Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зорлықсыз әлемді қалай құрамыз

27 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Зорлықсыз әлемді қалай құрамыз.
«Әлем»дегенде менің көз алдыма ең алдымен Жер шары, бүкіл Жер ғаламшары елестейді. Бізді қоршаған әлем тамаша. Ол белгілі бір заңмен бағынады, белгілі бір ережелермен қозғалады, бірақ сол заңға барлық адамдар бағына бермейді, өзінен әлсіз адамдарға қарсы қастандық жасап зорлық - зомбылық көрсететін адамдар өкінішке орай саусақпен санарлық емес. Сонымен қатар, балаларға қарсы қылмыс кеңінен тараған. Бүкіл әлем балаларының құқығы туралы конвенция бар. Балалар құқығы туралы конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданған. Десек те, әлемдегі ерлердің бірқатарында балалар құқығын қорғау мәселесі оң шешімін таппай отыр. Кейбір елдердің эконамикасының нашарлығы, экологиялық ахуал балалардың білім алуына, денсаулығына, қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп, оларды қайыршылық күй кешуге душар етуде. Мысалы, қазір әлемде 130 миллиондай бала мектепке бармайды. Жер бетінде жыл сайын әртүрлі аурудан 12 миллионға жуық бала көз жұмады. Олардың көбі - ішерге асы, киерге киімі жоқ тұрмысы нашар отбасында дүниеге келген нәрестелер. Сондай ақ жылына бір миллиондай бала контрабанданың құрбаны болып, өз елінде немесе шет елдерге сатылады. Өмірдегі өз орнын таба алмай, адасып, түрлі діни ағымдардың арбауына кеткен жеткіншектер аз емес.

Менің ойымша, қазіргі өзекті мәселелердің барлығы - қоғамның әсері, адамдардың осындай мәселелерге немқұрайлы қарауы.

Әр бала өмір сүру құқығына ие. Бұл жөнінде Балалар құқықтары туралы конвенцияның 6 - бабының 1 - тармағында «Мемлекет әрбір баланың өмір сүруге деген ажырамас құқығын таниды» деп көрсетілген. Баланы өмір сүру құқығынан айырған және балаға қарсы зәбір көрсеткен, сонымен қатар психикасына зиян келтірген адамды, менің ойымша, өмір бойына бас бостандығынан айыру керек.

Балалар - біздің болашағымыз! Олардың өмірін құртпайық! Керсінше, олардың жарқын келешегі мен ертеңі үшін ат салысайық! Ағылшын жазушысы Роберт Стивенсон айтқандай, «Албырт жасқа әлем аядай көрінеді». Әлі бұл әлемде дұрыс - бұрысын, ақ - қарасын айыра алмайтын балғындарды зорлық - зомбылықтан қорғап, арашалайық! Сондықтан зорлықсыз әлемді құруға талпынайық!

Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта мектептің оқушысы Жәмет Замира
18 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бала құқығы – асыл қазына
Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Гульнар Ернесовна
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Баяндаманы дайындаған педагог ұйымдастырушы Г. Әжібаева «Бейнеу лицейі» ММ
Қазақстан менің жүрегіміде!
Қазақстан менің жүрегіміде!
Біз Қазақстан патриотымыз!
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған
Зорлықсыз балалық шақ
Зорлықсыз балалық шақ
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Сабақтың тақырыбы: Зорлықсыз балалық шақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×