Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритімі

25 желтоқсан 2015, Жұма
Категориясы: Математика
Алматы облысы, Жамбыл ауданы,
Ұзынағаш ауылы, Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектеп
МДШО және МЖИ КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Калиева Жазира Касеновна

Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритімі. Қайталау
Сабақтың мақсаты:
1. «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны арқылы «Үш таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритімі». Қайталау тақырыбын меңгерту.
«Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны.
2. Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру, шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру.
3. Шапшаңдыққа топтық есеп шығару арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық
- Мен жүрегімнен қуаныш алып сендерге сыйлаймын.
2. Сабақтың мақсатын, жүру барысын айту.
3. «Қарлы кесек» ойыны
4. Үйге тапсырма беру.
5. Оқушы білімін бағалау.

Сабақтың өтілу технологиясы: Модульдік оқыту технологиясы.
Модульдің мақсаты:
1. Есеп шығару барысында анықтамаларды, ережелерді, формулаларды тиімді қолдана білу дағдыларын жетілдіру;
2. Оқушыларға үш таңбалы санға бөлу алгоритімі туралы түсінік қалыптастыру.
3. Ойлау қабілеттерін арттыру.

Ойынның шарты:
А әріпі бар бағыттаушы парағын және жетонын ( кеудесіне қадалады). Алған оқушылар «А үстелінің» басына отырады, Б әрпін алғандар «Б үстелінің» басына отырады тағы с. с. мұғалім бір келелі мәселе көтереді, проблемалық сұрақ қояды немесе қандай да бір тапсырма береді.( бәріне ортақ немесе әр топқа жеке - жеке). 5 адамнан тұратын топ.
5 - 7 - 15 минут шамасында оқулықты және қосымша әдебиетті пайдалана отырып жауап іздейді, оны тезистер түрінде жазып алады. Дайындыққа арналған уақыт аяқталған соң, І тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. І турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз көзқарастарын айтып үлгеретіндей есеппен белгілейді.

(10 - 15 минут). Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонды «А» әріпі бар ойыншы, содан соң кезегімен - «Б», «В», «Г», «Д» - әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әр бір оқушы өз жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп есептейтін сөйлеушінің нөмерін анықтап оның номерін өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші жолына жазып алады». І тур аяқталғаннан соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да ойынның ІІ туры басталады. Барлық тур ( 3 - 4 - 5) біткеннен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы және ең жақсы топ анықталады.
Ойынның тапсырмалары:

А тобы:
Оқулықпен жұмыс 3 - тапсырма. Қалдықпен бөлуді орында.
140 256: 394= 355 (қ 386)
307 749: 453=679 (қ 162)
175 462: 547= 320 (қ 422)
678 345: 763=889 (қ 38)

Б тобы: 4 - тапсырма.
а) Бір кітаптың массасы 500г болса, 60кг қағаздан осындай неше кітап жасалынады?
ә) 1кг қағаз қалдықтарынан 20 дәптер жасалса, 5кг қағаз қалдықтарынан осындай неше дәптер жасауға болады?

В тобы: 5 - тапсырма.
1ц қағаз қалдықтарынан 2000 дәптер шығады. 1 дәптер жасау үшін қанша қағаз қажет? 300 кг қағаздан осындай неше дәптер дайындалады? Ал 350 г қағаздан ше?

Г тобы: 6, 7 - тапсырмалар.
2м матадан 1 бала көйлегін тігуге болады. 46м матадан неше бала көйлегін тігуге болады?
Бірдей 6 ыдыста 48кг май бар. Осындай 8 ыдысқа қанша май сыяды?

Д тобы:
Құстарға арнап қорапша жасау үшін ені 20 см, ұзындығы 30см тік төртбұрыш пішінді тақта керек. Ауданы 640см2, ені 20см тақтай сондай қорапша жасауға жарай ма?

Қорытынды:
Оқушылар білімі белсенділігіне қарай ортақ бағалау парағы көрсеткішіне қарап бағаланады.
Үйге тапсырма
4 905
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Оқушыларға санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Көбейту және бөлу 62∙546; 33852: 546
Санды үш таңбалы санға көбейту мен бөлу жолдарын меңгерту. Жазбаша көбейту мен бөлу‚ яғни баған түріндегі көбейту мен бөлу дағдыларын жетілдіру.
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×