Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Физикадан сабақ жоспары

25 ақпан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Физика пәні мұғалімі: Суйкимбеков Кайрат Рыскелдиевич

Тақырыптар
1. Архимед күші
2. Су құбыры


Тақырыбы: Архимед күші
Мақсаты: Архимед заңының табиғат құбылыстарындағы, адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, оқушылардың ой өрісінің кеңеюіне жағдай жасау. Оқушының өз бетінше ізденуге дағдыландыру, жауапкершілікке, іскерлікке тәрбиелеу.
Жалпы мақсат: Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып тапсырмаларды орындауда машықтандыру және тақырып ұғымын, түрлерін ажыратуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Жалпы табиғаттағы барлық құбылыстардың белгілі бір заңдылық нәтижесінде жүріп жатқанын ұғынады. Сөйлеу, ойлау, болжау қабілеттері артады. Оқушылардың жан - жақты ізденуге құштарлығы оянады. Өзгенің ойымен санасуға, бағалауға, кеңесуге дағдыланады.

7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Миға шабуыл, АВС әдісіі, ЖИГСО
Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Барлық оқушыны ортаға шығарып «Шаттық шеңбер» деген топ құрғызамын.. Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген - келмегендерін түгелдеймін.
Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындығын түсіндіремін.
Сәлемдесу
Түгендеу
Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін оқушыларды парақшаларда арнайы жазылған "Сұйық", "Дене", "Күш" сөздерін таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
Білу
Кім жылдам
Интерактивті тақтаға «Қайталау – оқу айнасы» әр түрлі деңгейдегі сұрақтар беріледі,
10 - Атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі?
( сорғы)
20 - Су сорғысында үлкен рөл атқаратын, жылжымалы бөлігі? (Поршень)
30 - Су сорғысының құрылысы қандай және ол қалай жұмыс істейді?
40 - Шприцтің әрекеті қандай заңға негізделген?
50 - Ауасыз кеңістікте су сорғысы жұмыс істей ала ма?

Миға шабуыл әдісін пайдалану
Архимед аңызын видео ролик арқылы көрсету

Түсіну
Постермен жаңа тақырыпты қорғау
Осы көрстелген жаңа тақырыпты оқушыларға жинақтау үшін жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату. Кітаппен жұмыс жасату Постер арқылы тақырыптарын қорғату
*Енді балалар, Архимед заңын тұжырымдайық: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
*Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті архимед күші деп те атайды.

Толық нұсқасын жүктеу
2 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы
Ғабиден Мұстафин. Дауылдан кейін романы Мақсаты: Тақырып жайлы оқушылар түсіне отырып топпен романның кейіпкерлерімен танысады, сипаттау арқылы білімдерін жетілдіреді.
Азот қышқылы, нитраттар
Азот қышқылы, нитраттар
Тақырып мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып түсінуге мүмкіндік беру тақырып идеясындағы мәселелерді жан – жақты іздестіру арқылы баланың шындыққа көзқарасын айқындауға жағдай туғызу.
Адам – мәдениетті жасаушы
Адам – мәдениетті жасаушы
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Елдің жаңа орталығы – Астана
Елдің жаңа орталығы – Астана
Қазіргі Елорда Астана қаласы жайында, оның тарихы, Алматыдан астананы Ақмолаға көшірудің алғышарты жайында оқушыларға жалпылама мағлұмат беру, Елорда жайында білімдерін кеңейтуге жағдай жасау.
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы
Ом заңын тұжырымдау, электр кедергісіне анықтама беру, тақырыпты түсіндіру. Оқушыларды Ом заңының тұжырымдамасымен таныстырып, формуласын есептер шығаруда қолдануға, электр кедергісіне анықтама беріп, кедергіні өлшейтін құралға, тізбекте
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Архимед күші. (қысқа мерзімді жоспар)
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы, №5 ЖОББМ физика, информатика пәні мұғалімі Акашаева Л. С.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×