Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»

26 желтоқсан 2017, Сейсенбі
Әдебиет 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынұлы «Қара бұлт»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: А. Байтұрсынұлының өлеңін оқыта отырып, ақын және аудармашы - сыншылығын таныту, дәлелдеу, өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
2. Тәрбиелік: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.
3. Дамытушылық: Әр оқушының ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ахмет портреті, суреттер, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
І. «Ой қозғау» стратегиясы
«Нені білеміз?» (өткенді қайталау және Ахмет өміріне шолу сұрақтары)
1. Абай қай жерде дүниеге келді?
2. Әкесі кім?
3. Абай жастарды неге шақырды?
4. Шәкәрім нешінші жылы, қай жерде дүниеге келді?
5. Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі не туралы?
6. Шәкәрім «Ғибрат аларлық артыңа із қалдырсаң, мәңгілік өлмейсің» дейді. Неге? Қалай түсінеміз?
7. Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам, адам болып, Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып»,- деген ойларын қалай түсінесің?
8. Ахмет нешінші жылы, қай жерде дүниеге келді?
9. Мұхтар Әуезов Ахметке қандай баға берді?
10. Ахметтің қандай өлеңдер жинағы бар?
11. Ахмет орыс ақындарынан кімдердің шығармаларын аударған?
12. Адам бойындағы қандай қасиеттерді сынаған?
13. Төменгі сыныпта өткен Ахметтің қандай мысал өлеңдерін білесіздер?
Кім атайды?
14. Ахмет өлеңдерінен жатқа мысалдар келтіріңіз.
«Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,
Шын бақыт,
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің!»,- деп Шәкәрім атамыз жырлағандай, Ахмет Байтұрсынұлы кейінгі ұрпаққа ғибрат аларлықтай іс қалдырған, қоғам қайраткері, дарынды ақын, мысалшы, біртуар тұлға екен.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі «Елшілдік ұран», «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер - білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын...
Мұхтар Әуезов

А. Байтұрсынұлы. «Қара бұлт» өлеңі.
Мысал дегеніміз не?
Мысалшы дегеніміз кім?
Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірибесінен басталады. Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті. Бұл әдебиетте нәзирагөйлік тәсіл деп аталады. Ахмет Крыловтан аударса, Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзоп, Рим мысалшысы Федрден аударған. Ғалымдардың пікірінше Крыловтың 33 туындысы аударма екен. Біздің Ахмет атамыз да Крыловтан мысалдар аудару арқылы мысал жанрына үлкен үлес қосты. Соның бірі «Қара бұлт» мысал өлеңі.
І. «Нені білгіміз келеді?» (өлеңді мәнерлеп оқыту)
« Қара бұлт»өлеңінің мазмұнымен таныстыру
ІІ. «Ой толғау» (топтық талдау)
ІІІ. «Нені білдік?» (рөлге бөліп оқыту)
ІҮ. «Венн диаграммасы»
БҰЛТ адам ТАУ
ойындағы қасиеттер

 Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?
 Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
 Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?
 Бұлт қандай бейне?
 Тау қандай бейне?
 Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?

Ү. «Сөздік жұмысы»
Аптап - ыстық
Пәрменінше - бар күшімен
Қайран қалу - таңғалу
Қайыр - пайда

ҮІ. «Мәтінмен жұмыс»
1. Текстен синоним, антонимдерді табу
Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр;
Антоним - жаумай - құя салу;
2. «Қара бұлт» мысалындағы ғибрат алатын шумақты табыңыз.
«Егер де сол қадарлы жаусаң жерге,
Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.
Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,
Қандай зор тиер еді пайдаң елге».
Бұлт сияқты қолынан келетін істі пайдаға жұмсамайтын адамдар қазіргі өмірде кездесе ме?

ҮІІ. «Ой қорыту» (пікіралысу)
- Қайырымдылық деген не?
- Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес.

ҮІІІ. «Топтастыру» стратегиясы (топтық жұмыс)
Ахмет мысалары арқылы нені үйрендім?

Түйін:
Адам - өмірге қонақ.
Мақсат - бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, адамша өмір сүруге тырысу керек.

Мұғалім: Л. С. Маширбаева

Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт». жүктеу
3 266
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат»
Ахмет Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
А. Байтұрсын ұлы «Қара бұлт» өлеңі (6 - сынып)
А. Байтұрсын ұлы «Қара бұлт» өлеңі (6 - сынып)
Сабақты мақсаты: А. Байтұрсынұлының өміріне шығармаларына тоқталу. «Қара бұлт» өлеңімен таныстыра отырып, өлеңнің мағынасы ашу, өз ойларын жүйелі жеткізе білуге машықтандыру.
Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»
Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»
Алматы қаласы, № 178 лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Борибаева Айжан Сауытбековна
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін селосы, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ажмеденова Гаухар Тасқалиқызы
Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»
Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт»
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Абай атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Сатпекова Гульфира Маркенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×