Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Масштаб, қашықтықты өлшеу

24 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
1. Сабақтың тақырыбы: Масштаб, қашықтықты өлшеу.
География 6 сынып
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Оқушылар масштабтың маңызы, түрлері жайлы мәліметтерді оқып - үйрену.
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
4. Сабақтың нәтижесі: Білу: Масштаб, оның түрлері жайлы біледі.
Түсіну: Жердің, карта үшін маңызды екенін түсінді.
Қолдану: Екі нүктенің арақашықтығын анықтағанда, есептер шығарғанда қолдана біледі.
Талдау: Белгілі бір жерді планға, карталардың ұзындықтарын анықтағанда ажыратып, талдай алады.
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Белгіленген критерий бойынша бағалау.
6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс - талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7. Ресурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер, суреттер.

Сабақ барысы
Кіріспе
1. Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды
2. Үй тапсырмасын сұрау
Жер беті бейнесінің түрлері.
Үй тапсырмасын сұрауда саусақпен бағалауды жүзеге асырамын.

Тұсаукесер
1. Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. 2. Ортақ жұптық жұмыс. Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін жұппен анықтайды, табиғат құбылыстарының күрделікті өмірде алатын маңызы туралы жазып алуға тапсырма беріледі.

Негізгі бөлім
1. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс: Оқушылар топқа бөліне отырып Масштаб тақырыбы бойынша сандық, атаулық, сызықтық масштабтарды анықтауға тапсырмалар алады. Тақырыптар бойынша постер жасап қорғайды.
2. Есептер шығару.
Үш топқа есептер беріледі.
1. А және Б қаласының ұзындығын анықтау
2. Екі нүктенің ұзындығы берілген, оның масштабын анықтау.
3. Екі нүктенің масштабы берілген, оның ұзындығын анықтау.
3. Картамен жұптық жұмыс:
- Масштабтың маңызы қандай?
- Атаулық масштабты сандық масштабқа қалай айналдырамыз?
- Масштабтың қандай түрлері бар?

Қорытынды
1. Мұғалім сабақты қорытындылайды.
2. Үйге тап - ма: 3 деңгейлік тапсырма түрінде беріледі.
1) А деңгей: §6оқу
2) В деңгей: Картадан екі нүктенің арақашықтығын және масштабын анықтау.
3) С деңгей: Бес есеп құрастыру.

Масштаб, қашықтықты өлшеу. жүктеу
2 456
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жер беті бейнесінің түрлері
Жер беті бейнесінің түрлері
Жердің Күн жүйесіндегі орны, пішіні мен мөлшері туралы біледі. Жердің пішіні туралы, оның Күн жүйесіндегі орны туралы түсінді.
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Масштаб және оның түрлері
Масштаб және оның түрлері
Масштаб, оның түрлері, қашықтықты өлшеу, оны қағаз бетіне түсіру әдістері туралы білім беру. Картадағы кез - келген географиялық объектінің масштабына қарап қашықтығын анықтауға және оны дәлме - дәл қағазға түсіруді үйрету.
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білім негіздері
Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі.  Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Демографиялық саясат
Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру, ұдайы өсуін 1, 2 типіне жататын елдерді жіктеуге, демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету.
ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениеті
ХҮІІІ ғ Қазақстан мәдениеті
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×