Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңіл-күйімізді жаттықтыру

13 қараша 2015, Жұма
Категориясы: Психология
Түпқараған ауданы, Баутин ауылы.
"Ақбота"балабақшасының психологы
Жиембаева Айгерім Абиевна

Тренинг. Көңіл-күйімізді жаттықтыру.

Тренинг мақсаты: Ұстаздар қауымының қабілетін, ынта жігерін, қызығушылығын, шығармашылығын, біліктілігін дағдыландыру.
Көрші жаттығуы:
Мақсаты: Әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір - біріне жылулық сыйлау.
Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта
Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір жымиып
Оң жақтағы көршіңе оң көзіңді,
Сол жақтағы көршіңе сол көзіңді қысып, біз үлкен ұжымбыз деп барлығымыз дауыстайық.
Келесі жаттығуға көшеміз, Бүгін мен сіздерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет - әлпеттеріңмен бейнелейсіздер.

Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;
қасқырдан қорыққан қоянның;
ұядан түсіп қалған балапанның;
жылап тұрған адамды көрсету;
жәй күліп тұрған және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсете білу.

«Кім екенін тап» ойыны.
Әрбір адам өзінің аты - жөнін көрсетпей, өз өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды - ұнамсыз қасиеттерін жазуы керек. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап араластырады да, арасынан біреуін алып, дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табу керек.

«Айна» жаттығуы.
Қазір біз бірнеше қарапайым әрекеттерді орындап көреміз. Ал, енді тапсырманы тыңдаймыз. Тапсырманың саны төртеу. Олар төмендегідей:
Түймені тағамыз;
Жолға жиналамыз;
Нан пісіреміз;
Циркте қойылым көрсетеміз.
Әрбір тапсырма жұптаса орындалуы тиіс, яғни жұптағы адамдардың біреуі аталған тапсырмалардың біреуін жасаса, екінші адам оны айнадағыдай көрсетуі тиіс. Кейін жұптағы ойыншылар бір - бірімен алмасады. Бірақ алдымен жұптасайық. Жұптар дайын тапсырманы орындай бастайық. Қалғанымыз көрермен ретінде екеуінің әрекеттерін қадағалап, серігінің әрекетін қайталаған адамға әртістігі үшін баға қоямыз. Топ әртістерді бес ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Кейін барлық ұпайлар қосылып, кімнің әрекеттерді неғұрлым сәтті орындағаны анықталады.
9 224
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?
Мәтіннің тақырыбы және мәтіндегі негізгі ой дегеніміз не?
2.1.2.1 - мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Мұғалімдерге арналған тренинг
Мұғалімдерге арналған тренинг
Адамға, жеке өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез - құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын. А Құнанбаев. Ғылым таппай мақтанба.
Абай Құнанбаев туралы толық мағлұмат алу, өлең мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды ашу.
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
Жақсы көңіл- күй жан шуағы
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Көктүбек ауылы, «Көктүбек орта мектебі» КММ - нің психологы Мизамитова Бакытгул Масалимовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×