Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Жеңіске мың тағзым!

04 мам 2022, Сәрсенбі
Категориясы: Оқушыларға
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы отан соғысын еске алудың өзі ауыр. Қан мен жаны бір арнада болса да, ойланбастан елі үшін өзің құрбан еткен сол соғыстағы ата - апаларымыздың ерлік істері мәңгі өлмейді.
Биыл жеңіс туының желбірегеніне жетпес жеті жыл толады. Тура сол бір сұм соғыстың аяқталғанына жетпес жеті жыл. Ардақты ардагерлерімізге қанша алғыс айтсақ та сол кезде көрсеткен бір еңбегін де өтей алмағанымыз анық. Жеңіс күні жақындағанда әрдайым мені бір ой қынжылтады.“Неге біз ардагерлерімізді тек тоғызыншы мамыр күні ғана еске аламыз?„. Осы сұрақ менің санамнан шықпайды, жиі мазалайды. Ұрпақтарына тәуелсіздіктің ақ таңын сыйлаған батырларымызға неге тек Жеңіс күні қарсаңында ғана ескеріп, бас иеміз? Тәуелсіздік, жеңіс - Тәңірдің бізге берген сыйы дейміз ау, дегенмен жеңіске деген жолда қанша батыр аталарымыз басын бәйгеге тікті! Бар асылынан бас тартты, арманы ұлы отан соғысында өз ерлігін көрсету, елі үшін жаның беру. Соны ұмытпасақ деймін. Бүгінгі таңдағы жаһандану, жастардың аяғын алшақ басып жүруі, халықтың еркіндікте өмір сүруі бәрі-бәрі жеңістің, саусақпен санарлық батырларымыздың арқасы.
“Ер есімі - ел есінде сақталады„ - дейді дана халқымыз. Сол бір қантөгіс жылдар миына мәңгі сақталған өткен күнің батырлары яғни ардагерлердің бүгінгі жағдайы қандай? Әрине көңіл қуантарлық емес... Өз халқы үшін жаның шүберекке түйген батырларымызды неге тек сөз арқылы қадір тұтамыз?! Бұл әлбетте біздің қате. Батыр аталарымыздың орныңда болып, сол өтіп кеткен сұрапыл кезеңдегі сұм соғысты өз басымыздан өткізбей, түсініп болмаймыз. Ата - бабаларымыздың қаһармандығын тек сол кезде ғана түсінеріміз анық. Әрине оңдай соғыстар еліміздің маңайына жоламасын, әрқашан көк туымыз көкке желбірей берсін. Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!
Аружан Арманқызы
3 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Ұлы Жеңіске мың тағзым!
Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн.
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×