Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Математика
Математика – информатика апталығының 8 – сынып топтарының арасындағы сайыс

Тақырыбы: «Жас математиктер» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, математикалық ойлау қабілетін шығармашылық белсенділігін дамыту, логикалық және қызықты математикалық есептермен ойындармен таныстыру,
2. Оқушылардың еріктілігін пәнге, деген қызығушылығын, сауаттылығын арттыру, есептеу дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін тереңдету.
3. Адамгершілікке сұлулыққа еңбек сүюге, бір - бірін сыйлауға, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар

Барысы:
1. Ұйымдастыру: Жас математиктер сайысы ойыны 5 кезеңнен тұрады.
Қатысушылар топқа бөлініп, әр топ өзіне ат беріп, топ басшысын сайлайды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Барысы:
І – КЕЗЕҢ. “ БӘЙГЕ”
ІІ – КЕЗЕҢ. “ОЙЛАН ТАП”
ІІІ – КЕЗЕҢ.“ӘН ШЫРҚАЙЫҚ ҚОСЫЛЫП ”
ІV – КЕЗЕҢ. “ ОЙ ТОЛҒАУ”

І – КЕЗЕҢ
«Бәйге»
Берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп жауап беріледі. Сұрақтың дұрыс, дұрыс емес екенін экран арқылы тексереміз.

ІІ – КЕЗЕҢ
«Ойлан тап»
Экранда көрсетілген алты ұяшықты таңдау арқылы, әр ұяшықтағы тірек сөздер арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Жауабын экран арқылы тексереміз.

1. Тірек сөздер: Италия, оқымысты, мектеп
2. Тірек сөздер: еңбегі, математика пәнінің бір бөлігі
3. Тірек сөздер: мақал - мәтел
Досыңды... күн сынама... жыл сына.

4. Тірек сөздер: Сандық, жәшік, қорап
Сандықтың ішінде 5 жәшік бар, әрбір жәшікте 3 қорап, ал әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік, және қораптар құлыппен жабылған. 50 алтын тиын алу үшін неше құлыпты ашу керек?

5. Тірек сөздер: вертолет, математика, физика
Ең алғаш вертолет жобасын жасаған, математика, физика, астрономия, геология, адам және жануар физиологиясымен, химиямен айналысқан, бірақ дүние жүзіне аты басқа жетістігімен танымал болған адамның атын атаңыз.

6. сан, Э. Каснер, атау
Бұл санға ең алғаш атауды математик Э. Каснер берген. Ол өзінің 9 жасар жиенінен осы санды қалай атауын сұрағанда, жиені осы санға атау берген. Бұл санның ақылға қонымсыз үлкен болғаны соншалық ол іс жүзінде қолданылмайды. Осы санды жазу үшін бүкіл ғаламдағы жер аздық етер еді.

ІІІ – КЕЗЕҢ
«Ән шырқайық қосылып» нота бойынша берілген сұрақтарға жауап береміз.
1. Тік бұрыштан кіші бұрыш (сүйір)
2. 44444444= 500 (444 + 44 + 4 + 4 +4= 500)
3. Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі
жолаушының біреуі жолдың жартысын өткенде жолдың жартысы қалғанша ұйықтады. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтады? (Төрттен бірін)

ІV – КЕЗЕҢ
«Ой толғау»
Берілген төрт ұяшықтағы логикалық сұрақтарға жауап береміз.
Қорытынды: Қатысқан оқушыларды марапаттау
5 018
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Құрмалас сөйлем қайталау
Құрмалас сөйлем қайталау
Қостанай қаласы, №9 отра мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Зейноллаева Гульден Талгатовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Информатика пән мұғалімі: Домаева Гаухар
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Егемен елге –  білімді ұрпақ (интелектуалды шоу)
Егемен елге – білімді ұрпақ (интелектуалды шоу)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы ауылы №100 орта мектебінің кітапханашысы Тәжиева Алтынай Шәймерденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×