Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғаттан нәр алып

28 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
№ 21 - сабақ
Тақырып: Табиғаттан нәр алып
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: жақсы көру, аялау
8 сынып
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «табиғат», «жер», «су», «ауа», «топырақ» туралы ұғымдарын кеңейту.
Сабақтың міндеті:
Оқушыларға табиғат байлығының адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
оқушыларды табиғатты сақтап – қорғауға, аялап – баптауға баулу.
сүйіспеншілікке, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті: Баяу музыка қойылады.
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар.
Көздеріңізді жұмыңыздар. Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз. Сіз тау жолымен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған бұлақ суы, құстардың сайраған дауысы, сіз жеңіл демаласыз, сіз күшке толысыз. Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда, самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде. Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз. Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз, Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты. Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз.

ІІ. Сыныпты топқа бөлу ( Жер, су сөздері жазылған парақтармен бөлу)
Тақырыпқа шығу. Видеоматериалды көруді ұсынамын. Қалай ойлайсыздар бүгінгі тақырыбымыз неге бағытталған? Мақсатымыз қандай болады?

ІII. Негізгі бөлім Топпен жұмыс
1 топ Г. Жандыбаевтың «Гүлдер» атты өлеңін оқиды талдайды.
2 топ А. Толыбаевтың «Ақ гүл» мәтінін оқиды. Топ ішінде талдайды. Бір бала баяндайды.

IҮ Флипчартпен жұмыс. Табиғаттан біз қандай нәр аламыз? Табиғат бізге не береді?

V. Жүректен жүрекке
Пікірді жалғастырып айту
1. «Табиғат – мен үшін қуаныш, өйткені...»
2. «Табиғат – мен үшін денсаулық, өйткені...»
Оқушыларға таратылған алма пішініндегі қағазға жер - анаға деген ризашылықтарын жазып, оқып, сыныпта тұрған ағашқа алма іледі. (Ән ойнап тұрады).

ҮІ. Шығармашылық жұмыс
Ө. Тұрманжановтың
«Туған жер топырағыңнан айналайын» өлеңіне пікірталас
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін бейнелеу (сурет салу, әңгіме жазу, т. б.)
Ой шақыру.
Табиғат дегенде көз алдарыңа не елестейді? Көз алдарыңа елестеген заттың суретін салыңыздар немесе жазыңыздар.(Әр топтан суреттерін қорғайды, табиғат туралы ойларын оқиды).
Ой - пікір.
Табиғат туралы не білеміз?
“Табиғат” сөзіне ассоциация құру.
Табиғат → жер, ауа, су, күн, ай, топырақ, жануарлар әлемі, өсімдік,

ҮІI. Топпен ән айту
А. Қалаубаева. «Ертегілер» әні

ІХ. Үй тапсырмасы
А. Сейдімбек. мәтінді оқып, адам мен табиғат арасындағы жарасым туралы ой бөлісіңдер. Дәйексөзді жаттау, мағынасын ашу.

Х. Қорытынды
Адам табиғаттың бір бөлшегі. Жарқырап шыққан күн, таза ауа, мөлдір су, ну орман адамға қуат беріп, оның жан дүниесін мейірлендіре түседі.
Адам мен табиғат арасындағы байланыс тамыры тереңде жатыр. Адам өмірі табиғатқа тәуелді. Табиғатты қорғау - өз өміріңді қорғау дейтініміз де сондықтан.

Потанин ЖОББМ Лебяжі ауданы
Мұғалімі: С. К. Хамитова
5 911
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Өнер-өмір өрнегі...
Өнер-өмір өрнегі...
Міндеттері: - Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухани – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу; - Жасампаздық қабілеттерінің дамуына ықпал ету;
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Махаббат – өмір нәрі
Махаббат – өмір нәрі
Астана қаласы, № 53 лицей - мектептің биология және өзін - өзі тану пән мұғалімі Малгельдинова Қизат Айдарханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×