Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рационал сандарға амалдар қолдану

12 наурыз 2016, Сенбі
Категориясы: Математика
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы
Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Физика және математика пәндерінің мұғалімі Т. Қ. Аринова

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың рационал сандарды қосу және азайту ұғымдары бойынша алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау және тереңдету, қолдана білу.
Дамытушылық: оқушылардың іскерліктерін, өз бетімен еңбектену дағдыларын қалыптастыру барысында білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, ой - өрісін кеңейтіп, жауапкершілікті сезінуге, адамгершілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схема, кроссворд.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі
II Үй тапсырмасын тексеру
«Біз нені білеміз?» Теориялық білімдерін тексеру кезеңі.
III «Тарихи мағлұмат»
IV «Кім жылдам?»
V «Оңайдан қиынға» (деңгейлік тапсырма)
VI Математикалық диктант
VII Кроссворд
VIII Қорытынды

«Математика - ғылымдар патшасы,
Арифметика - математика патшасы»(К. Ф. Гаусс)
дегендей біз бүгінгі математика сабағымызда «Рационал сандарға амалдар қолдану» тарауы бойынша алған білімімізді ортаға салмақпыз.
Стол үстінде 9 карточка бар. Осы карточкадағы тапсырманы орындап, нөмірі бойынша тақтаға ілсек, белгілі неміс математигі, физигі, астрономының аты - жөнін оқисыздар.

II «Біз нені білеміз?» Теориялық білімдерін тексеру кезеңі.
1) Қандай сандар оң сандар, қандай сандар теріс сандар деп аталады? Қандай сан оң санға да, теріс санға да жатпайды?
Жауабы:«+» таңбасымен жазылған сандар оң сандар деп аталады, «-» таңбасымен жазылған сандар теріс сандар деп аталады. 0(нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
Мыс: - 2210, - 3 теріс сандар
2, 7, 4, 8, 11 оң сандар

2) Координаталық түзу дегеніміз не?
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
Координаталық түзу сызу үшін:
1) түзу сызып оның бойынан О нүктесін белгілеп, осы нүктені санақ басы ретінде қабылдау керек.
2) бірлік кесіндіні таңдап алу керек
3) оң бағытты көрсету керек
3) Қандай сандар қарама - қарсы сандар деп аталады?
Бір - бірімен тек қана таңбаларымен ажырататын сандар қарама - қарсы сандар деп аталады.
Мыс:+3 және - 3, - 0, 6 және 0, 6
1) оң санға қарама қарсы сан оң сан
2) теріс санға қарама қарсы сан оң сан
3) О саны өзіне өзі қарама қарсы сан.
4) Санның модулі дегеніміз не? Санның модулі қалай жазылады?
Координатаның түзу бойындағы санды кескіндейтін санақ басынан қашықтығын санның модулі деп атайды.
Модуль қазақша мөлшер дегенді білдіреді.
1) Теріс санның модулі оған қарама қарсы санға тең./- 2, 5/=2, 5
2) Оң санның модулі сол санның өзіне тең |5|=5
3) Нөл санының модулі нөлге тең /0/=0
4) Қарама - қарсы сандардың модульдері тең /- 3/=3
5) Екі теріс санның қосындысы қалай табылады?
Екі теріс санды қосу үшін
1) қосылғыштардың модульдерін қосу керек.
2) шыққан санның алдына минус таңбасын қою керек.
/- 3/+/- 4/=/- 7/
3) Екі теріс санның қосындысы теріс сан
6) Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда
Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін:
1) үлкен модульден кіші модульді азайту керек.
2) шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек
Мыс: 9+/- 5/=4
7) Қарама қарсы сандардың қосындысы неге тең?
Қарама қарсы 2 санның қосындысы нөлге тең
/- 144/+/144/=0
8) Рационал сандар қалай азайтылады?
Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама қарсы санды қосу керек: а - в=а+/- в/
Мыс: 6 -/- 2/=6+2=8
- 7 -/+3/=- 7 - 3=- 10
9) Координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын қалай табамыз?
Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктенің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек.

