Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үшбұрыш. Үшбұрыштың түрлері

18 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: Математика
Геометрия 7 сынып

Сабақтың алғы сөзі:
«Үшбұрыш жай фигураларға бөлінбейтін бірінші фигура, сондықтан шекарасы мен формасы бар кез келген заттың іргетасы үшбұрыш болады»
Джордано Бруно
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыш. Үшбұрыштардың түрлері.
1. Сабақ мақсаты:
а) Білімділік. Оқушыларға үшбұрыш туралы анықтама беріп, үшбұрыштың түрлерімен таныстыру.
ә) Тәрбиелік. Оқушыларды өзін – өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
б) Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
2. Түрі: жаңа білім беру.
3. Әдісі: топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ - жауап.
4. Көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаздар.
5. Пәнаралық байланыс: алгебра, сызу

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
“Алғашқы қадам” (үй тапсырмасын тексеру)
“Лездік тапсырма” (сұрақ – жауап)
«Жаңалық»
“Сергіту сәті”
“Алғырлық кілті” (кітаппен жұмыс)
“Біліктілік” сайысы ( топпен жұмыс)
“Шешуші сәт” (семантикалық карта)
“Үйге тапсырма”
“Қорытындылау”

І бөлім: «Алғашқы қадам» (Үй тапсырмасын орындап келген оқушыларды бағалау)
Қайталау сұрақтары: 1) аксиома дегеніміз не?
2) теорема деген не? 3) сыбайлас деп қандай бұрыштар аталады? 4) вертикаль дегеніміз қандай бұрыштар? № 69 есеп

ІІ бөлім: «Лездік тапсырма» (Сұрақ - жауап)
Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңдар?( нүкте, түзу, жазықтық)
Анықтама деген не?( жаңа ұғымдардың мағынасын бұрыннан белгілі ұғымдар арқылы түсіндіретін сөйлемді анықтама деп атайды.)

ІІІ бөлім: «Жаңалық» ( тақтаға оқушыны шығарып тапсырма орындату)
Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеңдер, оларды тізбектеп үш кесіндімен қосыңдар?
Қандай фигура пайда болды?( үшбұрыш)
Осы фигураға кім анықтама береді?( бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 144
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданы тақырыбына есептер шығару (ашық сабақ)
Үшбұрыштың ауданын есептейтін формулалаларды пайдалану, ол формулаларды есептер шығаруда қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру, тақырып бойынш аалған білімдерін тереңдете түсу;
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару
Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасына есептер шығару
Үшбұрыштың биіктігі, биссектриссасы және медианасының қасиеттерін пайдаланып есептер шығаруға, пәнге қызығушылығын арттыру.
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограммен тіктөртбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Параллелограмм және тіктөртбұрыштың ауданы тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Атырау қаласы, №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектеп математика пәні мұғалімі Унайжанова Аршан Закарияқызы
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Үшбұрыштың ауданын табуға есептер шығару
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру, геометрияға деген қызығушылығын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×