Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы

30 қыркүйек 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Сабақтың тақырыбы: §23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Сабақтың мақсаты:
1. энергияның сақталу және айналу заңын бір түрден екінші түрге айналу заңы екендігін есте сақтау және практикада пайдалану
2. оқушылардың ой - өрісін кеңейте отырып, таным белсенділігін арттыру;
3. Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар, суреттер
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Үй тапсырмасы: Қызығушылықты ояту.
3. Мағынаны түсіну.
4. Білімді бекітуге арналған есептер.
5. Тест тапсырмалары.
6. Анықтама кестесі.
7. Білімді бекітуге арналған тапсырмалар.
8. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрау
І деңгей
1. Дененің механикалық жұмыс жасай алу қабілетін (механикалық энергия) деп атаймыз.
2. Қозғалып келе жатқан дене энергиясын (кинетикалық энергия) деп атайды.
3. Денелердің өзара әрекеттесу энергиясын (потенциалдық энергия) деп атаймыз.
4. Энергияның өлшем бірлігі (Джоуль)
5. Потенциалдық және кинетикалық энергия өзгерістері (жұмыс) - ты береді.
ІІ деңгей
1. Кинетикалық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
2. Потенциалдық энергия өзгерісі кезінде атқарылатын жұмыс өрнегі:
3. Кинетикалық энергия өрнегі:
4. Потенциалдық энергия өрнегі:
5. Механикалық энергия өрнегі:
ІІІ деңгей
1. Егер үйдің әр қабатының биіктігі 3м болса, онда массасы 75 кг адам баспалдақпен бірінші қабаттан алтыншы қабатқа көтерілгенде ауырлық күші қандай жұмыс атқарады?
2. Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. ол 400Н - ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады? Динамометр серіппесінің қатаңдығы 10000Н/м.
Мағынаны түсіну.

Жаңа сабақ:
Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы:

Тұйық жүйе құрайтын және бірімен - бірі тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.
Энергияның сақталу заңынан мынандай тұжырым жасаймыз:
Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.
Бекіту
Есеп шығару.
Массасы 250г дене 15м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды.
1. Дененің лақтырылған мезетіндегі кинетикалық энергиясын;
2. Ең жоғары нүктедегі потенциалдық энергиясын;
Ең үлкен көтерілу биіктігін табу керек.

Білімді тексеруге арналған есептер:
I - деңгей
1. Жер бетінен 3, 5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
II - деңгей
1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см - ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді?
2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6, 6т болса, оның орбита бойымен 7, 8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай? (А. П. Рымкевич, Алматы “Рауан баспасы” 1998ж №340 есеп )
III - деңгей
1. Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2 - ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
(А. П. Рымкевич, Алматы “Рауан баспасы” 1998ж №341 есеп )

Тест тапсырмалары
1. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
A) дененің қозғалыс энергиясы.
B) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
C) серпінді деформацияланған дененің энергиясы.
D) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.
E) дене молекулаларының қозғалысымен байланысты энергиясы.

2. Садақтан тік жоғары атылған жебе 10с өткенде жерге түсті. Жебенің көтерілу уақыты
А) 10с В) 5с С) 3с
D) 4с Е) 2с
3. Дене импульсінің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді?
А) а = F/m B) F•t
C) p = m•V D) F=ma E) mV2/2
4. Тұйықталған траектория бойымен ауырлық күшінің жұмысы
A) mgh B) 0 C) – mgh
D) 2mgh E) mgh/2
5. Денеге әсер ететін ауырлық күшінің жұмысы
A) A = mgh1 – h2
B) A = – (mgh2 – mgh1)
C) A = mgh2 – mgh1
D) A = 0
E) A = mgh2
6. Қандай физикалық шамалар “ Дж” өлшем бірлігімен өлшенеді?
А) күш импульсі в) күш моменті
с) дене импульсі д) күш E) энергия

7. Тұрақты күштің әсерінен дененің импульсі 4 с ішінді 20 кг∙м/с – ке өзгереді. Бұл күш неге тең?
А) 5 Н В) 1 Н С) 3 Н Д) 4 Н E) 2Н
8. Механикалық энергияның сақталу заңы
A) E=mgh B) E=mv2 /2
C) Ek=Eт+Ep D) Eт=Ek+Ep E) Ep=Eт+Ek
9. Массасы 10 кг, жылдамдығы 36 км/сағ дененің кинетикалық энергиясы
A) 12960 Дж B) 5000 Дж
C) 360 Дж D) 500 Дж
E) 180 Дж
10. Жұмысшы горизонталь 600Н күш жұмсай отырып, жәшікті 3 м - ге жылжытқанда істейтін жұмысы
A) 200Дж
B) 50Дж
C) 0, 005 Дж
D) 0
E) 1800Дж
Анықтама кестесі
р. с физикалық шаманың атауы ----- белгіленуі ---- Формуласы --- өлшем бірлігі
1. Дене импульсі
2. Күш импульсі
3. Күш жұмысы
4. Ауырлық күші
5. Серпімділік күші
6. Кинетикалық энергия
7. Потенциалдық энергия

Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:
1. Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не?
2. Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай тұжырымдалады?
БҮҮ кестесін толтыру.
білетінім
үйренгенім
үйренгім келетіні

Үйге тапсырма:
§23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
22 907
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Энергия. Кинетикалық және потенциалдық энергия
Механикалық энергия ұғымын біледі, энергия түрлерін ажыратады.
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінуі, формуласын қолданып есептер шығара алуы.
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы
Энергияның бір түрден екінші түрге айналуын түсіну және мысалдар келтіру арқылы механикалық энергияның сақталу заңын білу және пайдалану.
Энергия
Энергия
Энергия туралы түсініктерін тереңдету. Күй» ұғымын қалыптастыру. Күй параметрлерімен таныстыру. Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру. Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×