Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оң және теріс сандар

29 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Математика
Тақырыбы: Оң және теріс сандар
Сыныбы: 6
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға оң санның және теріс санның не екенін үйрету.
Тәрбиелік: ойлампаздыққа, қағылездікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:
Жоспар Уақыты
Ұйымдастыру 1 мин
Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
Жаңа сабақ түсіндіру 10 мин
Практикалық жұмыс 25 мин
Үй тапсырмасын беру 1 мин
Қорытынды 2 мин
Бағалау 1 мин

Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) сабаққа дайындығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру
1. Қатынас деген не?
2. Пропорция деген не?
3. Масштаб деген не?

Жаңа сабақ түсіндіру
Мысал.
Іле Алатауындағы Талғар шыңы теңіз деңгейінен 4973 м биіктікте жатыр, ал Қара теңіздің ең терең жері теңіз деңгейінен 2210 м төмен. Мұндағы теңіз деңгейінен жоғары биіктік «+» таңбалы санмен жазылады, теңіз деңгейінен төменгі биіктік «-» таңбасымен жазылады.
Мұндағы - 2210 санын теріс сандар дейміз. +4973 санын оң сандар деп атаймыз.
Оң санның алдына кейде«+» таңбасын қою міндет емес.
0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
0 (нөл) саны шамалардың сан мәндерін айқындауда санақ басы ретінде алынады.

Практикалық жұмыс
Оқулықтағы 263, 264, 265 есептер шығарылады.

Үй тапсырмасын беру
Оқулықтың 65 бетіндегі 266, 267 есепті шығарып келу.

Қорытынды
1. Оң сан дегеніміз не?
2. Теріс сан дегеніміз не?

Бағалау
Оқушыларға берілген үй тапсырмасы және практикалық жұмыстарды шығаруы бойынша баға қойылады.
2 750
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу
Оқушыларға рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу дағдысын қалыптастыру, есептер шығаруға үйрету.
Жай бөлшекті қосу
Жай бөлшекті қосу
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бөлшек сандарының бөлімдері бірдей, әртүрлі болып келген бөлшек бөліктерін қосуды білу және теріс сандарды қосу анықтамасын білу, есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана алу.
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Координатаның түзу бойындағы санды кескіндейтін санақ басынан қашықтығын санның модулі деп атайды. Модуль қазақша мөлшер дегенді білдіреді. 1) Теріс санның модулі оған қарама қарсы санға тең./- 2, 5/=2, 5 2) Оң санның модулі сол санның өзіне тең
Рационал сандарды салыстыру
Рационал сандарды салыстыру
Оң және теріс сандарды салыстыруды, 0 санын оң және теріс сандармен салыстыруды және теріс сандарды салыстыруды үйрету
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Қабақбаева Гүлдана Көмекбайқызы
Теріс сандарды қосу
Теріс сандарды қосу
Пән мұғалімі: Жорықбаева Индира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×