Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің Жаңа жыл!

28 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Сценарий
Музыка жетекшісі Ахметова Гульдана Сериковна

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар

Қош келдің Жаңа жыл! (орта топтарға арналған)

Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші: Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар.
Армысыздар аяулы ұстаздар, ата – аналар! Сәлеметсіздер ме балалар!
Бүгінгі Жаңа Жыл мерекесіне келдіңіздер!!!
Балалар,ортаға шығып «Жаңа Жыл» әннің орындап берейікші
Ән: «Жаңа Жыл»
Ортаға бес бала жүгіріп шығады.
Жангир: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап.
Асхат: Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл.
Аққерке: Жаңа жыл, Жаңа жыл,
Жаңа жыл да жаңа жыр.
Жасыл шырша жаныңда,
Жарқырап бар бала жүр.
Ахмет: Қызық думан күн келді,
Жасыл шырша түрленді.
Аяз ата сүйіп терледі,
Үйге кірді төрледі.
Жүргізуші: Жамыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сол шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Кел, балалар, келіңдер,
Тамашаны көріңдер.
Бәрі бірге: Қала нұр, дала нұр,
Құтты болсын Жаңа жыл!
Би: «Көңілді би»
Жүргізуші: Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл - қоян жыл келіпті
Қоян жыл: Сәлеметсіздер ме балалар!
Балаларым, қарағым,
Күнім, нұрым, жанарым!
Орындалып ойларың,
Құтты болсын тойларын!
Балалар, міне сеңдермен қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа Айдахар жылын қарсы алыңдар. Сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыз!
Жүргізуші: Балалар, Жаңа жылды қарсы аламыз ба?
Жүздеріне қуаныш нұрын төккен,
Балбұл жаңған беттерін аяз өпкен.
Айналайын, халайық, қарсы алыңдар,
Жаңа жылды асыға көптен күткен!
Айдахар жылы кіреді
Айдахар жылы: Армысыздар халайық
Бармысыздар, халайық.
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Айдахар жылымын. Мені шын ықыласпен қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!
Бүгін мен сендерге мына тұрған үйіміздің сиқырлы кілтін тапсыруға келдім.
Жүргізуші: Ал ол үйдің ішінде не бар екен?
Айдахар жылы: Оның ішінде көптеген балаларға арналған сыйлықтар бар.
Жүргізушіге кілт тапсырады.
Жүргізуші: Олай болса балалар шыршамызға іліп қояйық. Жаңа жыл кешінен кейін үйді ашамыз.
Кілтті іліп қояды
Айдахар жылы: Мен бүгін сендердің мерекелеріңді көріп тамашалайын,қандай өнерлерін бар екен?
Жүргізуші: Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді. Тамашалаңыз.
Балалар шеңбер жасап тұрады
Ән: «Жасыл шырша»
Жүргізуші: Өте жақсы балалар. Сендердің «Ертегілер еліне» барғыларың келе ме?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы «Ертегілер елінің» іші тыныш, неткен керемет әдемілік!
Осы кезде қызыл телпек кіреді
Қызыл телпек: Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз.
Қызыл телпек: Балалар, біздің «Ертегілер еліне» қош келдіңіздер»! Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады. Бұл не?
Балалар: Қоян
Осы кезде қоян секіріп кіреді
Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын? Қалай ойлайсындар?
Балалар: Бауырсақ ертегісіндегі қоянсың.
Қоян: Жарайсыңдар балалар,ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар бірге: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы – қырлы жерлермен,
Ытқып – ытқып жүгірді.
Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Тағы бір жұмбақ жасырайын.
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Бұл кім?
Балалар: Аю
Қорбаңдап аю келеді.
Аю: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен қай ертегіден келдім?
Балалар: Сіз «Маша мен аю» ертегісіндегі аюсыз
Аю: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіңдер. Ал аю туралы тақпақ білесіңдер ме?
Балалар: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын.
Басқа аңға тимеймін,
Балпаң, балпаң билеймін
Қызыл телпек: Қандай тамаша.Тағы жұмбақ шешесіңдер ме? Қай ер ертегі екенің таба білесіңдер ме?
Мен атадан қаштым,
Мен әжеден қаштым,
Қояннан да қаштым
Балалар бұл қай ертегіден?
Балалар: «Бауырсақ» ертегісі
Сәлеметсіңдер ме балалар. Ал «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды?Өзі айлакер, қу.
Балалар: Түлкі
Осы кезде майысып түлкі келеді.
Түлкі: Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші.
Көрсін біздей балғынды,
Көңілденсін ло енді
Шырқатайық ән – жырды,
Шырқатайық өлеңді.
Бір бала ән айтады,ал аңдар билейді
Ән: «Ертегілер»

