Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің жанұям

17 маусым 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Психология
«Менің Жанұям»
Мақсаты: Ата - ана мен баланың арасындағы қарым - қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, шам, теледидар, сиқырлы таяқша, альбом, газет, шар.

Тренинг бағдарламасы:
1. Есімдер аллитерациясы.
2. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».
3. «Біз біргеміз!» жаттығулар.
4. «Өтінемін!» ойыны.
5. «Сиқырлы таяқша» жаттығу
6. «Шапалақ»жаттығуы
7. Ой - толғаныс.

Тренинг барысы:
І. Ата - аналарды тіркеу. Бағдарламамен танысу.

ІІ. Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Ата - аналарды бір - бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінің есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиетін айту керек.
- Сіздің есіміңізді, жақсы қасиетіңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
- Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл - күйде отырсыз?

ІІІ. Баяндама. «Ата - ана махаббаты».
Адамдар арасындағы қарым - қатынаста адамгершілік, әдеп - инабат үрдістерінің қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата - анасын жан - жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген қарым - қатынастарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына байланысты.

Адам өмірі мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - баланың ата - анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен, адамшылығының белгісі.

Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.

Ата - аналардың жастығы мен бала тәрбиесіндегі тәжірибенің жоқтығы, болмаса тәрбие жұмыстарында тек қана өз ойлары мен көзқарастарына ғана жүгінуі немесе қажетті педагогикалық білімдерінің жетіспеушілігі салдарынан тәрбие процестері көптеген қателіктерге ұшырап отырады.

Сондықтан да мектеп өміріндегі ата - аналардың педагогикалық білімін жетілдіру, мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның нәтижесінде ата - ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан зор.

● «Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын - ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3. Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?

● «Біздің ортақ суретіміз!»
Суретті бір - бірімен ақылдаспай салады. Бірінші отырған адам суретті бастайды, отырған қатысушылар жалғастырып кетеді.
Талдау:
1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?
2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?
3. Бір - біріңізді қалай түсіндіңіз?
4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

ІV. «Өтінемін» ойыны.
Мақсаты: Ата - ана арасындағы қарым - қатынасты жақсарту, бір - біріне көңіл бөлу, бір - бірін тыңдай білуге үйрету.
Қатысушылар ортаға жартылай шеңбер жасап тұрады.
- Құрметті ата - аналар! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіздер?
- Рахмет, өтінемін, т, б
- Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.
- секіріңдер
- оң аяқтарыңызды көтеріңіздер
- өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар
- өтінемін, бір - біріңді құшақтаңдар.
- оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар

V. Өзіңді өзің тани біл.
- Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген сұрақтарға жауап жазасыздар
Мен ___________
Мен____________
Мен____________
Мен____________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?

VІ Ата - аналарға арналған сауалнама
«Сіз және балаңыз бір - біріңізді түсіне аласыздар ма?»
1. Балаңызда қиындықтар кездессе бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?
а) Ол өзі маған бұл туралы айтты.
ә) Ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады.
б) Мен ана болғандықтан бұны өзім сездім.
в) Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым
2. Сіздің балаңыздың досы Сізді:
а) Екінші анасы сияқты сезінеді.
ә) Сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді.
б) Құрметпен, бірақ салқын қарайды.
в) Құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.
3. Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақыра ма?
а) Кейде
ә) Жоқ, ешқашан.
б) Шақырды, бірақ мен келіспедім.
в) Олардың жиналатын орны маған ұнамайды.
4. Көптеген ата - аналар балаларды олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:
а) Бұлай болмайды, себебі бұл заттар сәннен шығып қалған.
ә) Бұлай болмайды, себебі оған шақ келмейді.
б) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді
5. Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығушылығын байқап қалдыңыз, Сіз:
а) Оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ.
ә) Балаңыздан саған бұл хабар ұнай ма?» деп сұрайсыз.
б) Ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін.
в) Біраз уақыт мазмұнының егжей - тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.
6. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: «біздің кезімізде бұлай болмаған»:
а) 1 немесе2 рет, бірақ мен бәрі - бір өзгеретінін мойындаймын.
ә) Қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ.
б) Аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын.
в) мен бұлай айтқан жоқпын.
Тестің қорытындысы:
4 - 6 рет «а» жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата - анасыз. Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін - бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.
3 немесе одан аз «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.

VII. Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
VIII. «Шапалақ ұру»жаттығуы
Слайд көрсету
«Барлық өмірлік жұмыстарында саған Күш - Қуат тілеймін!»
14 282
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Күн тәртібіндегі мәселелер: 1. Топтағы ата - аналарды бір - бірімен таныстыру.
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Ата - аналар жиналысының хаттамасы
Топтағы ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Менің отбасым - сыйластық, жарастық орнаған ортам
Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Педагогикалық процестегі тренингтердің рөлі
Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Ойынның шарты: әр қатысушы өз есімін айтып, сол есімінің бастапқы әрпіне сын есім немесе жағымды қасиет ойлап табады.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты зерттеу және түзету жұмыстары
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 орта мектеп психологі Әбіл Гүлназ Базаралықызы
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Ата-ана мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты нығайту
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебің психологы Саухимова Жансая Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×