Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Математика
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 5. 2. 9 жазық фигуралардың және кеңістіктегі геометриялық фигуралардың жазбаларын салу (текше және тік бұрышты параллелепипед)
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар: Тік бұрышты параллелепипедтің және текшенің анықтамасын біледі, қасиеттерін ажырата алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазықтықтағы сызбасына есептер құрастыра алады.
Кейбір оқушылар: Тік бұрышты параллелепипед пен текшенің жазбасын салып, өмірдегі қолданысына есептер шығара алады.

Сабақтың басы 7 мин
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Топқа бөлу:
«Ине жіп» әдісі арқылы, түрлі түсті қағаздарға жазылған сөздерді пайдаланып топқа бөлу: (параллелепипед, текше, квадрат)
I топ Параллелепипед
II топ Текше
III топ Квадрат
Геометриялық фигураларды қатыстырып топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады.
3. Үй тапсырмасын тексеру (өзін - өзі тексереу).

Сабақтың ортасы 28 мин
Жаңа сабақты ашу. Миға шабуыл. Проблемалық сұрақ
1. Тік бұрышты параллелепипедтің неше қыры бар.
2. Тік бұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар.
3. Тік бұрышты параллелепипедтің неше жағы бар.
4. Текше дегеніміз не?

Топтық жұмыс. «Ойлан - жұптас - бөліс»
I топ. Сіріңке қорапшасы.
II топ. Кубик - рубик.
III топ. Бор
Берілген заттың өлшемдері бойынша сызбасын сызып, жазбасын салу.
Дескриптор:
- тік бұрышты параллелепипед, текшенің ұзындықтарын, енін, биіктігін таба біледі.
- тік бұрышты параллелепипед, текшенің өлшемдерін анықтай алады.
- фигуралардың өлшемдерін қолданып, сызбасын сыза біледі.
Оқулықпен жұмыс. «Қалауыңды таңда» (№922)
Ақ парақтың үстінде, тапсырмалар жазылған 3 түрлі пішінде фигуралар беріледі. Топбасшылар өздері таңдап алады.

№26 Жамбыл атындағы мектеп гимназиясы
Мұғалімнің аты - жөні: Ыбанова Г. Е
Тік бұрышты параллелепипед (текше) және оның жазбасы жүктеу
24 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің және оның көлемі
Көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемін есептей білуге дағдыландыру, әртүрлі есептер шығару арқылы оқушы білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Санның дәрежесін табуға дағдыландыру.
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы
Тік бұрышты параллелепипедтің көлемінің формуласы
Тік бұрышты параллелепипед туралы кеңінен түсінік беру. Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі куб см3 таныстыру.
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед және оның көлемі
Дененің көлемі және көлемнің өлшем бірліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; көлемнің жаңа өлшем бірліктерімен таныстыру және олардың арасындағы қатынасты қою.
Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару
Параллелепипед және тікбұрышты параллелепипед тақырыптарын қайталау, есеп шығару
Параллелепипедтің, тік бұрышты параллелепипедтің анықтамаларын және қасиеттерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету, өткен сабақтағы білімдерін толықтыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×