Қызыл телпек: Жарайсыңдар балалар.Бәрі ертегілерді біледі екенсіңдер.Ал маған сендермен жаңа жылды қарсы алуға болады ма?
Балалар: Ия.
Жүргізуші: Отыңыз Қызыл телпек. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ақсақалды шал жылына
Бір – ақ рет келеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
Оның орнына сыпырғышпен Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдемі, үйге алып кетейін бе?
Шыршаны жұлмалай бастайды.
Жүргізуші: жетай, тиіспеңіз, бұл біздің шыршамыз. Бүгін Жаңа жыл мерекесі.
Мыстан кемпір:Ойланып. Жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің бір жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен?
Қалтасынан кәмпиттерін алып шығады, оның ішінде жұмбақ жасырулы.
Бірінші жұмбақта таппайды;
Екінші жұмбақта кәмпит табылады;
Үшінші жұмбақты балалар шешеді
Мыстан кемпір ашуланып, шыршаның үстіндегі сиқырлы кілтті көріп қояды. Әрі – бері жұлмалап шыршадан кілтті алып, үйді ашпақшы болады.
Кәне ашып көрейін, ішінде алтын бар шығар.
Әне – міне ашам дегенше далада боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Балалар кемпірді қуады. Кілт қалып қояды.

Би: «Санта Клаус» биі.
Жүргізуші: Балалар, тағы да көрейік аяз атаны шақыруға.
Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата кіреді.
Аяз ата: Жаңа жылмен, Жаңа жылмен,
Құттықтаймын бәріңді
Жасым келіп қартайған
Мен ақ шашты атамын.
Өздерін сияқты балалардың шат күлкілі думан тойын аралап келемін. Міне сендердің орталарыңа да жеттім.
Ау бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерін,
Қуанышты силайын.
Ортаға балалар шығып тақпақтарын айтады
Амина: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жалын қойдық жарық қып,
Шыршамызға шам іліп.
Данил: Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Жүргізуші: Шеңберге тұрып Аяз атаға әнімізді шырқайық
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең – жырларына көп рахмет.
Жүргізуші: Аяз ата мен сізге сиқырлы кілтті ұсынайын.
Жүргізуші кілтті ұсынады. Аяз ата үйді ашады. Қаптың ішінен сыйлық беретін кезде мыстан кемпір шығады.
Мыстан кемпір: Ку- кук. Мен мұндамын. Күтпедіңіздер ме?
Аяз ата: Мыстан кемпір не істеп жүр қапшықтың ішінде?
Сиқырлы таяқшасымен айналдырады
Аяз ата: Бір, екі, үш!!!
Сиқырлы таяқша
Бер қапшыққа күш!!!
Осы кезде Мыстан кемпір Ақшақарға айналады.
Жүргізуші: Қандай керемет! Сәлеметсіз бе Ақшақар
Ақшақар: Келді міне Жаңа жыл
Қуанышпен біздерге
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді!
Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерін керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық.
Шырша жанады
Аяз ата: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны,
Кімнің қандай сәні бар?
Ән: «Қыс келді»
Тақпақтар
Томирис: Сылдырлайды моншағы
Шыршамыздың мол шамы
Бізбен бірге жайдары
Жарқырады, жайнады.
Айгерім: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той, маскарад басталады
Аяз оны басқарды.
Заурат: Жаңа жылды қарсы алдым
Мініп алдым күймеге.
Мен де бүгін ән салдым
Араластым биге де.
Аяз ата: О...Қандай керемет. Рахмет сендерге.
Осы кезде Чупа – Чупс сахнаға кіреді.
Чупа – Чупс: Мені күтпедіңдер ме? Мен жаңа жылы тойлауға келдім.Менімен бірге көңіл көтерейік. Ойын ойнайық.
Ойын: «Ұлпа қарларды іздеп табу»
Чупа – Чупс: Өте жақсы балалар. Ширақ екенсіңдер. Ал енді мен ата – аналармен бір ойын ойнайын.
Ойынның шарты: Сіздер Жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Мысалы: «Жаңа жыл құтты болсын». Чупа – Чупсты аузына салып айтуы шарт.
Чупа – Чупс: Ал, балалар осы мерекеге арналған қандай өнерлерін бар?
Би: «Ақша қарлар»
Сағат соғысы.
Аяз ата, Ақша қар, Қызыл телпек, аңдар және Чупа – Чупс сыйлықтарды шанамен алып келеді.балаларға таратты.
Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді. Жаңа жыларын құтты болсын!!!Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош – сау болыңыздар!!!
43 533
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл атты жаңа жылдық ертеңгілік
«Жақсылықпен жайлылық сыйла, жаңа жыл» атты жаңа жылдық ертеңгілік 1) Трио «Нappy new year» жаңа жылым! әні орындалады. Осы кезде Аяздың дыбысы естіліп (Аяздың есіктің даусы) залға есіктің ашылып жабылған дыбысы естіледі де, ішке Али мен Айя кіреді.
«Жаңа жылдық саяхат»
«Жаңа жылдық саяхат»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Төрлет, құтты, Жаңа жыл!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылындағы №182 орта мектептің математика пәні мұғалімі Ахметова Мархаббат Жанайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×