Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка

13 қаңтар 2015, Сейсенбі
Категориясы: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақан сері «Құлагер» - тыңдау.
Е. Брусиловский «Жалбыр» операсынан үзінді.
А. В. Затаевич «Айнамкөз» - тыңдау.
К. Дүйсекеев «Анна тілін сүйеміз» - үйрену.

Сабақтың мақсаты:
1 Музыкалық білімін жетілдіру. Сал – серілік дәстүрді насихаттау, ерекшелігімен таныстыру. Серілер шығармашылығымен, өмірімен танысу.
2 Баланың музыкалық талғамын ашу. Ән – жырға деген сүйіспеншілігін арттыру.
3 Адамгершілікке, Отанды сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Оқулықпен жұмыс.
«Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка» мәтіні оқылады.
Әннің қасиетін қазақ халқы бағалай білген. Ойларын «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер», «Өнерлінің өзегіталмас», «Өнерлінің өрісі ұзақ» деген сияқты данышпандық сөздермен айтып кеткен.
Ақын – жыршылар, әнші – күйшілер қазақ тарихының әр кезеңінде өмір сүрген. Олар халқының шын жанашыры, нағыз жоқтаушысы болған.
Тілге шешен, сөзге тапқырлығымен, әншілігімен атағы жайылған Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Үкілі Ыбырай, Шашубай, т. б. тарихта өнерімен аты қалған адамдар.

Музыка тыңдау: Ақан серінің «Құлагер» әні.

Құлагер, кішкентайдан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Асына арғын, қыпшақ қоықанымда,
Алдында алпыс аттың келіп едің.

Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Қлгенін Құлагердің көргенімде,
Жұлдым да сақалымды ойбайладым.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай – қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім.

Е. Брусиловский «Жалбыр» операсынан үзінді.
Халық әні «Айнамкөз».
А. В. Затаевич «Айнамкөз» (фортепианоға арналып өңделген).

Үш шығарманы тыңдай отырып, оқушылар домбыра аспабымен айтылған ән мен симфониялық оркестр үнін және фортепианолық музыканы салыстырады. Халық әні мен кәсіби музыканың байланысын, ерекшелігін байқайды. Қазақ кәсіби музыкасының қалыптасып, дамуына халық әндері мен күйлері негіз болғанына көз жеткізеді. Бұл шығармалардан қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінің сыры, құрылысы, тембр ерекшелігі, ғажайып иірімдері, ашық та айқын әуезділігі анық байқалады.

Ән үйрену: К. Дүйсекеев «Ана тілін сүйеміз».

Ән өлшемде жазылған. Әннің әуені жұмсақ, вальс екпінінде орындалады. өлшемді дирижерлауды еске түсіру.

Шығармашылық жұмыс: Тіл туралы мақал – мәтелдер.
Тіл – қылыштан өткір.
Өнер алды – қызыл тіл.
Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.

Сабақты қорыту:
Оқулықтағы сұрақтарға жауап Бере отырып, берілген кесте толтырылады.
5 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сал - серілер керуені
Сал - серілер керуені
Серілер туралы алған білімдерін қорыту, шығармаларын танып білу, тарихи тұлғалардың шығармаларынан рухани ләззат алып, халық композиторларының өміріне құрметпен қарауға баулу.
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов« Ақырғы бәйге» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
С. Жүнісов өмірімен танысу, «Ақан сері» романынан үзіндіні меңгере отырып, ақын идеясын ашу, үзінді арқылы Ақан сері өмірімен танысу; Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасағанигі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Арқаның асқақ әншілері
Арқаның асқақ әншілері
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Сарыарқа ауылы, «Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш сынып және музыка пәні мұғалімі Қайыңбаева Гүлжан Сақажанқызы
Жеті қайқы
Жеті қайқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дін Шолпан
Ақан сері Қорамсаұлы
Ақан сері Қорамсаұлы
Музыка пәні мұғалімі: Сарманов Борангали
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақан сері (Ақжігіт) Қорамсаұлы – ақын, әнші, сазгер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А. Ж. Бисембаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×