Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Риясыз сүйіспеншілік

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Күлбаршын Аманбайқызы Жукенова

«Өзін - өзі тану» сабағының жоспары

10 сынып
Тақырып: Риясыз сүйіспеншілік
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік

Сабақ мақсаты: «Абайтану» орталығы мен «өзін - өзі тану» пәні сабағының байланысын түсініп, рухани - адамгершілік сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын кеңірек ұғыну.
Міндеттері:
- Оқушылардың жақсы көру және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету туралы білімдерін тереңдету.
- Оқушылардың мейірімділік қасиетін дамыту.
- Оқушыларды жақсы көруге, аянбай қызмет етуге тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Интерактивті тақта, музыка, оқулық, дәптер, аудиодиск, А 3 қағазы, маркерлер

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.
Нұрға бөлену
- Көңіл күйіңіз қандай? Қандай сезімде болдыңыз?
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқушы дәптердің 28 - бетіндегі 2 - тапсырма
2. Ел үшін еңбек етіп жүрген адамдар туралы мәлімет әкелу.
Сол адамның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеті туралы айту
Мұғалім сыйы. Аудиодискіден Абайдың 17 - і қара сөзін тыңдау.
 Қайрат, ақыл, жүрек үшеуінің дауласуының себебі неде?
 Сіз қайсысын жақтар едіңіз? Неліктен?
 Адам қай кезде өз жүрегін тыңдайды?
- Өз жүрегіңізді қашан тыңдадыңыз? Не ұқтыңыз?

Шығармашылық іс - әрекет. Топтық жұмыс.
Топқа бөлу: оқушылар кезекпен «ақыл», «қайрат», «жүрек», «ғылым» деген сөздерді айтып, топқа бөлінеді.
Топтар: «ақыл», «қайрат», «жүрек», «ғылым»

«Ақыл» тобы: Абайдың он жетінші қара сөзіне жоспар құру

«Қайрат» тобы: сахналық көрініс көрсету. Рөлдерге бөліп артистік шеберлікпен, шынайы сезіммен орындау.

«Жүрек» тобы: қарасөздегі ақыл, қайрат, жүрек, ғылымның бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерді анықтау.

Үй тапсырмасы
1. «Риясыз сүйіспеншілік – адамзат бақытының негізі.» шығарма (өлең, эссе, сурет) жазу.
2. Оқулықтың 95 - 96 - бетіндегі І. Есенберлиннің мәтінін оқу.

Сабақтың соңғы тыныштық сәті.
Адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы керек. Ол үшін айналаға жақсы ниет, жағымды ой, жылы жүрекпен қарау қажет.
Риясыз сүйіспеншілік – адамдық өлшемнің белгісі. Адамның риясыз сүйіспеншілігі күллі тіршілікке, болмысқа, адамзатқа арналғанда өзара үйлесімділікке қол жеткізуге болады.
Бүгінгі сабағымызда айтылған ойларды зерделей келе, сүйіспеншілік құндылығының негізінде махаббат және кішіпейілділік, аянбай қызмет ету, мейірімділік қасиеттерінің маңызын ұғынып жүрегіміздің түбіне түйіп қояйық.
Рақмет! Сау болыңыздар!

Толық нұсқасын жүктеу
20 442
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - ана алтын тұғырың
Ата - анаға деген сүйіспеншілік сезіміне ата - ананы құрмет тұтуға үйрету; Ата – ананы қадірлеу, ардақтау, ата - ананың үмітін ақтауға баулу;
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×