Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі

02 мам 2023, Сейсенбі
Категориясы: Сценарий
Ұлы Жеңіске – 78 жыл!
9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 76жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесі құтты болсын!
1 жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 78 жыл.

2 жүргізуші:
69 бейбіт көктем таң атқалы.
69 шуақты күн таратты әнін.
69 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.

1 жүргізуші: Ұлы Жеңісті жақындатуға Аманкелді ауданы халқы да зор үлес қосты. Аманкелді ауданы бойынша 4872 адам майданға аттанып, 1521 жауынгер майдан даласында қаза тапты.
2 жүргізуші:
Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік. Біздің салтанатты жиынға бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз ардагерлеріміз жақындап келеді. Орнымыздан тұрып құрмет көрсетейік.
(Осы кезде машинамен соғыс ардагерлері алаңға беттейді).
1 жүргізуші:
Ардагерлер - атамекен айбыны.
Сақтады олар елін - жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.

2 жүргізуші:
«Нұр Отан» партиясы ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» республикалық жобасы аясында «Менің атамның портреті» акциясына қатысушы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсетеді.

Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

1 жүргізуші: Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Ол соғысқа тартылмаған жан, отбасы жоқ. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ерлердің рухын үнсіздікпен еске алайық. (1 минут үнсіздік)

2 жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз Аманкелді ауданы әкімі Таукенов Жансұлтан Қоңыртайұлына беріледі.
«Майский вальс»

1 жүргізуші:
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

2 жүргізуші: Мерекелік сөз кезегі Аманкелді ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлім бастығы капитан Аймұханов Сәбит Асылбекұлына беріледі.

1 жүргізуші: Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаның алдына мерекелік гүл шоқтары қойылсын.

2 жүргізуші: Соғыстың от жалынынан өтіп, өліммен бетпе – бет кездесіп, адамзат қасіретін көзімен көріп елге аман оралған майдангер аталарымыз Есір ауылынан Байділдин Хайролла ата, аудан орталығынан Мұқанов Ертай аталарымыз бүгінде балаларын өсіріп, немере - шөбере сүйіп елдің құрметіне бөленген жандар. Сөз кезегі соғыс ардагері Байділдин Хайролла атаға беріледі.

1 жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

2 жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Жеңіс күні (ӘН)
1 жүргізуші: Ішкі Істер Бөлімі қызметкерлерінің мерекелік салюты соғыс ардагерлерінің құрметіне арналады.

2 жүргізуші:
Саған құрмет бейбітшілік сақшысы
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы
Саған миллион жүректердің салюты
Саған сөздің шырайлысы жақсысы.

1 жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 78 көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған. Олай болса, Ұлы Жеңістің 79 жылдығында кездесейік.
1 жүргізуші: Ұлы Жеңістің 78 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман - сау болыңыздар!
46 475
0
  • 60
2 дауыс


Жаңалықтар
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.
9 - мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Жігіт сұлтаны - 2023
Жігіт сұлтаны - 2023
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі мен Ұлы Жеңістің 78 жылдығы да келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.
Жеңіс күні - ұлы күн!
Жеңіс күні - ұлы күн!
Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың, жерлестеріміздің ерлік істерімен таныстыру, үлгі ету, батыр тұлғалар ерлігіне терең үңіле отырып оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.
Жеңіс күні
Жеңіс күні
Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Біз Жеңістің ұрпақтарымыз
Қызылорда облысы, Арал қаласы, №2 кәсіптік лицейінің экономика пәні оқытушысы Бәйімбетова Алтынай Амангелдіқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×