Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім шыңы

07 мам 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: «Білім шыңы»
“Білімді, сауатты адамдар – бұл адамзат дамуының негізгі күші”
Н. Ә. Назарбаев

Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың математикалық ой – өрісін дамыту және қызығушылығын арттыру, алған білімдерін пысықтау, өз бетімен тапсырмаларды орындауға үйрету, оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Оқушылардың жекелеме ерекшеліктеріне байланысты оқу үрдісінің логикалық құрылымына, оқушылардың ойлау қабілетін есте сақтау, сөйлеу мәнерін, ынтасын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу, оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:
• Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі
• Таныстыру, сәлемдесу
• І тур (блиц - сұрақтар 10/10)
• ІІ тур (жасырылған 4 есеп)
• ІІІ тур (ағылшын тілінде берілген сөздерді құрастыру арқылы сөйлем құрастыру)
• ІV тур (жұмбақтарды шешу арқылы «Білім шыңына» шығу)
Қорытындылау
Суретті құрастыру арқылы екі топтың ұйымдасуы, топтың атауы беріледі
Таныстыру, сәлемдесу
І тур (блиц - сұрақтар 10/10)
Әрбір дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланып отырады
1 - топ
1. Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады?
2. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды?
3. Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады?
4. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды?
5. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады?
6. Қай жағдайда біз 2 - ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2 - де тұрса біз 10 мин өтті д. а)
7. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?
8. Айнымалысы бар теңдік.
9. Wunderkind сөзі нені білдіреді?
10. Жерді өлшеу туралы ғылым.

1 - топ
1. Шоколадтың бағасы 10 тг және тағы шоколадтың жартысы. Шоколад қанша тұрады? 20 тг
2. 7 адам фотосуреттерімен алмасты. Қанша фотосурет таратылды? 42
3. Барлық цифрлардың көбейтіндісінің соңында неше 0 болады? 1
4. 25 қаз ұшып бара жатты. Бір қазды атып тастады, қанша қаз қалды? 1
5. 2 ондықты 2 ондыққа көбейткеде неше ондық шығады? 40
6. Қай жағдайда біз 2 - ге қарап тұрып, 10 деп айтамыз? (сағаттың минуттік тілі 2 - де тұрса біз 10 мин өтті д. а)
7. Қай уақытта екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады? (екінші қосылғыш 0 болса)
8. Айнымалысы бар теңдік. Пропорция
9. Wunderkind сөзі нені білдіреді? Дарынды бала
10. Жерді өлшеу туралы ғылым. Геометрия

2 - топ
1. Тәуліктің 24 - тен 1 - і
2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме?
3. 282 саны 3 - ке бөлінеді ме?
4. Сызықтық функцияның графигін атаңыз.
5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?
6. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады?
7. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар?
8. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар?
9. 289 нешенің квадраты?
10. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?
2 - топ
1. Тәуліктің 24 - тен 1 - і 1сағат
2. Қайсы үлкен 2 м ме әлде 198 см ме? 2 м
3. 282 саны 3 - ке бөлінеді ме? Иә
4. Сызықтық функцияның графигін атаңыз. Түзу
5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар? 12
6. Түзудің бойынан 4 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? 6
7. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 50
8. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? 10000 см2
9. 289 нешенің квадраты? 17
10. Үстелде үш стақан сүт бар. Алмаз 1 стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? 3

ІІ тур 4 есеп
Шарты: Сұрақтың номері таңдалған соң және негізгі сөздер аталған соң сіздер өздеріңізге ұпай қоясыздар 1 - 6 аралығында.
Егер бірден дұрыс жауап берсеңіздер өздеріңіз атаған ұпай қосылады, кері жағдайда азайтылады немесе көмек сұрауларыңызға болады. Бұл жағдайда 1 ұпай кемиді. Ал ешбір жауап болмаса сөз кезегі екінші топқа беріледі.

1 - есеп:
Негізгі сөздер: бөлу, 4, кеміту
1 мен 10 - ның арасындағы қай санды 4 - ке бөлгендегі бөліндісі, осы санды 4 - ке кеміткенге тең болады?
Көмек:
Бұл бөлшек сан
Жауабы

2 - есеп:
Негізгі сөздер: Балықшы, фут, балық
Балықшының айтуы бойынша, ол ұзындығы келесідей болатын балық ұстады: басы 60 фут, құйрығы - басының ұзындығы мен денесінің жартысы, ал денесі - балықтың басынан бастап құйрығына дейінгі ұзындықтың жартысы. Сонда балықтың ұзындығы қанша?

Көмек:
балықтың құйрығы - басының ұзындығын 3 еселегенге тең
Жауабы: 480 фут
3 - есеп:
Негізгі сөздер: Цифр, құралу, тақ
Тақ цифрлардан құралған жұп санды атаңыз
Көмек: тақ цифр үш рет қайталанады
Жауабы:
т, с
4 - есеп:
Негізгі сөздер: Фаренгейт, градус, сан
Цельсий шкаласының 1 градусы Фаренгейт шкаласының 1, 8 градусына тең, сонымен қатар Цельсий бойынша 10 - Фаренгейт шкаласы бойынша 320 - қа тең. Температура Цельсий және Фаренгейт шкалалары бойынша бірдей санмен беріле алады ма?
Көмек:
Цельсий және Фаренгейт шкалалары бойынша тәуелділікті жазу керек.
Жауабы: - 40
ІІІ тур (ағылшын тілінде берілген сөздерді құрастыру арқылы сөйлем құрастыру)
І топ
Ағылшын тілінде: Іштей сызылған шеңбер – inscribed circle
І – іштей сызылған шеңбердің центрі – I is the center of inscribed circle
ІІ топ
Ағылшын тілінде: Хорда – chord Сектор – sector Жарты шеңбер – semicircle
ІV тур
(жұмбақтарды шешу арқылы «Білім шыңына» шығу)
Бұл бөлімде жұмбақ айтылады, жұмбақ шешілу керек, жауабын үш тілде айту керек. Үш тілде айтса 30 ұпай
Қорытындылау
4 288
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық,
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
ҰБТ есептерін шығарудың тиімді жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Башимова Гүлшат Мұхтарқызы
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×