Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақыттың кілті – балалық шақта

18 қазан 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Бақыттың кілті – балалық шақта.
Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек. Балаға жан – жақты тәрбие беру біздің парызымыз. Өйткені бала ата – ананың ғана емес келер ұрпақтың аманаты. Бала біздің басты байлығымыз. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, ата - ана тәрбиесі. Ал баланың балалық шағын естен кетпестей тәтті шақта өткізу әр ата - ананың міндеті. Баланың бақытты шағы ана құрсағында жатқан кезден басталады. Себебі бала ана құрсағында жатқанның өзінде анасының жақсы жаман көңіл - күйін сезініп ары – бері тулап белгі беріп жатады. Ал өмірге келген күннен бастап бала бақытты. Неге десеңіз бала ананың жұмсақ алақанын, жылы жүзін, ыстық құшағын бар ықыластың өзіне аударылғанын біледі. Сондықтан да өмірге келген бала да, баланы туған ана да бақытты. Осындай керемет сезімдерді бастан өткізген баланың балалық шағы өз кезеңімен өте бастайды. Баланың сәбилік кезеңі туғаннан бір жасқа дейін, 1 - мен 3 жас, 3 – пен 5 жас аралығындағы бүлдіршін кездері қандай тамаша. Былдырлаған бал тілімен барлық қызықты іс – әрекерттерімен жан - жағындағыларды күлкіге қарық қылып жатады. Осындай кезде « шіркін ай балалық шақтың нағыз қайталанбас кездері ай» деп қызыға қарайсың. Еш уайымыз тек қана ойын әлеміне сүңги батқан балаға қарап нағыз бақыттың кілті балалық шақта екеніне көз жеткізесің. Балалық шақта жастай тәлім тәрбиеге кенелген бала өсе келе жан - жағына қарап бой түзейді.

Жақсы әдеттерді қайталауға ұқсап бағады. Кейде болмашыға бұртиып өз дегенін өз айтқанын жасатқысы келеді. Балаға ерте жастан берілген дұрыс тәрбие оған өмір бойы азық болары анық. Сондықтан баланың балалық шағына жеңіл - желпі қарамай шынымен де оның өмірінің өз уақытында балалық кезін, ержетуін бәрін - бәрін өз ретімен орнына қойып беру ата - ананың, ұстазының қоршаған ортаның міндеті. Баланың бақытты шағы бірден – бір балабақшада өтеді. Балабақша баланың екінші үйі секілді. Мұнда ол өзінің достарын табады, ортасы қалыптасады. Көп нәрсені таниды. Бала балабақша есігін 2 – 3 жаста ашса оны балапандай мәпелеп қанатының астында өсіріп тәлім - тәрбие беріп буынын қатайтатын әрине тәрбиешілер. Ата әжесі, әке шешесі қасында жоқ болса да мұндағы апайларға бауыр басып өз сүйкімділігімен көзге түсіп бал қылықтарын көрсетіп жатады. Әрине әр бала өзіндік бір әлем. Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш, күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында, аспанымыздың ашықтығында. Осындай бейбіт заманда лайым бақыттың кілті әрқашан да балалық шақта болатынына сеніміміз мол болсын.

Тәрбиеші: Қайралапова Қ. Ш.
Бақыттың кілті – балалық шақта. жүктеу
3 397
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - анаң – алтын тұғырың
Ата - ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу; Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.
Отбасы - тәрбие мектебі
Отбасы - тәрбие мектебі
Ата - ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін отбасында балаларын тәрбиелеудің заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы.
Ата- ана баласымен бақытты
Ата- ана баласымен бақытты
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ата-анаға баладан артық ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген сөз бар.
Отбасылық тәрбие
Отбасылық тәрбие
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева А.Д.
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Отбасындағы тәрбиенің маңызы
Керекбаева Жұмагүл математика пәнінің мұғалімі Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы орта мектеп
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×