Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнер - ұлттық дәстүріміз

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Музыка
Өнер - ұлттық дәстүріміз.
Музыка, әуен, саз - өнер әлемінің негізі. Халқымыздың музыка әлемінде кеңінен таралған жанрларының бірі - ән.

Ән дәстүрі өзінің болмысымен, бай мазмұнымен қазақ халқының ұлттық дәстүрін сипаттайды.

Ән сазды әуезділігімен, көңілге ұялар әсерлілігімен қымбат. Біздің халық - музыканы сүйетін, құрметтейтін, қадірлейтін, ән, өнер дегенде ішкен асын жерге қоятын халық.
Яғни,
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз айтпақшы, ән өнері – ұлттық дәстүріміздің жалғасы екенін көреміз.

Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келген әншілік өнер қазіргі заманда кеңінен дамуда. Сонда да болса сан ғасырлық тарихы бар әндеріміздің орны ерекше. Оған дәлел, тума таланттарымыз Біржан сал, Ақан сері, Естай, Кенен, Жаяу Мұса, Мұхит, Майра, Ғарифолла, Жүсіпбек, бері келе Шәмші, Нұрғиса, Ермек Серкебаев т. б. әндері. Мысалы, Ақан сері әндерінде өмір шындығы үлкен суреткерлікпен жырланған. Өзінің өмір серігі болған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Құлагер», «Қараторғай» әндерінде басындағы қайғылы оқиғасын айта отырып, өз заманындағы әділетсіз қоғамның бейнесін ашқан.

«Теміртас», «Жанбота», «Адасқақ», «Көкек» атты Біржан сал әндерінде де өмір шындығы еш боямасыз жырланған. Жалпы ән дәстүрінде Абай әндерін атап өтпесек тағы болмас. Абай әндері өзіндік ерекшелігімен, саздылығымен дараланады. «Сегізаяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» тәрізді әндері ән жанрының үздік үлгілері. Біз Біржан мен Абайды бекерге қатар айтып отырғанымыз жоқ. Бұлар бір заманда қатар өмір сүрген ұлы дарын иелері. Абай ауылының өнерпаз жастары тәлім - тәрбие алсын деп Біржанды бір ай қонақ етіп өнеріне риза болып:
- Шіркін, Біржан аға, енді қазақтың әйелдері сіздей өнерпазды дүниеге әкелер ме екен,- дегенде, Біржан:
- Қазақтың әйелдері мендей өнерпаздарды әлі жүздеп – мыңдап әкелер, бірақ сендей тыңдарман туар ма!?- деген екен. Міне, азаматты қадірлеу, өнерді бағалау осы емес пе?

Халқымыз осындай өшпес мұраны ілгері дамытып, жаңалық қосып, түрлендіріп отырған.
Мінеки, өмірде өзіндік орны бар ән дәстүрі алдағы уақытта да өз қадір - қасиетін жоғалтпай болашақ жасөспірімдерге үлгі бола берсе.

Өсіп келе жатқан жас буын осы әндеріміздің мән - мағынасын, құрылымын түсініп, қазіргі еш мазмұны жоқ әндерден бойларын аулақ ұстаса, дәстүрлі ән өнерінде халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, тарихы, өмірі, тұрмыс - тіршілігі бейнеленетінін түсінер деп ойлаймыз.
2 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Тілім менің тұтастығым тәрбие сағаты
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Дәстүрлі әншілік өнер. Ақан Сері, Біржан Сал, Сегіз Сері
Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №4 орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі: Сейітова Зергүл Қалиқызы
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, №42 бастауыш мектептің музыка пәнінің мұғалімі Ахметова Гауһар Жылқыбайқызы
Жаяу Мұса – әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі
Жаяу Мұса – әнші-ақындар тобының көрнекті өкілі
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қайнар ауылындағы В.Маяковский атындағы №32 орта мектеп Жобаның авторы:10 «А» сынып оқушысы Ашықбаева Гүлсина Талғатқызы Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бейсенова Алиша Асылбекқызы
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Мухамедиева Дәмелі Орынбасарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×