Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып математика (сайыс сабақ)

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
«Ғажайып математика» сайысы

(7-8сыныптар аралығында математика апталығының қорытындысы)
Сайыстың мақсаты: 1. Оқушылардың математика сабағында алған білімдерін жинақтап
Бір жүйеге келтіру
2. Есеп шығаруға қажетті ережені тиімді пайдалану арқылы математикалық тілде сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға үйрену.
3. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Жүргізуші; Көңілді тапқырлар білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді көп оқыған болса егер
Бүгінгі кеш жеңімпазы болады
Есептен сайысады төрт тобымыз
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Сұрайық шығуларын жұрт алдына
Ортаға «Арифметика», «Фигура», «Тапқырлар»,«Алғырлар» тобын шақырамыз.
Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру.
2, «Кім қырағы» сайысы
3, «Тіл өнер»
4, Жорға
5, «Тапқырлар» сайысы
6, Жанкүйерлер сайысы.
7, Қорытынды.

1-бөлім. Таныстыру
Армысыздар ұстаздарым құрдас құрбым
Математика сайысына келіп тұрмын
Басталды «математика» атты сайысымыз
Айтайын біздер жайлы танысыңыз
8 А-ның тапқырлары Динара мен Анармыз
Тобымыздың нақты атын «Арифметика»деп алғанбыз
Математика ғажайыбын ақтарып бір қарайық
Апталықта жеңіл шықсақ алға әлі самғайық.
2, Армысыздар көрермендер қазылар
Өткізген осы апталықта ойым бар
Бүгінгі өткізілген бұл байқаудан
Өз бағымды сынап көрмек ойым бар
8 Б сыныбынан келдік біз
Бауыржан мен Айдана білімдіміз
Ұстаздардың білімінің арқасында
«Пифагор» тобымыз біз бұл сайыста
3-топ Тапқырлар тобы
4-топ Алғырлар тобы

2-БӨЛІМ.»Кім қырағы»сайысы.
Шарты; Интерактивті тақтадан математикалық терминдер көрсетіліп, қайта жасырылады.
Әр топ сол терминді атап, анықтама береді.
3-Бөлім «Тіл-өнер»
Шарты; Оқушы мақал мәтелдердің айтылмай қалған бөлігін тауып, орыс, ағылшын тіліндегі аудармасын айтады.
1....- жылда ел жаңа ( Елу-пятьдесят -... )
2 Ағайын – алтау, Ана -.....
3 Батыр бір өледі, Қорқақ.... өледі
4 Қызға..... үйден тыйым
5 Айдағаным.... ешкі, Ысқырығы жер жарар
Екі елі ауызға,... елі қақпақ
Ат баспаймын деген жерін,..... басады
Бір тал кессең,.... тал ек.

4-БӨЛІМ «Жорға»
Жүргізуші; Ақынжанды болмаған
Математикте бола алмас
Жақсы шумақ туылмай
Көңілге әсте қона алмас-дей келе Жорға бөлімінде оқушылардың
Математика пәні бойынша білім деңгейі анықталады.
7-сынып.
1. Тік бұрыш неше градус?
2. Шаршының неше қабырғасы бар?
3. Бір бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын түзу
4. 0-ден үлкен сандар
5. а2+в2 =?
6. Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем.
7. Геометрия қай елдің сөзі?
8. Периметр деп.....
9. Алгебра қай елдің сөзі?
10. Сыбайлас бұрыштардың анықтамасы.
8-сынып.
1. Пифагордың теоремасын айт.
2. Тік бұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы деп....
3. Жазыңқы бұрыш неше градус
4. Қиылыспайтын түзулер
5. Катет қай үшбұрышта болады
6. Д=?
7. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусы деп
8. Үшбұрыштың ауданы.
9. Трапецияның ауданы.
10. Үшбұрыштың орта сызығы.

5-БӨЛІМ.»Тапқырлар» сайысы.
1. Түнгі сағат 12 де жаңбыр жауып тұр, 48 сағаттан кейін күннің көзін көруге бола ма?
2. 86 санын қағаз бетіне жазбастан 12-ге арттыр.
3. Алманың жартысы неге ұқсайды?
4. Жылдың неше айында 28 күн бар?
5. Бір таяқтың неше ұшы бар?
6. 188 ді екіге бөлсек 100 шығады қалай?
7. Үш түйе құс ұшып барады, аңшы олардың біреуін атып алды. Нешеуі қалды?
8. Столдың бір бұрышын кессең неше бұрышы қалады?

6-БӨЛІМ.»Жанкүйерлер» сайысы.
Ортаға әр топтың 2жанкүйері шығады да математикалық терминдер жазады.
Шарты; терминнің соңғы әрпі келесі сөздің бас әрпі балуы керек.

7-БӨЛІМ ҚОРЫТЫНДЫ.
Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдалды
Кеш қызығын талай адам тыңдады
Тәрбиелі тәлімі мол әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады
Ал қазір әділқазылар сөз алады
Сайысымыздың жеңімпазын анықтап
Мақтау қағаз сыйлықтарын тапсырады - дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріліп қорытындыланады.
34 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту. Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Жай сандарды және аралас сандарды қосу, азайту
Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру. Оқушылардың ой - өрісін кеңітіп, шығармашылық қабілетін дамыту.
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа,
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "С.Сейфуллин атындағы гимназия" КММ математика пәні мұғалімі Оразбекова Асель Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×