Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

06 ақпан 2015, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту

7 - 8 сыныптар арасында өткен коучинг - сабақ
Сынып оқушыларының арасында «Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту» тақырыбында коучинг сабақ.
Мақсаты: Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылар тапсырмаларды логикалық тұрғыдан ойлап, шешу жолдарын қарастырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Логикалық тапсырмалар қарапайымнан басталып күрделене береді, баланың шығармашылық қабілеттері дамиды.
Логика (– «талдауға құрылған», «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым деп анықтама берген. Қазіргі заманғы педагогикалық ой - тұжырымдарда оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш қуаты мен сенімін арттыру керек. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт беру керек. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш бағытта іске асады:

•Қызығушылығын арттыру;
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
Шығармашылық ізденісін дамыту.
шығармашылық қабілетін әр түрлі тапсырмалар арқылы дамытамыз.
1. Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар (ребус, сөзжұмбақ, анаграмма, сиқырлы шаршылар, геометриялық фигуралар);
2. Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар (математикалық мақал - мәтел, логикалық есептер, қалжың есептер).
3. Ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар

Коучинг барысы:
1.“Логиканы дамыту ”сурет салу
2.“Мнемоника” есте сақтау
3. Ұқсастық тап
4. Сиқырлы шаршы
5. SMART - ақылды міндеттер
6. Сергіту сәті
7. Логикалық есеп Бірінші шарт -“Логиканы дамыту ”бойынша екі топтың әрбір мүшесіне сызық сызылған бір, екі, үш, төрт деп номерлеген парақшалар таратылып, әрі қарай 5 минутта сурет салу ұсынылды. Уақыт аяқталған соң екі топтың номер бойынша суреттерін салыстырып қарастырылады. Екінші шарт - көру арқылы есте сақтау қабілеттеріне арналады. Кемпірқосақ және жеті жұлдызнама суреттеріне 1 минуттай қарап, ойланған соң кемпірқосақ түстерін және жеті жұлдызнаманы ретімен атап шығу.
Келесі шартта - топтағы төрт адам жұппен бір - бірінің ұқсастықтарын зерттеп табуда шеберлік, шапшаңдықтарын байқату.
Сиқырлы шаршы тапсырмасын орындауда өздерінің шапшаңдығын, тез ойлап, шешім қабылдай алатындарын көрсету.
Не істеу керек? деп « SMART - ақылды міндеттер» арқылы бір сыныпқа «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына» өнеге сағатын, екінші сыныпқа Абай атамыздың 170 жылдығына орай поэзия кешіне қатысуды жазу тапсырылды.
Сергіту сәтінде видео көріп, демалған екі топқа сәйкестендіру тапсырмалары мен логикалық есептерді шығару ұсынылады. Қорыта келе оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту - бастауыш сыныптардан бастау алады. Қазіргі заманда әр ұстаздың басты мақсаты - оқушыларымыздың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, оларды өзін де, өзгені де тануға, өмірдің мәнін ұғынуға, кез келген қиыншылықты жеңе білуге сенімді, адал, парасатты болуға тәрбиелеу.

ШҚО, Абай ауданы,
"М. Әуезов атындағы орта мектебі" КММ
Кусаинова Гулжан Орынбековна
8 597
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Есте сақтау, ойлау, зейінін дамытуға арналған тапсырмалар
Есте сақтау, ойлау, зейінін дамытуға арналған тапсырмалар
Есте сақтау, ойлау, зейінін дамытуға арналған тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге тапсырмалар
Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге арналған тапсырмалары
Логикалық ойлауды жетілдіру
Логикалық ойлауды жетілдіру
Балаларға логикалық тапсырмалар орындату арқылы терең ойлау қабілеттерін шыңдау, байқампаздылыққа баулу.
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару
Логикалық функцияларға есептер шығару арқылы біліктіліктерін тексеру. Ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық сыныбының жетекшісі: Қорғанова Базаргүл Әндірқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×