Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай механизмдер. Иіндік. Иіндіктің тепе - теңдік шарты. Жылжымайтын және жылжымалы блок

13 қараша 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Физика
Физика 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: § 58. Жай механизмдер. Иіндік. Иіндіктің тепе - теңдік шарты. Жылжымайтын және жылжымалы блок.
Мақсаты: Жай механизмдер туралы түсінік беру. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар екенін түсінеді. Бұл арқылы оқушылар осы мәселеге қатысты теориялық білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге үйренеді және осы заңның қаншалықты маңызды, құнды екеніне көз жеткізеді.
Сілтеме Р. Башарұлы «Физика және астрономия» оқулық, 7сынып, В. И. Кем, Б. А. Кронгарт «Есептер жинағы», 7сынып.
Сабақтың түрі Жаңа білімді меңгеру сабағы
Жетістік крийтерийлері Барлық оқушылар:
 Жай механизмнің анықтамасын айта алады
 Жай механизмдердің түрлерін біледі, жай механизмдерге күнделікті өмірден мысалдар келтіре алады
 Күштен ұтыс алудың математикалық өрнегін пайдалана отырып жай механизмдер күштен неше есе ұтыс бере алатынын анықтайды. Жылжымайтын және жылжымалы блоктардың жұмыс әрекетінде қандай ерекшеліктер бар екенін түсінеді. А деңгейлік есептерді шығара алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
 Иінді тіректің тепе - теңдігін түсіне отырып тұрмыстық құралдардың күш иіндерін және тірек нүктелерін сызба түрінде салып, есептей алады.
 Блок және көлбеу жазықтықты пайдаланып жүкті көтеру кезінде істелетін жұмысты формула бойынша есептеп табады.
Кейбір оқушылар:
 Жылжымалы блокты пайдаланып шығармашылық тапсырманы жасай алады.
Ресурстар Плакат, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор, қайшы, оқулық, слайд.
Білім тексеруге арналған көрнекілік материалдар, бағалау парақтары.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер «Сұрақ - жауап әдісі», «таңдау әдісі», «өзіңізді тексеріңіз әдісі»- бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?.

Басталуы - 30 мин
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
2. Топқа бөлу
3. Бағалау крийтериясымен таныстыру (3 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (7 мин)
1. Оқушылар өткен тақырып бойынша бір - біріне сұрақ қояды қол көтеріп сұрақтарға жауап береді.
2. Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өтілген тақырыптар бойынша парақта семантикалық карта беріледі. Мысалдарды оқи отырып оқушылар «ШЫНДЫҚ» болса «+», «ЖАЛҒАН» болса «-» қояды.
1. Энергия деп дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шаманы айтады.+
2. Дененің қозғалу салдарынан туындайтын энергия потенциалдық энергия деп аталады.-
3. Потенциалдық энергия деп әр түрлі денелердің (немесе бір дене бөліктерінің) өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны айтады.+
4. Жұмыс пен энергияның өлшем бірлігі - паскаль.-
5. Кинетикалық энергияны есептеу формуласы - +
6. Күш моментінің өлшем бірлігі - 1Н∙1 м - ге тең.-
7. 1 киловатт (1кВт)=1000 Вт=103Вт - қа тең.+
8. - Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.+
9. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің төңірегінде айнала қозғала алатын кез келген дене серіппе деп аталады.-
10. Жұмыстың уақытқа қатынасы қуат деп аталады.

Ақмола облысы, Бурабай ауданы,
Щучинск қаласы, №7 мектеп - лицейінің
физика пәні мұғалімі Женисхан Еркеш

Жай механизмдер. Иіндік. Иіндіктің тепе - теңдік шарты. Жылжымайтын және жылжымалы блок. жүктеу
12 217
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Физика 7 - сынып
ОЖСБ - ға дайындық
ОЖСБ - ға дайындық
1. Физикалық шама болып табылатын сөзді көрсетіңіз А) Мұздың еруі В) Термометр С) Уақыт* Д) Темір Е) Сағат
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Физикадан күнтізбелік жоспар
Көлбеу жазықтық
Көлбеу жазықтық
Сабақтың тақырыбы: Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі
Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар
Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар
Сабақтың тақырыбы: Күш моменті. Айналатын дененің тепе теңдік шарты. Иінді таразылар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×