Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жәндіктер, құмырсқалар туралы жұмбақтар

17 шілде 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жәндіктер, құмырсқалар туралы жұмбақтар
Гүл үстінде тұрағы,
Әдемі желпіп тұрады.
(Көбелек)
Ойнамақ боп еркелеп,
Әдейілеп, ерте кеп.
Гүлге қонды қалықтап,
Кіп-кішкентай тікұшақ.
(Инелік)
Торын құрып қояды,
Шыбындарды жояды.
(Өрмекші)
Қанды сорып сүліктей,
Ызыңдап кеп шағады,
Бұл қандай бүлік дой?
(Сона)
Ызыңдап ән салып,
Жұп - жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады.
(Шыбын)
Денесі буылтық,
Сырты жасыл түк.
(Жұлдызқұрт)
Белең – белең, белең ат,
Белі қайқы күрең ат.
Таудан түссе, таймас ат,
Талау тисе, өлмес ат.
(Құмырсқа)
Қарақұрым нөпірі,
Егін, шөптің жебірі.
(Шегіртке)
Сабы жоқ қамшы,
Ешкімге ұсынба,
Уы бар бір тамшы,
Тілінің ұшында.
(Жылан)
Үй ішін аралап,
Түнде көп жортады.
Қаптарды жарып,
Мысықтан қорқады.
(Тышқан)
Айнымай тартқан реңіне,
Жүрген жерінің түр өңіне не?
(Кесіртке)
Мойны жуан,
Жұқалтаң қабақты.
Тірсегі ұзын,
Қоян тобықты.
Іс тікпейді, бірақ
Тастамайтын бізін,
Білесің бе, мақұлықты? (Шаян)
Әртүрлі жұмбақтар қарау
5 143
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балалардың табиғат әлеміне деген қызығушылығын арттыру, жәндіктерді қорғап, оларға қамқор болуға баулу. Жәндіктер түрлерімен таныстыру, олардың пайдасы туралы мәлімет беру.
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Балаларды жәндіктер әлемімен таныстыруды жалғастыру. Жәндіктердің характерлік ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. Балаларды түрлі жәндіктермен кездескенде өздерін дұрыс ұстау түсініктерін бекіту.
Жәндіктер туралы жұмбақтар
Жәндіктер туралы жұмбақтар
Бар екен бір мақұлық ұннан майда, Өз басын айдайды екен қиын жайға, Ұстасақ үгітіліп жоғалады, Дамылдап отырмайды ешбір жайға. /Көбелек/.
Жәндіктер – біздің достарымыз
Жәндіктер – біздің достарымыз
Серуен кезінде балалар жәндіктерді көрді. Балалар жәндіктерді көргенде бейжай қалмады. Балалардың біразы қуанды, қызықты, басқалары қорықты, кейбіреуі өлтіру керек,- деп ұсыныс жасады.
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Жәндіктер. Сын есімді қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Донецк орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бақыт Зейнілғабиденқызы
Жәндіктер әлемі
Жәндіктер әлемі
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×