Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарама-қарсы мағыналы сөздер

12 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы
№ 13 ұлттық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Пән:Қазақ тілі
Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы: Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың байланыстырып сөйлей алу қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын кеңейту.
Тәрбиелік: Өз бетімен қорытынды шығара алуға, алған білімін қолдана алуға, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың жүрісі
І Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

ІІ Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
(Ж. Молдағалиев)

Үй тапсырмасын тексеру
а) «Сиқырлы сандық» ойыны ұйымдастырылады.
Сандықша ішіндегі сөздерді оқы. Әр сөздің нені білдіретінін айту.
Оқушылар шығып, сандықшадан қағаздарға жазылған сөздерді алады.
Тау – сұрағы не? Заттың атауы
Оқушы – сұрағы кім? Заттың атауы
Қызыл – қандай? Сапаның атауы
Күлу – не істеу? Қимыл атауы
Ұялшақ, түйе, он жеті, жығылу, тапқыр, жүйрік, алтау

ә) Үй тапсырмасын қорытындылау
Сөз дегеніміз не?
Сөз дегеніміз қандай да бір заттың, не қимылдың, не сапаның, не санның атауы.
Сөз неден құралады?
Сөз дыбыстан құралады
Сөз нені білдіреді?
Сөз мағынаны білдіреді.


IV Жаңа сабақ

Дәптерді ашу, бүгінгі күннің жадын жазу
Көркем жазу
Мысалдар келтіру:
Үлкен-кіші, биік-аласа, қымбат-арзан, ақ-қара, күн-түн.
Сызбамен түсіндіру, суретке қарап сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақты қорыту
Сөз мағынасының қандай түрлері бар?
Мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздер.

V Сабақты бекіту
а) Оқулықпен жұмыс
2-жаттығу. Озған-мұрат,
Қалған-ұят.
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
3-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздерге екінші қатардан қарама –қарсы мағыналы сөздерді тауып жаз.
Тар
Жас
Қалың
Кіру
Көшу
Жұмсақ
Ұзын

Қону
Қатты
Қысқа
Жұқа
Кәрі
Кең
Шығу

4-жаттығу
Жазғы киімі-жасыл
Қысқы киімі ақшыл.
(ағаш)
Күндіз білінбейді
Түнде күлімдейді
(ай)

Сергіту сәті (өлеңмен)

ә) Шығармашылық тапсырма
*Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздерді тауып жаз және сөйлем құра.
Сұлу, … (әдемі, көрікті, ажарлы)
Атақты, … (әйгілі, белгілі, көрнекті)
Суық, … (мұздай, салқын)

*Сөздердің мағынасын ашып жазу
Түс (түс көру, қызыл түс, арбадан түс)
Бас, алма, үй, шаш, нан.

∆ Қарама-қарсы мағынасын тап.
Биік – Адал – Ашық –
Ақ – Қатты – Арзан –
Ұзын – Өтірік – Ыстық –
Жоғары – Жақсы – Батыр –

«Қай сөз артық» ойыны
Ас, тамақ, тағам, асаба, дәм
Аспан, көк, шарықтау, әуе
Үлгілі, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті, өнеге
Айтқыз, сөйлеткіз, сөйлеттір, айтқыш
Мәтіндермен жұмыс
5-жаттығу орындалады

VI Сабақты қорыту
Оқушылар өз бетімен ізденуіне берілген тапсырмалар

*Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздердің тобын ОМОНИМДЕР деп атаймыз. Мысалы: қара шаш, тақтаға қара
арық ат, су ағатын арық

* Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы СИНОНИМДЕР деп аталады.
Синонимдерге тән белгілер:
а) Сөздің дыбыстарында өзгешелік болады;
ә) Сөздер бір ғана ұғымды білдіреді;
б) Сөздер бір ғана сөз табына қатысты.
Мысалы: күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы

*Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер АНТОНИМДЕР деп аталады.
Мысалы: үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, қатты – жұмсақ

VII Үйге тапсырма
6-жаттығу
VIII Бағалау
101 019
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Көп мағыналы сөздер
Көп мағыналы сөздер
Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету;
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы» ММ бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Мәндес сөздер. Қарама - қарсы сөздер. Әр түрлі мағыналы сөздер
Атырау қаласы, Жанаталап селосы, Жамбыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қадесова Салтанат Әлімжанқызы
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Темірғалиева Назым Фатихқызы Бастауыш сынып мұғалімі БҚО, Казталов ауданы, Сатыбалы ОЖББМ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×