Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі

09 желтоқсан 2014, Сейсенбі
Сайыс сабақ: «А. Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі»
Сабақтың мақсаты: қазақ тіл білімінің атасы, қазақ әдебиет теориясының, қазақ баспасөзінің негізін салушылардың бірі, қазақ музыка өнерін зерттеуші, композитор, қазақтың «қырық төресінің» бірі Ахмет Байтұрсыновтың саяси – ағартушылық қызметі туралы оқушыларға теориялық білім беру.
Тәрбиелік мақсаты: а) оқушыларды А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту, зерттеу арқылы отансүйгіштікке, ана тілін, әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу, ә) оқушыларды ұлт ұстазын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: жан - жақты зерттеу, зерделеу қабілеттерін арттыру, дүниетанымдарын дамыту.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу, пікірталас, зерттеу, зерделеу, сараптау, шығармашылық, жүйелеу, салыстыру. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы
Көрнекіліктер: белсенді тақта материалдары, Кітап көрмесі -«А. Байтұрсынұлына 140 жыл», буклет, Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған деректі фильмдер, слайдтар, ғаламтор желісінің материалдары.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Сәлемдесу,
2) Оқушыларды түгендеу
3) Сабаққа даярлығын тексеру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа, – деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер - білімге, мәдениетке жетектеу деп білген Ахаң өмірінің алғашқы қадамдарын бала оқытудан бастайды және соны өзіне мақсат етеді.
Үй жұмысын тексеру: «Бәйге» ойыны.

Жаңа сабақ.
2. «Ой шақыру» Тест сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың негізгі мазмұны ашылады.
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сенатор - депутат Әбіш Кекілбаев: «Ахаң ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», - деген болатын.
Осы қанатты сөзді өрбіте отырып, А. Байтұрсынұлының Қарқаралыдағы саяси – ағартушылық қызметіне байланысты оқушыларға ширату сұрақтары беріледі.

«Көкпар» ойыны.
Ойынның бірінші тарауы «Алтын қазына» деп аталады. Ойын шарты:
Әр оқушы тек 1 ұяшықтан 1 ғана сұраққа жауап беру керек. Оқушылар топқа бөлінбейді. Әр оқушы өзі үшін ұпай жинап, топтан озып шығу – сайыс шарты.
1. Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы мұғалімдік оқу оқыған қаласы?
А) Орынбор
Ә) Торғай
Б) Омбы
В) Семей
2. Ахмет есімімен байланысты Мұғалімкөл көлі қай өңірде орналасқан?
А) Ақтөбеде
Ә) Қостанайда
Б) Қарқаралыда
В) Алматыда
3. Қарқаралы іргесіндегі Ақтерек (Бидайық) елді мекенінде А. Байтұрсынов қандай оқу орнын басқарды?
А) 3 класстық мектеп
Ә) медресе
Б) барлығы дұрыс
В) екі класстық орыс - қазақ училищесін
4. Ахмет өзі сияқты ұлт зиялыларымен бірге жазған 1904 жылғы тарихи құзырхат қалай аталды?
А) Омбы құзырхаты
Ә) Семей хаты
Б) Қарқаралы құзырхаты
В) Қостанай құзырхаты
5. Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамың қуылмаған.
Әдепті, сыпайы елдің қалпында жоқ.
Жасырын дыбыс шықты шуылдаған.
Бүркеніп, арсыздардың шайнауына
Жем тапты пісірмеген, қуырмаған.
Шыққан соң талғамайтын доңыздарың.
Қасыңа қиын болар жуу маған,- деп Ахаң не үшін айтқан еді?
А) Қарқаралы туралы кітабында
Ә) Барлығы да дұрыс
Б) Қарқаралы туралы зерттеу мақаласында
В) бүкіл қазақ баласының бойындағы арылмас дерт, арсыздық пен арамдық атаулыға сес білдіргендей осы жолдарды жырлап еді Ахаң Қарқаралыда ағартушылық жұмыспен айналысып жүріп Семейге абақтыға айдалып бара жатқанда.
6. Қарқаралыда Ахмет жалғыз болған жоқ. Оның қасында сол кездері қазақтың бір қатар оқыған, көзі ашық азаматтары
А) М. Әуезов, С. Мұқанов
Ә) С. Торайғыров, М. Көпеев,
Б) Міржақып Дулатұлы, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев
В) Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаевтар бар еді.
7. Ахмет Байтұрсынов Қарқаралыда ағартушылық жұмыстармен қатар қандай жұмыстарға араласты?
А) бес жылдан аса Қарқаралы кітапханасының жұмысына араласты
Ә) банк жұмысына
Б) газет бастыру
В) денсаулық сақтау қызметіне
А. Байтұрсынұлының Қарқаралы жеріндегі саяси - ағартушылық қызметі
8. Қазақ тарихында «Алаш кезеңі» деп қай кезеңдер алынады?
А) 1900 жылдары
Ә) 1890 - 1990
Б) Қарқаралы петициясы жазылған 1905 жыл мен алаш зиялылары жаппай атылған 1937 - 38 жылдардың аралығы алынады.
В) 1916 жылдары болған ұлт азаттық көтеріліс жылдары
9. Ол - кеңес билігі тұсындағы саяси, мемлекеттік, ағартушылық қызмет атқарды; жаппай сауатсыздықты жою мақсатында оқу - ағарту саласында белсенді қызмет етті, қазақ мәдениетін, ұлттық өнерін өркендетуге сүбелі үлес қосты, қазақ мемлекетін құру жолында қажырлы еңбек етті. Кім туралы айтылған?
А) А. Құнанбаев
Ә) Ә. Бөкейханов
Б) Ш. Уалиханов
В) А. Байтұрсынұлы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта, мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Касымова Айнур Нурбековна
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Ахмет Байтұрсынов «Екі шыбын»
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық аудан Жаңабұлақ ОЖББМ – ің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ахмет Байтұрсынұлының “Балаларды оқуға шақыру” өлеңі
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №4 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тюлемисова Ғайни Сайнғалиқызы
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң
Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Ақтоғай станциясы «Ақтоғай жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Кітапхана меңгерушісі: Садыкова Гүлбаршын Әбділқызы
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Шоқан – халық ауыз әдебиетін зерттеуші
Ақтөбе Мемлекеттік Педагогикалық Институты оқытушысы: Бекниязова Динара Достановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×