Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы

10 сәуір 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: Оқушыларға тіктөртбұрышты параллелепипед және текше туралы түсініктерін қалыптастыру; санның кубын есептеп үйрету.
ә) дамытушылығы: оқушылардың өзін - өзі бағалауын, есептеп шығару арқылы логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Коммуникативтілік құзыреттілігін қалыптастыру.
б) тәрбиелігі: оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, елжандылық, адамгершілік пен адалдық, шапшаңдық пен тазалық қасиеттерін қалыптастыру. Бірінің пікірін бірі тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: экспедиция
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой шақыру, талдау - жинақтау, сұрақ - жауап.

Сабақтың құрылысы:
I. Психологиялық дайындық
II. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы «”Ия” немесе “Жоқ”» ойыны.
III. Мағынаны тану
Сергіту сәті “Жаңбырдың үні” тренингі
IV. Рефлексия
“ Бес қадам “тренингі.
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма.

Кіріспе қызықтырушылық - кезең
1. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Назарын сабаққа аудару
- Құрал - жабдықтарын түгендеу

2. Психологиялық дайындық:
Күлім қағып қолымды,
1, 2, 3 деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме,
Қолымды мен бұлғайын.
Ыстық алақаныммен,
Маңдайыңнан сипайын.
Құшақтасып өзіңмен,
Амандасып алайын.

3. Сабақтың мақсат - міндетін қою:
Біз бүгінгі сабақта геометриялық экспедицияға аттанамыз. Осы экспедицияға қатысу үшін бірнеше сынақтан өту керек. Сынақтан өтпес бұрын, кім айтады геометрия сөзі нені білдіреді?
(Оқушылар жауабы)
Дұрыс айтасыңдар!
Геометрия алғашқы рет Мысырда пайда болған, содан ол жақтан басқа елдерге тараған. Мысырлықтар ұзындықты өлшеудің басты бірлігі ретінде шынтақты пайдаланды. Шынтақ 7 алақанға, алақан 4 саусаққа бөлінді. Осылайша геометрия, геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылымға айналды. Ал, сіздер геометрия пәнімен 7 - сыныпта жақынырақ танысасыңдар.
Өткен тақырыпты пысықтау:
Ой қозғау стратегиясы:
Бірінші сынақтан өту үшін “ия немесе жоқ”ойынын ойнаймыз.
1. Тіктөртбұрыштың ауданы - ұзындығы мен енінің көбейтіндісі.
2. Шар - жазық фигура.
3. Тіктөртбұрыштың периметрі - барлық қабырғаларының қосындысы.
4. 1 дм - де 15 см
5. Санды екі бірдей көбейткіш ретінде алу - санның квадраты.
Екінші сынақтан өту үшін бері қараймыз.

Бағдарлау – мотивациялық кезең
Мына фигураларды қандай екі топқа бөлуге болады.
(Оқушылар жауабы)
Жазық фигураларды кім атайды?
Көлемді фигураларды кім айтады?
Жарайсыңдар балалар!

III. Мағынаны тану:
Сонымен, сендер сынақтан өттіңдер, енді экспедицияға шығуға дайынсыңдар. Әр ғылыми экспедицияның мақсаты бар, ол - ғылыми құбылыстың қандай да бір ерекшелігін зерттеу. Сендер қалай ойлайсыңдар, біздің экспедицияның мақсаты қандай болу керек?
(Оқушылар жауабы геометриялық фигуралар)
Дұрыс, айтасыңдар, балалар! Бүгінгі сабағымызда параллелепипед пен текшені зерттейтін боламыз. Біздің сабағымыздың тақырыбы: «Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы.».
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадысы мен тақырыпты жазамыз.

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
№3 жалпы орта білім беретін қазақ
мектебінің бірінші санатты бастауыш
сынып мұғалімі Мукашева Эльмира Женисовна
Тіктөртбұрышты параллелепипед және текше. Санның кубы жүктеу
2 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы
Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады. Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемін есептей білуге дағдыландыру, әртүрлі есептер шығару арқылы оқушы білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Санның дәрежесін табуға дағдыландыру.
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбына есептер шығару
Параллелепипед, тік және көлбеу призмалар, пирамида, қырларының өзара орналасуы, биіктігі тақырыбын білу, жүйелеу. Логикалық ойлау қабілеті мен дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін, математикаға деген қызығушылықтарын дамыту.
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Текше. Санның кубы
Текше. Санның кубы
Оқушыларға санның квадраты және кубын табуды үйрету, кестелік көбейту мен бөлу жайлы білімдерін тиянақтау. Ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Санның квадраты, кубы
Санның квадраты, кубы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×