Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші

14 ақпан 2015, Сенбі
Категориясы: Физика
Физика және Астрономия 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Архимед күші.
Сабақ мақсаты:
1. Тәжірибелер арқылы архимед күші туралы ұғым қалыптастыру.
2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сто, жұппен, жеке жұмыс;
Техникалық оқыту құралдары: Белсенді тақта, видеопроектор, экран, электронды оқулық, презентация.
Құрал - жабдықтар: Суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, таразы, динамометр, Архимедтің суреті.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топты жасақтау. (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар. (2 мин)
• Атмосфералық қысымды өлшейтін аспап?
• Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
• Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
• Металл манометр қалай жұмыс істейді?
• Қандай сорғыларды білесіңдер?
• Шприцтің әрекеті қандай заңға негізделген?
• Допқа, велосипедке ауа толтыруға арналған қарапайым сорғының құрылысы қандай?

ІІІ. Қызығушылығын ояту кезеңі. Ой қозғау ( 2 мин)
Мұғалім: Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне неліктен шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

ІV. Мағынаны тану. (15 мин) (топпен жұмыс, постер арқылы қорғау, екі жұлдыз, бір ұсыныс)
Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Архимед күші. Балалар оқулықтағы мәтінмен танысып шығайық? ( өз бетімен оқиды, топпен жұмыс) 1 - топ
1. Сұйыққа батырылған денеге сұйық тарапынан күш әсер ете ме?
2. Ығыстырушы күштің шамасын қалай анықтауға болады?

2 - топ
1. Сұйық ішіндегі денеге сұйықтың әсерін қалай теориялық түрде түсіндіруге болады?
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады? Архимед туралы қандай аңыз айтылған?
Электронды оқулық арқылы көрсетілім.

Мұғалім: Су бетінде үлкен болса да ағаш бөрененің жүзіп жүретінін, ал оған тасталған кішкене металл кесегі батып кететіні әркімге де белгілі. Суда жүзе білетін әркім - ақ судың өзіне батырылған денені ығыстыратынын жақсы біледі. Адам аздап малти білсе, су да оның жүзуіне ықпал етеді. Сұйық тарапынан әрекет ететін бұл күш қайдан пайда болады?

Жауап: Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы
күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед ( б. з. б. 287 - 212 жж.) есептеп шығарған. Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық. Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын.

Аңыз: Сиракуз патшасы Гиерон зергерге 5 кг алтын беріп тәж жасауын тапсырады. Зергер патшаға тәж жасап әкеледі. Патша зергерге сенбей, оның таза алтыннан ба, әлде алтынмен күмістің қоспасынан жасады ма екенін анықтау үшін Архимедке тапсырады. Архимед сұрақтың жауабын таба алмай, көп күн әуреленеді. Содан бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде су ваннадан таси төгіледі. Сол кезде Архимед Сиракуз көшелерін «Эврика!, Эврика!» деп айқайлай жүгіреді. «Эврика! Эврика!» - деген грек тілінен аударғанда «Таптым!, Таптым!» деген сөзді білдіреді.

Дәлелдеу (5 мин). (тәжірибе, жұппен жұмыс)
Оқушылар енді осы Архимед күшін тәжірибе арқылы дәлелдейік.

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз.
Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 864
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші
Архимед күші
Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттарының күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Физикадан сабақ жоспары
Физикадан сабақ жоспары
Архимед заңын тұжырымдайық: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті архимед күші деп те атайды.
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары
Павлодар қаласы, Ертіс ауданы, Қызылжар жалпы орта білім беру мектебінің физика және математика пәні мұғалімі Тәшібаева Кәмшат Еркінжасқызы
Архимед күші
Архимед күші
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Алажиде орта мектебінің физика пәні мұғалімі Тойболдиева Шолпан Есімбекқызы
Архимед күші
Архимед күші
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылы, Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Шамғонова Д.Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×