Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұғалімдерге арналған тренинг

20 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Ұстаздарға
Мұғалімдерге арналған тренинг
Мақсаты: адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын, интерактивті әдіс.
Көрнекілігі: ойшылдардың сөздері жазылған плакаттар, нақыл сөздер, жіп, А4 қағазы, слайд тақтасы.

Тренинг сағаттың барысы:
1. «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі тренингтен не алғ, ыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын мұғалімдерге қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

2. «Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,
Бүгінгі тренинг барысы,
Біз үлкен отбасы.
(Мұғалімдер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

3. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлық»
Мақсаты: сенімді мінез - құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез - құлықты бір - бірінен ажырата білу.
Жүру барысы: топтағы әр қатысушыға әр түрлі жағдаят жазылған парақ үлестіріледі, әрбір қатысушы сол жағдаятты үш түрлі мінез - құлық түрінде ойнап беруі керек.
Тапсырма: Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті.
Агрессиялық әрекет:
Сенімсіз әрекет:
Сенімді әрекет:
(Мұғалімдер сол жағдаятты үш түрлі мінез - құлық түрінеде ойнап береді)

4. «Психогеометриялық фигура»
Мақсаты: қатысушылардың, жеке тұлғаны байқағыштыққа және топ мүшелері арасындағы үйлесімді қарым - қатынас қалыптастыру.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Көзімізді жұмамыз. Бастапқы қатысушыға жіп беріледі. Ол барлық қатысушыларға жалғастырылады. Мен 1, 2, 3, төртбұрыш (үшбұрыш, дөңгелек). Әр фигурадан кейін көздерін ашып, танысады».
Талдау:
1. Сіз тапсырманы еш қиыншылықсыз орындадыңыз ба?
2. Оны орындау үшін сізге не қажет болды?
3. Қандай әсерлер болды?

5.«Ойлы болсаң тауып көр!»
Мақсаты: ойлау деңгейі мен шығармашылық потенциялын дамыту.
Нұсқаулық: «Алдарыңызда Т әрпі құрастырылуы тиіс. Ал қазір сіздерге Т әрпінің қиынды бөліктері беріледі. Осы бөліктерден Т әрпін құрауымыз керек» (Қағаздан жасалған қиынды фигуралардан Т әрпін құрастырады)

6. «Балалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдыызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруларыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шақтан бастан өткізген қызықты оқиғасын айтып береді.
Талдау:
Өздеріңізді қалай сезінудесіз?

7. «Әнді жалғастыр!»
Мақсаты: қатысушылардың көңіл - күйін көтеру, жағымды эмоция туғызу.
Нұсқаулық: «Сіздерге бір өлеңнің 1 – жолын айтамын, ал сіздер келесі жолын айтасыз, ал келесі көрші топ 3 - 4 – жолын әнмен жалғастырады. Кейін жүргізуші басқа өлең бастағанда 3 – топ өлеңнің 2 – жолын айтады, ал 4 топ 3 - 4 жолын айтады. Ойын шеңбер бойынша жалғасады.

8. «Сен білесің бе?»
Мақсаты: қатысушылардың бір - бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
9. Қорытынды. «Әріптестер алға, қанаттарың талма» әнін айту.

Ботагөз Есенова Серікболқызы
Қазалы қаласы, № 17 Ғ. Мұратбаев атындағы
мектептің педагог - психологы
Мұғалімдерге арналған тренинг жүктеу
3 372
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
100 - ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
Менің сүйіп тыңдайтын әндерім. Мәтін: С. Сейфуллин Біржан
мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу;
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Спорт және денсаулық күтімі
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Көңіл-күйімізді жаттықтыру
Ұстаздар қауымының қабілетін, ынта жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілігін дағдыландыру. Көрші жаттығуы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×