Оқулықпен жұмыс
Мәтінмен таныстыру
Мазмұнын түсіндіру
Жеке - жеке тізбектеп оқыту
Сөздік жұмысы
Өң - бет, ажар, түс
Жалғанда - дүниеде
Ғұмыр – өмір
«Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша кестемен жұмысы

«Мәселені болжау» стратегиясы бойынша суретпен жұмыс жүргізілді.
Осы суреттен шыққан тіркестерді қатыстырып сөйлем құра. Осы сөйлемдерді сурет бойынша әңгіме құрауға пайдалан.
- Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?
- Ақын ананың не үшін күнге ұқсатады?
- Ана мейірімі туралы не дейсің?
- Ана сүті туралы ше?
- Ананың алақаны қандай?

«Ойлан – жұптас - талқылы» әдісі бойынша топтық жұмыс
I топ Ана деген кім? Ол қандай адам?
ІI топ. "Менің анам" тақырыбына ойтолғау.
ІІI топ. "Өлең ұйқастыру"стратегиясы
----------------------------------- сыйлаймын,
----------------------------------- тыңдаймын.
----------------------------------- аламын,
------------------------------------ баламын.

IV топ « Даналық сөзден дән ізде» демекші, ана туралы мақал - мәтелдер жазу.
Бағалау бетшесі арқылы оқушылар өздерін өздері бағалау.

Бағалау критерийі:
«5» деген баға: 1 - 4 тапсырмалар толық қамтылса
«4» деген баға: 1 - 3 тапсырмалар толық қамтылса
«3» деген баға: 1 - 2 тапсырмалар толық қамтылса
Рефлексия
1 Жақсы түсіндім
2. Түсінген жоқпын
Сабақты қорытындылау. Үйге «Менің анам» тақырыбында әңгіме жазып келу.
5 996
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Адам деген ардақты ат
Адам деген ардақты ат
Адамгершілік ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасы шаңырақ берекесі
Отбасын құрайтын адамдар, әр адамның отбасында алатын орны мен маңызын түсіндіру. Оқушыларды мейірімділікке, қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жылу
Жылу
Оқушылардың анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Фариза Оңғарсынова "Жылу"
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектеп КММ бастауыш сынып мұғалімі Жұмаханова Қасиет Бейсекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×