Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсылық жасай білейік

19 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзiн - өзi тану сабағының жоспары 4 сынып
Тақырып: Жақсылық жасай білейік
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: сыйластық, бақыт, мейірімділік, сүйіспеншілік, талаптану
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой - өрісі дамыту.
Міндеттері:
1. Адам қарым - қатынасындағы жақсылық ұғымы туралы түсінік беру. 2. Оқушылардың арасында жақсылық пен жамандық сезімдерін дамытуға ықпа ету
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шыншылдыққа, адалдыққа, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.
Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.

2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін - өзі тану» сабағының ережесін «5 - Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.
Сәлемдесу
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
2. Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Шаттық шеңбері
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық.
Өзіңді тану
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Өзіңді өзің қолыңа ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
«Өзіңді тану» пайдасы.

3. Үй тапсырмасын тексеру
Жақсылық пен жамандық (ертегі)
1. Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсың?
2. «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

4. Дәйексөз.
- Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, дәптерімізге жазып алайық.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»
Дәйексөздің мағынасын ашу.
Хормен қайталау.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.
5. «Ертегілерді өз ойларыңмен жалғастырып көр»
«Қарлығаш пен дәуіт» Ітоп
Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатт қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді....
«Аю мен тышқан» ІІ топ
Бір тышқан аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын басып қояды: ъ
- Менің құлағым - сенің інің деп пе едің? – деп ақырады. Өзіңді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
-«Бармақтай болып, не керегіме жарармын дейсің»,- деп күледі аю. Дегенмен, босатып жібереді.

Мектеп: «№ 18ЖББОМ» КММ
Мұғалiм: Сағындық Іңкәр Қанатқызы
Жақсылық жасай білейік жүктеу
2 093
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсылыққа жақсылық
Жақсылыққа жақсылық
Үлкендермен достармен сыйластық қарым-қатынас мәдениетін дамыту. Достықты қадірлей білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың “қайырымдылық, ” “қамқорлық,” “жақсылық” құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Жаман әдеттен сақтан!
Жаман әдеттен сақтан!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №7 орта мектебінің мұғалімі Бектенова Гаухар Сүйментайқызы
Жақсы сөз жарым ырыс
Жақсы сөз жарым ырыс
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №5 орта мектебінің өзін өзі тану пәні мұғалімі Құдабаева Айгүл Болатбайқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×