Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Мен тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін"

18 желтоқсан 2020, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Мен – тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін. Осы тіркес көкірегіме мейірімділік пен өзіме деген сенімділікті ұялатады.
Тәрбиеші болу мен үшін тек жұмыс, міндет қана емес, осы жұмыс арқылы мен өмір сүріп жатқанымды сезінемін. Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты.
Әр адам өз өмір жолын өзін таңдайды.
Маған тағдырдың жазуымен біздің болашағымыз – біздің балалармен бірге болу берілгені – өз өмір салтымды дұрыс таңдағаным деп білемін.
Әрбір ана баласымен бірге балалық шақты өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам, балалық шаққа әр күн сайын енемін. Мен өзімді үлкен әріпті «Ана» деп айта аламын, себебі менде жүздеген балам бар, олардың бәрі менікі, сүйкімді, әр біреуіне мен өз жанымның, өз жүрегімнің бір бөлшегін ұсынғанмын. Менің өмірім балабақша...... Менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.
Мен тәрбиешімін... Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар...
Балаларды ойлау, оларға қамқоршы болу, оларды сүю – бұл әр адамның басына берілмеген ең ғажап сезім.
Менің миссиям ең керемет – өз махаббатыңды балаларға сыйлау. Мен осы сезімімді өмірге рахаттана қосамын және балаларды осы сезімде болуға үйретемін. Көңілі көктем, сезімі сел боп аққан адамның мейірімділік әлеміне қатысты сезіп - білгендерін, рухани дүниесіне жиған - терген жауһарларын жер - жаһандағы барша жанмен бөлісу үшін алып - ұшып тұратыны белгілі.
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына - балаларға ақыл, мейірім, мәңгілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Мен – Тәрбиешімін!…
«Тәрбиеші деп мамандықты оқып, қолына диплом алған адам емес, тәрбиеші деген ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын ұлы тұлға. Мамандыққа деген сенімділік сирек кездеседі, ол тек соған құрбан еткенде ғана дәлелденеді.»
Біреулер мақсатты түрде тәрбиеші болады, олар мектеп табалдырығынан бастап осы мамандықтың құндылығын түсініп, сол мақсатқа жетуге бар күш - жігерін салады.
Біреулер үшін бұл жол - қиын да соқтықпалы болуы мүмкін. Бұл тағы бір мұғалім мамандағының өмір екенін дәлелдейді, ал өмір әр қилы кезеңдерден өтуі керек.
Осы есімді мақтанышпен алып жүрген адамдарға бір ортақ қасиет бар, ол балаларға өз жүрегің сыйлап, онсыз өмір мәнін елестете алмау.
Мен үлкен әріпті педагогтар бар екеніне тағзым етемін, шеберлікті ғана көрсетпейді, сонымен қатар адами құндылықтар да өте маңызды.
Л. Н. Толстой жазған: «Егер педагог өз ісіне махаббатпен қараса, ол нағыз маман болмақ»
Егер де тәрбиеші балаға ата - анасы сияқты махаббат сыйлай алса, ол көп кітап оқыған, бірақ балаға деген махабаты жоқ тәрбиешіден әлдеқайда жоғары болмақ.
Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы әр мезетте балалармен өткізген шағың қымбат. Бірақ өмірде бәрі де бір - бірімен байланыста.
Баланың махаббаты ол кез келген марапаттаулардан да артық болады.
Ең жоғары марапат – бұл балалар махаббаты!
2 068
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен - тәрбиешімін!
Мен - тәрбиешімін!
Жүрегімнің түкпірінен нәр алған Жетеледі алға ылғи бала арман Міне бүгін, тәрбиешімін тәлімгер - Өрлеп келем, шыңнан биік шынарға
Шығарма: Туған жер – адам өмірінде киелі орын.
Шығарма: Туған жер – адам өмірінде киелі орын.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
Шығарма: Туған жер
Шығарма: Туған жер
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады.
Мен және менің мамандығым
Мен және менің мамандығым
Мынау менің балабақшам... Мынау менің кішкентай бөбектерім... Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін.
Эссе. Менің таңдауым педагог
Эссе. Менің таңдауым педагог
Ермухамбетова Алтынай Серикбековна
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Менің педагогикалық мамандығым (эссе)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №19 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Құттымұратова Гүлнар Әмитқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×