Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттан нәр алып

15 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттан нәр алып... 8 - сынып
Мақсаты: оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.
Міндеттері: >оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру.
>оқушыларды табиғатты сақтап - қорғауға, аялап - мәпелеуге баулу
>сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Табиғат - біздің байлығымыз. Табиғатты сезіну арқылы адам табиғаттан өз қасиетін ұға алады.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа, флипчарт, маркер.

Сабақтың барысы:
I. Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі
Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе - құшақтасамыз.
II. Сыныпты топқа бөлу.(“Жер”, “Су”, “Ауа”, “Табиғат”)

III. Негізгі бөлім.
Шаттық шеңбері.
Г. Жандыбаевтың “Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқып шығу.
Қызығушылықты ояту.(Ой қозғау)
• Табиғат сені қандай әсерге бөлейді?
• Адам мен табиғаттың арасында үйлесім бар ма?
• Адамның табиғатқа, табиғаттың адамға ықпалы қандай?
• Аппақ ай, жарық күн, жасыл жапырақ келбеті адамға қандай ой салады? Өздерің осыны бастан кешіріп көрдіңдер ме

Ой шақыру.
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңыздар немесе жазыңыздар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын оқиды).
Ой - пікір.
Табиғат туралы не білеміз?
“Табиғат” сөзіне ассоциация құру.
Табиғат
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,

Мәтінмен жұмыс.
Қ. Толыбаевтың “Ақ гүл” атты мәтінімен танысу арқылы оқушылар табиғаттың тіршілік бастауы екенін, жанды нәрсенің барлығы дерлік табиғаттан нәр алып, өсіп - өнетініне терең мән береді.
Ойланып көрейік. (топпен жұмыс)
I топ. Жерді неліктен күллі тіршіліктің анасына теңейміз?
II топ. Табиғат пен адам үйлесімділігінің сырын қалай түсінер едіңіз?
III топ. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?
IV топ. Жер - Ана деген сөздің құдіретін сезініп көрдіңдер ме?
Өзіммен – өзім релаксациясы.

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да, нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Сол сәтте Табиғат - анамыз естіп тұрғандай, бізді әртүрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз - мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпыра кеткендей! Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізден бойымыз сұлулық пен жылулыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде беріп, бұрынғы қалпымызға келейік.

Мағынаны тану.
Адам табиғаттың бір бөлшегі. Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау дейтініміз де сондықтан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 582
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтып, шабытының қайнар көзін ашады. Адамның табиғатпен етене жақындасуы
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру; оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға баулу.
6 саны мен цифры
6 саны мен цифры
Балаларды 6 саны мен цифрымен таныстыру. 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыту. Шаттық шеңбері.
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі: Бекетова Клара Рысалдиевна
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×