Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз және оның мағынасы

17 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Сөз және оның мағынасы
Сілтеме: Ғаламтор, қазақ тілін оқыту әдістемесі
Сабақтың жабдығы: Сөздік, үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу: Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы Бірлік бар жерде
Тірлік бар дегенмен алдыма қойылған мақсатыма сай сабағымды өткіземін.
Күлімде, күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шақ!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

Үй тапсырмасын сұрау
Тест сұрақтары
Мағынаны тану Көркем жазу
Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, күлкілі.
• Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол қимылды білдіреді, яғни етістік. Ал қалғандары сын есімдер.
• Осы сөздерге қарама - қарсы мағыналы сөздерді тауып айт. Мысалы, жақсы - жаман, жылы - суық, түзу - қисық, бүлдіру - түзету, күлкілі - қайғылы.
2. Бұл қандай сөздер?
• Мағынасы бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антонимдер)
• Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)
• Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөліп орындау.
1 - топ
Берілген әріптермен және сөздермен сөйлем құрап айту
• Жолдасым желмен жарысты. Жарас жақсы жігіт.
• Досым допты домалатты.
• Суық сумен сүртіндім.
2 - топ
● Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама - қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.
● Қалаған 3 - 4 сөзбен сөйлем құрап жаз.
1. еріну - жалқаулану, есептеу - санау, қайталау – пысықтау;
2. ақырын – шапшаң, апару - әкелу, бастау – аяқтау, тоңу – жылыну.
Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін
Шаршы топта сөз бастау қиын. Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп жылынды.
3 - топ
VI. Жұмбақ шешу
● Қарамен жазылған сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
Жақыннан әкеп хабарды.
Ренжітер барлық адамды.
Алыстан әкеп хабарды,
Қуантар барлық адамды. (жеделхат)
Жеңілдікпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар.
Қиындықпен аршылар,
Көзіңнен жас тамшылар. (пияз)
Үй тапсырмасы
Қайталау
Күнделіктеріне жазады
Бағалау
Кері байланыс Бағалау парақшаларын толтыру.

Мұғалім: Асанова Марал Абдулхамитовна

Сөз және оның мағынасы. жүктеу
2 098
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Мағыналары қарама - қарсы сөздер
Барлық оқушылар: мағынасы қарама - қарсы сөздер туралы түсінік алады. Сөз және оның мағынасына қарап ереже шығара алады.
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, №112 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Караулова Гүлбарам Нұрсұлтанқызы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Қызылорда қаласы, № 211 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Еспенбетова Зағира Нағметуллақызы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×