Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы көңіл- күй жан шуағы

26 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: Психология
Тренинг тақырыбы: «Жақсы көңіл - күй жан шуағы»
(сынып жетекшілер арасында өткен тренинг)
Мақсаты: Оқу жылының басында сынып жетекшілердің жұмысқа деген құлшыныстарын арттыру, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өздеріне деген сенімділік қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта,

Тренингтің барысы:
1. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғыңыз, не көргіңіз келеді?»- сұрағын сынып жетекшілеріне қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғаса береді.

2. «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы. (Сынып жетекшілер қимыл - қозғалыс арқылы жаттыуды жасайды)

3. «»Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез - құлық»
Мақсаты: сенімді мінез - құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез - құлықты бір - бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез - құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Мысалы: Сіздің танысыңыз сізге берген уәдесінде тұрмады.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Сынып жетекшілер сол жағдаятты 3 түрлі мінез - құлық түрінде ойнап береді)

4. «Құпия сыйлық»
Сынып жетекшілерге түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы түрлі құрал - жабдықтар таратылып беріледі. Өз қалаулары бойынша сыйлық жасайды, бірақ кімге жасап жатқаны белгісіз. Соңынан артына цифр жазылған гул күлтелері таратылып беріледі. Реттік номер бойынша бірінші сан иесі екіге, екі үшке солай жалғаса береді. Сыйлық иесін тапқан соң ізгі тілектерін, айтып жасаған сыйлықтарын бір - біріне ұсынады.

5. «Ортадағы қалам» стратегиясы бойынша барлық сынып жетекшілерінің қаламдарын жинап алып, көзді жұмып бір қалам таңдап алынады. Қалам иесін ортаға шақырып, қораптан тапсырма алу тапсырылады.
1 тапсырма Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін айту тапсырылады. Ойын осылай жалғаса береді. Келесі 2 тапсырма соңғы кезде теледидардан көріп жүрген теле сериалыңыздағы сүйікті кейіпкеріңізді сомдаңыз.

6. Интерактивті тақтадан түрлі психологиялық жаттығулар орындату.

7. «Әнді жалғастыр!»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл - күйлерін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық:
«Сіздерге бір өлеңнің 1 - жолын айтамын, ал бірінші үштік келесі жолын айтасыздар, ал екінші үштік келесі жолын, төртінші үштік соңғы жолын айтады».
1. «Әрқашан күн сөнбесін!»
2. «Анашым»
3. «Ден рождения»
4. «Жан досым»
8. «Шаттық шеңбері»
Барлығы шаттық шеңберіне тұрып, тренингтен алған әсерлерімен бөліседі.
9. Қорытындылау.
8 136
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Мұғалімдерге арналған тренинг
Мұғалімдерге арналған тренинг
Адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Ұстаздар қауымының қабілетін, ынта жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілігін дағдыландыру. Көрші жаттығуы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×