Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару

07 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Математика
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару (презентациясымен)
8 сынып
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушылардың үшбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін - өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ – жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, тарих, күнделікті өмірмен байланыстыру

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
2. «Озық тапсырма» жеке оқушы шығармашылығы
3. Тендер жариялау
4. «Алғашқы қадам» (Үй тапсырмасын тексеру)
5. «Лездік тапсырма» (Сұрақ - жауап)
6. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа тапсырмалар беру)
7. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс)
8. «Сергіту сәті» (Топтарға дайындап келген тапсырмалары тест, сөзжұмбақ, жұмбақ, мақал беру)
9. «Шешуші сәт» (Тест тапсырмалары, семантикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру)
10. Үйге тапсырма
11. Қорытындылау, мадақтау, бағалау
«Озық тапсырма» жеке оқушымен жұмыс. Тәжікова Айдана үйден өзі өткен тіктөртбұрыштың ауданын табу тақырыбына құрастырып әкелген жұмысын көрсетіп, қорғайды.

Хабарландыру! Білімді жастарға тендер жариялап отыр.
Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Республикалық «Құрылыс жол» министрлігі Сағыз – Миялы тас жолын салуға тендер жариялайды!!!
Осы тендерге үш топ қатысуға ұсыныс білдірді. Олар: «Тікбұрышты үшбұрыш», «Теңқабырғалы үшбұрыш», «Теңбүйірлі үшбұрыш» топтары

І бөлім «Алғашқы қадам» Үй тапсырмасы: №236 есеп (Үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру, тапсырманы топтың басшысы тексереді)

ІІ бөлім. «Лездік тапсырма» (Сұрақ – жауап, Әр сұрақ 10 ұпай)
1. Үшбұрыштың қандай түрлерін білесіздер?
2. Үшбұрыштың периметрі дегеніміз не?
3. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?
4. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін атаңыз?
5. Үшбұрыштың ауданы дегеніміз не?

ІІІ бөлім. «Біліктілік» сайысы (Әр топқа жеке – жеке тапсырмалар беру 50 ұпай
«Тікбұрышты үшбұрыш» тобына кесте толтыру
Тікбұрышты үшбұрыштың с – гипотенузасы, h – тік бұрышының төбесіне түсірілген биіктігі. S - ауданы

Р/с -------- h --------------- с ------------- S
1 --------- 10м ------------ 5м -------------?
2 --------- 0, 24см --------?--------------- 1, 44см²
3 --------- 1, 2дм -------- 6, 3дм --------?
4 ---------?---------------- 169мм --------- 253, 5мм²
5 --------- 7, 8м ----------?--------------- 23, 4м²

«Теңбүйірлі үшбұрыш» тобына «Топтастыру стратегиясы»
Үшбұрыштың түрлері

Теңбүйірлі үшбұрыш
Тікбұрышты үшбұрыш
Теңқабырғалы үшбұрыш
Доғал бұрышты
Сүйір бұрышты үшбұрыш үшбұрыш

Әр түрлы қабырғалы үшбұрыш
«Теңқабырғалы үшбұрыш» тобына Веен диаграммасы

ІV бөлім. «Алғырлық кілті» (оқулықпен жұмыс, әр топ ұпайды өздері таңдайды )
№ 234 есеп (30 ұпай)
1) Бер: АВС үшбұрыш
S = 36 м²; а=12 м
Т/к: h -?

2) Бер: АВС үшбұрыш
S=36 m2; h=4 м
Т/к: a -?

№ 241 есеп (40 ұпай)
1) Бер: АВС – тікбұрышты үшбұрыш
a=1, 6 м, b=4, 5м

2) Бер: АВС – тікбұрышты үшбұрыш
a=5 см, b=7, 6 см
Т/к: S=?

№245 есеп (50 ұпай)
Т/к: S=?

1) Бер: үшбұрыш
a=29, b=25, c=6
Т/к: S -?

2) Бер: үшбұрыш
a=29, b=25, c=6
Т/к: S -?

V бөлім. «Сергіту сәті» (Әр топқа сөзжұмбақ, жұмбақ, мақал беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
«Тікбұрышты үшбұрыш» тобына сөзжұмбағын шешкізу
1. Ондық бөлшектің арасына қойылатын таңба? (үтір)
2. Мұхиттың ең терең жері қалай аталады? (шұңғыма)
3. Алтын орданың негізін қалаған хан? (Батый)
4. Сарыарқаның екінші атауы? (ұсақ шоқы)
5. Реакцияға түсетін зат қалай аталады? (реагент)
6. Ырыс алды -... (ынтымақ)
7. Монгол империясының негізін қалаған кім? (Шыңғыс хан)

«Теңбүйірлі үшбұрыш» тобына жұмбақтар шешу
1. Бірдей санды бірнеше рет,
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң,
Қандай атау болады. (Дәреже)
2. Егіз туған қос жүйрік
Жарыса шауып терлейді,
Бірін – бірі көрмейді
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді. (Параллель түзу)
3. Бүтін сан, бөлшек сандар
Барлығы да бар онда
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі сонда. (Рационал сандар)

