Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

12 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Әдістемелік көмек
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Адам құқығына үлкен үлестерін қосқан Ш. Монтескье, И. Кант, Т. Джефферсон сияқты ойшылдар адам құқықтарының негізгі ережелерін алғаш рет анықтап, белгілеген. Өзіміздің ойшылдарымыз Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Абай Құнанбаевта адам құқықтарымен бостандықтарын қорғаған. Адам дүниеге келгеннен кейін, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын, біздің мемлекетіміздің Ата Заңы – Конституция қорғайды. Ал Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын Заң бар ма?
1989 жылдың 20 қарашасында Бала құқықтары туралы
Конвенция БҰ ұйымында қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойды.
1 - маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20 - қараша – дүниежүзілік балалар күні
10 - желтоқсан – адам құқығы күні

10. 12. 1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20. 11. 1989ж - БҰҰ - да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28. 01. 1993ж - ҚР - ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8. 06. 1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті

БҰҰ - ның Бала құқықтары туралы Конвенциясы – әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды, егер ел заңдары бойынша кәмелетке толу жасы осыдан кіші бекітілмесе.

Конвенцияға кіретін құқықтардың бәрі барлық балаға бірдей тарайды. Конвенцияға қол қойғаннан кейін балаларды кемсітуден қорғауға және олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу үшін белсенді шаралар қолдану міндетін мемлекет өзіне алады.

Конвенцияға қатысушы мемлекеттер «ересектерді де, балаларды да Конвенцияның ұстанымдары мен ережелері туралы кең ақпарат беруге» міндетті. Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол Бала құқықтары жөніндегі Комитет. Қазіргі уақытта елдердің көпшілігі Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті (АҚШ пен Сомалиден басқасы). Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылдың 8 - ші маусымында бекіткен. Конвенцияның 44 бабына сәйкес, оған қол қойған елдер заңдары мен мемлекеттік саясаттарын Конвенцияға сәйкес келтіруге бағытталған шараларды қолдану туралы БҰҰ - на есеп беру тиіс.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 459
0
  • 80
2 дауыс


Жаңалықтар
Бала құқығы – асыл қазына
Бала құқығы – асыл қазына
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Бала құқығы – асыл қазына
Бала құқығы – асыл қазына
Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
Құқықтық сауаттылық - заман талабы
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ахметкалиева Гульнар Ернесовна
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады
«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады» Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оны өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10 - желтоқсанда қабылданған
Балалардың құқықтары
Балалардың құқықтары
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Балалар құқығы туралы конвенция
Балалар құқығы туралы конвенция
2002 ЖЫЛҒЫ 8 ТАМЫЗДАҒЫ № 345-ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×