Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлт ұстазы (Эссе)

15 сәуір 2023, Сенбі
Категориясы: Оқушыларға
Эссе Ұлт ұстазы
1937 жыл... Алматы қалалық түрмесіндегі қараңғы бөлмелердің бірінде Ахаң соңғы рет кішкентай ғана терезеден аспанға қарап, өзінің бүкіл өмірін есіне алып отырған - ды...
«Данқ кімнің күліп тұрса басында,
Сатқындық та бұғып жүрмек қасында»,- деген Мұхтар Шахановтың сөзі дәл осы Ахмет туралы айтылғандай көрінеді кейде. Ахаң Патша үкіметінен де, Кеңестік үкіметтен де көп қорлық көргендердің бірі болса да, өз ұлтынан шыққан, бүкіл өмірін арнаған адамдардың сыртына пышақ сұққаны, ол үшін қиын болғаны анық. Орыстар оны қайда айдап жіберсе де, ұлтының қамы үшін, кейінгі ұрпаққа өз тілін, дінін, мәдениетін ұмыттырмай жалғастыру үшін тар қапастарда да отырып өз еңбектерін жазған. «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны -“Қырық мысал”, “Маса”, “Қазақ” газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақта, тарих ұмытпайтын істер болатын.

Оны жұрттың бәрі біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды»- міне Мұхтар Әуезов Байтұрсынұлының еңбек жолын келер ұрпаққа осылай сипаттайды. Шынымен де, Байтұрсынов шығармасымен ең алғаш әдебиет әлеміне бастау аламыз, оның бірнеше жылдарын сарп еткен “Тіл құралымен” қазақ тіліне тереңінен сүңгиміз, бүгінде әріп танып, өз тілімізде сөйлеп, тіпті өз жерімізде жүргенімізге дейін Ахмет Байтұрсынұлына, ол бастаған Алаш қайраткерлеріне борыштармыз.

Ахмет өз өмірін қазаққа арнаған ұлы тұлғалар арасында әрдайым бірінші тұратындар қатарында деп ойлаймын. Қазақ баласын, даласын біліммен сусындатамын деп жүріп, өзін ұмытқан жанның бүгінгі күні кейбіреуінің болмаса, көбісінің жадында тек ағартушы я жазушы есебінде қалуы, оның бүкіл еңбегін далаға төккендей. Шындығында, мұғалімдер А. Байтұрсынұлын қайта таныстырмағанда, мүмкін менде солардың бірі болар ма едім. Мен үшін Ахаң біреудің ойлап білетін санасынан тыс, басқа бірі.

Бүкіл өмірін күреспен өткізіп, соңына дейін тік, басын бүкпестен, өзіне тағылған айыптарды мойындамасада, тектен тек «халық жауы» атағын соңына ілестірген жауыздардың қолымен 1937 жылы Алматы қаласының түрмесінде ату жазасына кесілді. Міне, дәл осылайша қазақты «қазақ ету» жолында тер төккен асыл қайраткерлердің ең көрнектісі түрлі қиянат пен сатқындықтардың кесірінен өзінің айқын мұратына жетпей өз ғұмырын тамамдады.
Автор: Ирзабекова Жансая
8 664
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңін оқыта отырып, ақын және аудармашы - сыншылығын таныту, дәлелдеу, өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Ахмет Бірімжановтың өмірдерегі
Бірімжанов Ахмет Қорғанбекұлы 1871 - 1927 жылдары өмір сүрген алашорда үкіметінің мүшесі, Шақшақ Жәнібектің ұрпағы. Алашорда қозғалысына белсене қатысқан екі Ахметтің болғаны тарихтан белгілі.
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған.
Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі
Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Төлеуқан Зауреш Арғынғазықызы
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен Бақа"
Ахмет Байтұрсынов "Өгіз бен Бақа"
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр Мүслімбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×