«Теңқабырғалы үшбұрыш» тобына мақал – мәтел жалғасын табу
1. Білікті бірді жығады
......................... (Білімді мыңды жығады)
2. Айдағаным бес ешкі
......................... (Ысқырығы жер жарады)
3. Бір тал ексең
....................... (Он тал ек)

Психологиялық тренинг «Сіз кімсіз?» Қатысушыларға жай адамның бойында кездеспейтін керемет қабілеттердің бірін таңдау ұсынылады. Содан кейін қорытындысы оқылады
1. Биікке ұша білу қабілеті.
2. Көрінбей қалу қабілеті.
3. Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті.
4. Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті

Биікке ұша білу қабілеті.
Сізге болған жағдайды сол қалпында қабылдау оңай, іс - әрекетте тәуелсіздікті ұнатасыз, өз бетіңізбен шешім қабылдағанды жақсы көресіз, оның ішінде қауіпті шешімді де. Сізден жақсы ұшқыш немесе саясаткер шығады. Әлемді өзгертетін жаһандық жоба туралы ойланыңыз
Көрінбей қалу қабілеті.
Көлеңкеде қалып, айналада не болып жатқанын білуге құмарсыз.
Проблеманың түбірін тауып, мән - жайдың себебін анықтауды жөн көресіз. Басқалар тіпті ойламаған істің шешімін табуға қабілетісіз.
Басқа адамдардың, аңдардың, заттардың бейнесіне айнала алу қабілеті. Сіз кез келген ортаға, жағдайға оңай сіңісіп кете аласыз. Басқа адамның көңіл - күйін, қайғысын ұғу, өзіңізді соның орнына қою оңай. Жазушы, актерлік мамандықтары сізге сай келуі мүмкін
Басқа адамдардың ойын оқи алу қабілеті.
Сіз сөздің артында нақты не тұрғанын сезе білесіз. Адамды жарты сөзден түсіну, басқа адамның мінез - құлқын есепке алып, оның әрекетін алдын - ала көре білесіз. Басқа адамдардың не сезіп, не ойлайтыны бұл адамға маңызды. Мамандықтары – заңгер, психолог, мұғалім, социолог.

VІ бөлім. «Шешуші сәт» (Тест, семантикалық карта мен сәйкестендіру тестін беру, Дұрыс жауап 10 ұпай)
1. Тест тапсырмалары (activоte құралымен орындау)
1. Үшбұрыштың бір қабырғасы 24см, оған түсірілген биіктік 11 см. Үшбұрыштың ауданын табыңдар?
А) 13, 2 см²
В) 528 см²
С) 132 см² +
Д) 528 см²
2. Үшбұрыштың ауданы 64 м2, қабырғасы 16 м болса, үшбұрышқа түсірілген биіктікті табыңдар?
А) 0, 8 м
В) 0, 08 м
С) 8 м +
Д) 8 см
3. Үшбұрыштың ауданы 1, 21 дм², биіктігі 2, 2 дм болса, қабырғасын табыңдар?
А) 1, 1 дм +
В) 1, 1 см
С) 11 дм
Д) 0, 11 дм
4. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері: а=6 м, в=8м болса, үшбұрыштың ауданын табыңдар?
А) 2, 4 м²
В) 24 м² +
С) 24м
Д) 2, 4 м
5. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 8м, тікбұрышына түсірілген биіктігі 4м болса, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табыңдар?
А) 1, 6 м²
В) 16 м² +
С) 16м
Д) 0, 16 м²

2. Сематикалық карта
3. Сәйкестендіру тесті
Берілген үшбұрыштың ауданын квадрат метрмен (м2) өрнектелуін көрсет:
155 дм ² ------------ 0, 0155м²
155 см² ------------- 0, 155 м²
155000 мм² ------- 1, 55 м²
Топтардың ұпай сандарын есептеп жеңіске жеткен командаға сертификат беру.

Үйге тапсырма: 1. №245 есеп (3, 4)
Қосымша: Талапкер тест кітабындағы 9 – нұсқаның 18 есебі
Есеп: Үшбұрыштың қабырғалары 10см және 12см, ал олардың арасындағы бұрышы 45°. Ауданын табыңыз.

Сабақты Н. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа.
Мадақтау, бағалау

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы
Кенбай орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Изгараева Гулзира Танатбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 742
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынш аалған білімдерін тереңдете түсу;
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынша алған білімдерін тереңдете түсу;
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданы
Үшбұрыштың ауданын табуды үйрету.
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограмм және тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері
Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Гоголь орта мектебінің математика пәні мұғалімі: Хайруллина Гульмира Батырбековна
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Атырау қаласы, №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Унайжанова Аршан Закарияқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×