Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атақты математиктер өмірінен қызықты сауалдар

27 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Математика
«Атақты математиктер өмірінен қызықты сауалдар» жайында сыныптан тыс жұмыс.

Сыныптан тыс жұмыстардың танымдық маңызы зор екені белгілі. Дұрыс ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар біріншіден оқушылардың сабақ үлгерімін көрсетсе, екіншіден олардың шығармашылық қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейтеді. Мектепте жүргізілетін үйірме жұмыстарында, сабақтың әр кезеңдерінде атақты математиктердің өмірімен таныстырып, қызықты әңгімелер айтып беру арқылы пәнге қызығушылықтары артады. Сондай - ақ қазіргі заман талабына сай күнделікті теледидардан көрсетіліп жүрген танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып 9 - 10 сыныптар арасында жүргізілген «Атақты математиктер»жайында ойынының үлгі жоспарын ұсынып отырмыз.
Ойын ережесі: Ойналу тәртібі көгілдір экраннан көріп жүрген «Таңғажайып алаң» негізінде.
Көрнекілік: Компьютерді пайдаланып тапсырмалар экраннан көрсетіледі.
Ұяшықтарға бөлінген слайдтар дайындалады және әр ұяшықта ұпайлар саны жазылған, ойыншы ұяшықты таңдап сұраққа жауап береді.
Ойынға қатысушыларды залда отырған көрермендерге сұрақтар қою арқылы таңдалып алынады
1 - сұрақ
Бұл атаудың барлық тілдерде аудармасы бар. «Сынған сан»мағынасында.
Бұл қай атау?( Бөлшек)
2 - сұрақ. Ле
«Абцисса», «Ордината», «Координата» терминдерін кім енгізген?( Лейбниц)
3 - сұрақ.
Ең алғашқы геометрия оқулығының авторы кім? Оның фамилиясымен грек медигінің фамилиясымен аттас.( Гиппократ)
4 - сұрақ,
Үш қабырғасы бойынша ұшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы ұсынған ежелгі грек оқымыстысы. (Герон)
5 - сұрақ.
«Геометрияны білмейтіндер академияға кірмей - ақ қойсын» деген кімнің сөзі? (Платон)
6 - сұрақ.
Математикаға «Алгебра» атауын кім енгізді? (Омар Хаям).
7 - сұрақ.
Қазақтың ежелгі ғалымы 87 - 950 жылдар аралығында өмір сүрген.( Әбу - Насыр Әл Фараби)
8 - сұрақ.
7 - 11 сынып «Алгебра» оқулықтарының авторы.(Абылқасымова).
9 - сұрақ.
Дискриминант» қандай сөзден шыққан?( латынның «ажырату, анықтау»)
І - кезең. Алғашқы үш ойыншы ортаға шығады.
Бұл адамның еңбегі мектептегі математика пәнінің бір бөлігі. Ол ғылымды сүйіп және ешқашан әділетсіздікті жібермеген. Бір күні патша одан оның еңбегінің оңай жолмен оқып үйренуін сұрапты. Оған ол былай деп жауап берген екен «Математикада патша жолы жоқ». Бұл математиктің кітаптары батыс елінде Библиядан кейін көп жарияланып оқытылған. Бұл қай математик? (Евклид)
ІІ - кезең. Келесі үш ойыншы шығады
Бұл ғалым оқыған кітаптарының жолдарында белгі қалдырып отырған. Бір күні ол оқыған кітабының жолында былай депті: «Теореманың ғажайып дәлелін таптым. Бірақ жолдың аздығынан оны келтіре алмадым». Кейіннен ғалымның жазған қағаздарының арасынан бұл теореманың дәлелдеуі табылмаған. Аталған теорема тек 1994 жылы ғана дәлелденген.
Математиктің аты жөні кім?( Ферма)
ІІІ - кезең Соңғы үш ойыншы шығады.
ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалымның математикалық білімі бала кезінен оянған. Ол үш жасында өз әкесінің санағының қатесін тапқан. Жеті жасында мектепке барған және мұғалімнің берген есебін бірнеше секунд ішінде шешкен. Бұл математикті математиканың «королі» деп атаған.
Қай математик жайында? (Карл Гаусс)
Соңғы кезең. Үш кезеңнің жеңімпазы шығады
Бұл ертедегі математик рим солдатының қылышынан қаза боларда былай депті: «Кет, менің сызбаларыма тиіспе». Ол гидростатиканың, үлкен крандардың, күшті катапультардың негізін салушы. Оның атымен физика ғылымының терминдері спираль, винт, заңдары бар. (Архимед)
Жинаған ұпайлары бойынша сыйлықтар ұсынылып, таңдалады.
90 - 100 ұпай Қалың дәптер.
110 - 130 ұпай Кітап
140 - 150 ұпай Дискета
Үлкен ойын.
Бірде француздардың қолдарына испан әскери қолбасшысының белгісіз жазумен жазылған бұйрығы түскен. Бұл шифрді шешу үшін шақырылған математик оның оқитын жолын тапқан. Сол кезден бастап француздар испандықтардың жоспарын алдын ала біліп отырған. Осы математикті шайтанның көмегімен оқиды деп, оны тірідей өртенсін деп үкім шығарған. Бірақ бұл үкімнен математик қашып құтылған.
Өз қаласында ол алдыңғы қатарлы адвокат, кейінен корольдің оң қолы болған. оның өміріндегі ең басты нәрсе математика болған. Ол бірнеше күндер ұйықтамай математика лық есептер шығарған екен.
Тірідей өртке жазаланған бұл қай математик? (Виет)
11 518
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Арифметика ғаламшары \сыныптан тыс жұмыс\
Бастауыш сынып оқушыларын математика - жаратылыстану бағытындағы сыныптан тыс жұмыстар арқылы пәндерге қызығушылықтарын арттыру.
Ұлы саяхатшылар
Ұлы саяхатшылар
Материктер мен мұхиттар географиясы – мектеп географиясының ең қызықты, оқушылардың танымдық қабілетін арттыруға мүмкіншілігі жоғары буыны.
«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны
«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылы, Жанкелдин орта мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Молбаева Айгерім Қошанқызы
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда ескеретін жайттар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп Математика пәнінің мұғалімі: Шалқарбаева Алтынгүл
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Ағылшын тілі пәнінен факультатив сабағының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
ШҚО, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, М. Ломоносов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абраимова Еркежан Мураткановна
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
З. Шүкіров шығармаларының оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қамбарова Сағира Лаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×