Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Архимед күші

12 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Физика
С ыныбы: 7
Сабақ тақырыбы: Архимед күші
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Тәжірибелер арқылы Архимед күші туралы ұғым қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: ашық сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, көрсетілімдер

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалды қорытындылау:
• Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?
• Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
• Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?
• Металл манометр қалай жұмыс істейді?
• Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ
Тәжірибе:
Допты суға батырып, қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.
Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?
Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.
Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.
Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?
Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.
Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің көрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.
Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?
Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.
Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?
Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Тәжірибе: Білеуше тәрізді денені суға салынады.

IV. Есептер шығару. 1. Көлемі 0, 5 м3 тасқа әсер ететін архимед күшін табыңдар

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 848
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Архимед күші
Архимед күші
Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Қысым тарауын қайталау
Қысым тарауын қайталау
Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды. Ұя су бетінде жел қалай соқса, солай қарай жүзеді. Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады. Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады? Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер
Архимед күші
Архимед күші
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, № 11 жалпы білім беру орта мектебінің физика пәні мұғалімі Багтыбаева Жанна
Архимед күші
Архимед күші
БҚО, Зеленов ауданы, Озерный ауылы Киров негізгі мектебі физика пәні мұғалімі Кажгалиева Н. Т.
Архимед күші
Архимед күші
Сұйыққа немесе газға батырылған денені - сол дене ығыстырып шығарған сұйықтың немесе газдың салмағындай күш вертикаль жоғары итереді. Бұл ежелгі Грецияның ұлы ғалымы, математика механигі Архимед ашқан заң. Енді осы заңды түсіндіріп көрейік.
Архимед күші
Архимед күші
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылы, Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Шамғонова Д.Н.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×