III «Тарихи мағлұмат» Карл Гаусс (1777 - 1855) – неміс математигі, астраномы, физигі, геодизисі. Үздік математикалық қабілет оның бойынан бала кезінен - ақ байқалған. Оның алгебра, геометрия және математикалық анализ саласында жасалған көптеген зерттеулері теориялық және қолданбалы математиканың, физиканың, астрономияның, геодезияның дамуына едеуір ықпал жасады.

IV «Кім жылдам?»
0. 8 - 3. 2=- 2. 4
- 2. 55+3=0. 545
- 2. 4 - 0. 5=- 2. 55
0. 45*5=2. 25

V «Оңайдан қиынға» (деңгейлік тапсырма)
А – деңгейі
Амалдарды орында ---------------------- Ықшамда
1) 18+(- 9)=18 - 9=9 ------------------------ 1) 16а+7в - 3а+11в=13а - 18в
2) - 17+(20)=- 17 - 20=- 37 ---------------- 2) 5у+0. 8+3. 2 - 3у=2у+4
3) - 5 -(- 6. 7)=- 5+6. 7=1. 7 ---------------- 3) 2. 8х - 1. 9+8. 2х+2=11х - 0. 1
В – деңгейі
Теңдеуді шеш
х+(- 6)=4 ------------------ у+26. 46=- 2. 17
х=4+6 ---------------------- у=- 2. 17 - 26. 46
х=10 ------------------------ у=- 28. 63
10+(- 6)=4 ---------------- - 28. 63+26. 46=- 2. 17
С – деңгейі
АВСД квадратының АВ қабырғасы бірлік кесіндінің 1см - ге тең координатасының түзу бойында орналасқан: А (- 2. 8) жане В (3. 7). АВСД квадратының периметрі неге тең?
А) 26см В) 24см С) 28см Д) 32см

АВ=3. 7 -(- 2. 8)=3. 7+2. 8=6. 5
Р=6. 5*4=26см А(26)

VI Математикалық диктант
1) 0. 25 - 1+0. 75 - 3=- 0. 75+0. 75 - 3=- 3
2)- 0. 4 - 0. 6+0. 7+0. 3=- 1+1=0
3) 2. 1+2. 8 - 3. 4 - 6. 5=5 - 3. 4 - 6. 6=1. 6 - 6. 6=- 5
4) 0. 38 - 14 - 10+3. 62=- 13. 62 - 10+3. 62= - 23. 62+3. 62= - 20
5) 0. 25*6. 2 - 0. 75*6. 2=1. 55 - 4. 65= - 3. 1
6) 6. 3/9 - 4. 8/6=0. 7 - 0. 8= - 0. 1

VII Кроссворд
К ө Б е й т у
т І к б ұ р ы ш
м и Л л и о н
к е с І н д і
М е т р
1) Арифметикалық амал
2) геометриялық фигура
3) сан
4) екі нүктемен шектелген түзу
5) өлшем бірлік
Кроссвордты шешкенде тігінен білім деген сөз шықты
Білім - қазіргі заман талабына сай әрбір адамға ауадай қажет. Қоғамның үздіксіз дамуы оқумен, ал бұл адамның күнделікті ісімен тығыз байланысты. Сондықтан білімді болу үшін көп оқу, іздену керек.

Қорытынды.
Үйге тапсырма:

Толық нұсқасын жүктеу
8 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Рационал сандарға амалдар қолдану. Теріс сандарды қосу
Рационал сандарға амалдар қолдану. Теріс сандарды қосу
Оқушылардың теріс сандарды қосу тақырыбы бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтап жүйелеу;
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық,
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
"Қырғызсай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні мұғалімі Валиева Мариям
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Қабақбаева Гүлдана Көмекбайқызы
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, №5 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Тлегенова Алуа Ескалиевна
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, оқушылардың білім дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×