Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалық шаққа саяхат

19 қазан 2018, Жұма
Категориясы: Оқушыларға
Балалық шаққа саяхат

Адамның санасында мәңгілік өшпестей естелік қалдыратын, ең керемет, ең ғажап ұмытылмастай сәттер сыйлайтын ол – балалық шағымыз. Балалық шақ – бір рет ғана келетін, қайта оралмайтын, сағына еске алатын ғажайып әлем іспеттес.

Қазіргі таңда 17 жастан астым. Осы 17 жыл ішінде қуанышта, қайғыда, мақтаулар мен даттаулар, өсек пен мадақтаулар, жеңіс пен жеңіліс те көрдік. Өсе келе қиындықтар мен кедергілерде көбейе беретіні анық. Кейде шаршап - шалдығып, барлық нәрседен жалығып, оңаша қалып ойланып отырып, балалық шағымды еске аламын. Бір қызығы қазіргі кезде орын алып жатырған жайттардың барлығын балалық шағыммен салыстыра қарасам мүлдем бөлек. Қазіргі кезде дос - досына шынайы сөйлеп, шынайы сезім білдіріп, шынайы бет - бейнесін көрсетпейді. Қызғаншақтық, көреалмаушылық деген ұғым өте көп қалыптасқан. Досына қол ұшын созып көмек бермейді. Тек уақытша ғана достасады. Айта берсең кемшілік көп. Ал балалық шағымызда ше? Ол кезде жасандылық деген сезім болмайтын - мыс. Тек шынайы сезім, шынайы күлкі, шынайы махаббат, шынайы достық барлық нәрсе де періште жүрекпен, шынайы көңілден жасалынатын. Сол сәтке бір сәт тоқталып, уақытты қиялымызбен артқа айналдырып балалық шағымызға бір сәт оралсақ.

Эх, қайта оралмас балалық шағым - ай… Ұйқың қанбасада, қанша жерден ұйқың келіп тұрсада, соны ойынға айырбастап таң атпай тұрып, анаң берген бір кесе ыстық сүтті сіміре салып, далаға шығып достарыңды іздеп үйіне бару. Ойында ештеңе жоқ, ешнәрсемен шаруасы жоқ, ешнәрсеге бас ауыртпайтын, уайым - қайғысыз балалық шақ. Таңертең ерте тұрып ойын қуып үйден кетіп, кеш бата ойыннан шаршап келіп ес білмей ұйықтау. Келесі күн тағы да солай асыр салып еш қамсыз ойнау. Бірге доп теуіп, балшық құмнан үй салып, бірге қырылып, төбелесіп, қайтадан татуласатын достарым. Балық аулай алмасақ та қолымызға қармақ алып отыратын кездерім. Кеш бата жолдастарыммен үй қасында отырып өтірік әңгіме айтып, не айтып отырғанымызды білмесекте, шынайы күле білу. Жаз шықпай - ақ жиналып алып канал жағалап, жүзе алмайтын болсақ та, қанша мәрте суға батып кетіп жатсақ та, суға шомылып асыр салу. Айта берсең қызық көп.

Кейде бір сәт мейлі бір минутқа болсын сол қайта келмеске кеткен балалық шағыма оралғым келеді. Бірақ, әттең ол нәрсе мүмкін емес. Кішкентайымызда тездетіп ересек жасқа толып, үлкен азамат болып, мына балалық шақтан құтылсақ, тез ержетсек деп армандайтынбыз. Бірақ қазір сол балалақ шағымыз бір мезет болсын оралса, сол сәтте жіберген қателігімді жөндесем екен, тағы бір мәрте асыр салып ойнап, балалық шағыма бір саяхат жасасам екен, деген тек бос орындалмас арман қиял ғана. Және оған тек ойша ғана сапар шегіп қайтамыз.

Қаракесек Бейбарыс Жолдасұлы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті, №266 мектеп - лицейінің
11″в” сынып оқушысы
34 040
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
"Мен тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін"
"Мен тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін"
Тәрбиеші болу мен үшін тек жұмыс, міндет қана емес, осы жұмыс арқылы мен өмір сүріп жатқанымды сезінемін. Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
Бала Мәншүк
Бала Мәншүк
Мәриям Хакімжанованың шығармашылығыменен танысу, қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысып, ерлігі туралы жан - жақты мәлімет алу.
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бақыттың кілті – балалық шақта
Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз.
Өртеніп өткен өр тұлға
Өртеніп өткен өр тұлға
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - қазақтың біртуар ұлы ақыны. Ол мың тоғыз жүз отыз бірінші жылы өзіміздің Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа - тұс келгендіктен, өмірдің қиыншылығын ерте көреді.
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қаратоғай орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Көпжан Оразғали Мінәжұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×