Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстар туралы жұмбақтар

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Құстар туралы жұмбақтар

Қоңыр мамық шапаны,
Жұқа жарғақ табаны.
Өр кеудесі қайқаңдап,
Жүретін кім байпаңдап?
(Қаз)
Үлпілдеген жүні бар,
Бояудың мың түрі бар,
Қауырсыны құбылар.
Қара доғал еңкиген,
Тұмсығы бар дөңкиген.
Қара мына ғажапқа,
Өзі шебер мазаққа.
Таңдандырып өзіңді,
Қайталар кім сөзіңді?
(Тоты)
Сирағы ұқсас қамысқа,
Мойыны имек сорайған,
Қауқиған кім алыста
Қарақшыдай қарайған?
(Тырна)
Айдыннан шалқыған
Телпек көрдім қалқыған.
(Үйрек)
Бақ та, бау да, орман да,
Естіртіп үнін бар маңға,
Жұрт тыңдайтын тамсанып,
Сан құбылтып ән салып,
Жататұғын бір тынбай,
Құсты аташы құртымдай?
(Бұлбұл)
Қанат қағып шарықтап,
Мұхит асып қалықтап,
Шарлап бүкіл әлемді,
Шаттандырып әр елді
Бейбіт күнге сән болған,
Бұл қандай құс ән болған?
(Көгершін)
Қанаты жапырақ,
Көздері бадырақ,
Үрген ішек бейнесі,

Торсылдақ кеудесі,
Ұшпайтын ұзаққа,
Ойыншық ұшаққа
Ұқсайтын пішіні,
Бұл кімнің мүсіні?
(Инелік)
Гүлді алаңның қонағы,
Өзі қалап қонады.
Түрі, түсі дөп келіп,
Гүлге ұқсап қалады.
Гүлдің тәтті шырынын
Құмартып кім сорады?
(Көбелек)
Суылдатып қанатын,
Жемін көрсе құлдилап,
Кеудесімен соғатын,
Тұяғымен ілетін,
Кім бар кәне, балалар,
Ұшқыр құсты білетін?
(Лашын)
Тырнағы үшкір діңгектей,
Тұмсығы имек ілгектей,
Қанатын жайып шүйілсе,
Аң - құс қалар бүлк етпей.
(Бүркіт)
Құс көрдім тырна сияқты,
Сидиған ұзын сирақты.
Шалшықтан бақа ұстауға
Қимылы ерен, ширақты.
(Ләйлек)
Тұмсығымен қашайды,
Дімкес діңді теседі.
Зиянкесті асайды,
Ағаш таза өседі.
(Тоқылдақ)
Шекесінде айдары
Болғанмен, жоқ айбары.
Балапанмен, жоқ айбары.
Балапанын бақпайды
Үй - жайында жатпайды.
Өзінің аты тек айтары қайталап,
Мұны кім, кәне айта алады?
(Көкек)
Таусылмайтын жылуы,
Көлдің ерке сұлуы.
(Аққу)

Ит қуса да арсаңдап,
Аяғын басар алшаңдап.
(Қаз)
Кешінде де
Керек емес жарық бір,
Неге десең,
Екі көзі жайнап тұр.
(Үкі)
Орақ құйрық, тарақ бас,
Көп ұйқыны жаратпас.
(Әтеш)
Шатырсыз үйге құштар көп,
Қонақтар әр тұстан кеп.
(Құстар ұясы)
Сирағы ұзын, мүйізі қысқа
Бұл өзі аң ба, құс па?
(Жираф)
Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.
(Қараторғай)
Айдалада ақ отау,
Аузы - мұрны жоқ отау.
(Жұмыртқа)
Сөйлесе – сөзді,
Айтса – ауызды.
Тынысы басқа,
Маңдайы қасқа.
(Тотықұс)
Көк жүзінде жылжып жай,
Керуен құрған түзіліп,
Ілгек - ілгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзіліп.
(Тырна)
Сайрайды бір талмайды,
Әнші құс бал таңдайлы.
(Бұлбұл)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
(Қарлығаш)
Көктемде келіп, күзде кетеді,
Жаздай бауда әндетеді.
(Жыл құстары)
Талдың басында,
Жемі бар қасында.
Там тұр саялы,
Достарға аялы.
(Құс ұясы)
Қызыл, бұжыр айдары бар,
Қоқиланған айбары бар.
Ацық - ацық азан салып,
Өңеш керген айқайы бар.
(Қораз)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді балпаңдап.
(Қаз)
Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі.
(Қарлығаш)
Әдемі бір ырғақ
аспаннан шалқып тұр.
(Бозторғай)
Шуға бөлеп жағаны,
Қанаттарын қағады,
Айдын судың түлегі,
Шабақ іліп жүреді.
(Шағала)
Қалқан құлақ,
Қанаты бар шатырдай.
Жардан жырақ,
Түнде ұшады батырдай.
(Жарқанат)
Маңдайы ақ қасқа,
Ақ жері жоқ басқа.
(Қасқалдақ)
Сазды жер мекені,
Құрт – құмырсқа қорегі.
Кереметтей өнері,
Қанаттан үн береді.
(Тауқұдірет)

Бес грамм салмағы,
Тұмсығы қармақ.
Қыраннан қалмайды,
Биікке ұшса самғап.
(Королек)
Айдары шағын,
Қаракүрең сауыры
Аппақ қардай бауыры.
(Қызғыш)
Бояуы сан түрлі,
Түрі ұқсас тауыққа.
(Бұлдырық)
Қауырсыны көгілдір,
Кішкене құс.
Беткейде өріп жүр.
(Кекілік)
Шашы жоқ,
Тарағы бар.
Егіні жоқ,
Орағы бар.
(Қораз)
Секектеп бір тұрмайды,
Өреден құрт ұрлайды.
(Сауысқан)
Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып – қонып жалпылдап.
Қоқыстарды шоқиды,
Жем іздейді там – тұмдап.
(Қарға)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
119 500
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар
Құстар
Құстардың арасында жыртқыштары бар. Олар - қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және тағы басқалары. Жыртқыш құстардың қанаты үлкен, көзі қырағы, тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады. Олар алуан түрлі жануарларды - тышқан, қоян, құстарды
Құстардың жазғы тіршілігі
Құстардың жазғы тіршілігі
Тұжырымдау: барлық құстардың ортақ қасиеті - олар ұшады, қонады, қанатты, мамықты, тұмсықты, жұмыртқалайды, балапан басады. Ал айырмашылығына келсек құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, түсі, дыбыстары, тіршілік етуі бір - біріне ұқсамайды.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Суықторғай бізде қонақта
Суықторғай бізде қонақта
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№1 бөбекжай - балабақшасы" КҚКМ Ажыбаева Назгул Жолдыгазиновна
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы №2 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Жолина Айгул Жамаловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×