Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар

21 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушылардың өзара белсенді, өзіндік таным әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жаңа тақырыпты меңгерту;
- Айналатын денелердің тепе - теңдік шартын ұғындыру;
- Мәтін мазмұнын дамытушы құрал ретінде пайдалана отырып, проблемаларды шешу барысында оқушылардың ойлау, пайымдау, сараптау, зерделеу сияқты танымдық қасиеттерін дамыту;
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Өту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, есеп шығару

Сабақ барысы:
Оқушыларды түгендеу
Сабаққа дайындығын тексеру

Үй тапсырмасы: Топпен жұмыс (фигуралар бойынша топқа бөлу)
Үшбұрыш тобының сұрақтары
1. Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады?
2. Механикалық энергияның формуласы.
3. Сығылған(созылған) серіппенің потенциалдық энергиясы қандай формуламен өрнектеледі.

Шеңбер тобының сұрақтары
4. Тұйық жүйе дегеніміз не?
5. Потенциалдық және кинетикалық энергия
6. Дененің Жер мен Ай беттерінен бірдей биіктіктегі потенциалдық энергиялары бірдей бола ма?

Төрт бұрыш тобының сұрақтары
7. Механикалық энергияның сақталу заңы.
8. Механикалық энергияның сақталу заңының формуласы
9. Үйкеліс күші бар болса, механикалық энергия сақтала ма?
Мини - лекция(слайд арқылы түсіндіріледі)

Жаңа сабақты түсіндіру
Айналу осі бар денелердің тепе - теңдік шартын анықтау үшін күш моменті деген ұғым енгізіледі.
Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала алатын кез - келген дене иіндік (рычаг) деп аталады.
Тіреу нүктесінен күштер орналасқан түзулерге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын күш иіні деп атайды.
Айналатын денеге түсірілген күштің күш иініне көбейтіндісі күш моменті деп аталады.
M=F*l
Күш моментінің бірлігі.
1Hьютон*метр=1Н*1м
Күш сияқты күш моменті де векторлық шама

M1 моменті сағат тілі қозғалысына қарама - қарсы, M2 - моменті бағыттас қозғалады
Моменттер ережесі айналатын дененің тепе - теңдігін сақтау үшін денені сағат тілі жүрісіне бағыттас айналдыратын күш моменттерінің қосындысы оны сағат тілі жүрісіне қарсы бағытта айналдыратын күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.
М1=M2
Біліктің сол жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысы біліктің оң жағындағы күштердің күш моменттерінің қосындысына тең болуы керек.
Иінді таразылар айналатын дененің тепе - теңдік шартына негізделген.
М1=M2, P1*d1=P2* d2, мұндағы P1=m1 *g, P2=m2*g
ИІнді таразылар дененің массасын өлшеу үшін қолданылады.
Иіндері үшін он саны еселік болып келетін таразылар ондық таразылар деп аталады.
gml=gML

Сергіту сәті (оқушылар бір орында тұрып билейді)
Адам мүшесіндегі иінтіректерді қозғалысқа келтіру арқылы билеу.
Есептер шығару(слайдтағы суреттер бойынша есептер шығарады)

Логикалық сұрақтар:
1. Бір шелек судан көрі екі шелек суды алып жүрген қолайлы болатыны неліктен?
2. Арқасымен аударылған тасбақа өздігінен тұра алмайды. Неге?
3. Сіріңке шиін алып, оны ортасынан екіге бөл. Енді жарты шиді екіге бөлу үшін бүтін шиді бөлгенге қарағанда көбірек жұмыс жасалады?

Топпен жұмыс (Постер жасау)
Қол — таразы,
Көңіл — қазы
Ел бірлігі - ел теңдігі
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Үй тапсырмасы
Бағалау парақшасымен өзін - өзі бағалау
35 490
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Механикалық энергия ұғымын біледі, энергия түрлерін ажыратады.
Жай механизмдер. Иіндік. Иіндіктің тепе - теңдік шарты. Жылжымайтын және жылжымалы блок
Жай механизмдер. Иіндік. Иіндіктің тепе - теңдік шарты. Жылжымайтын және жылжымалы блок
Жай механизмдер туралы түсінік беру.Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар екенін түсінеді. Бұл арқылы оқушылар осы мәселеге қатысты теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге үйренеді және осы
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Физикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциялдық энергиясы туралы түсінік қалыптастыру. Серпімділік күшінің жұмысы мен серіппенің потениялдық
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылы, Ақан Нұрманов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі: Кобжанова Нурзия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×