Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Жаңа жылдық саяхат»

06 қаңтар 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақмола облысы, Ерейментау қаласы,
№1 негізгі мектеп "Балбөбек" шағын орталық тәрбиешісі Сматаева Б. Г.

Тақырыбы: «Жаңа жылдық саяхат»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру

жүргізуші:
Әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.
Жүргізуші:
Жаңа жылың құтты болсын жас ұрпақ,
Келген жылға қарамаңдар тосырқап.
Жаңа жылың құтты болсын аталар,
Сергек ұрпақ өздеріңнен нәр алар.
Жаңа жылың құтты болсын аналар,
Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар.
Қара нарлар көтеріңдер жыл жүгін,
Соңдарыңнан ере берсін боталар
Қарсы алайық мешінді жылды
Ұзатып сап қошқарды
Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа жылы мен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз.
Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Шыршаны айналайық «шырша» әнің шырқайық.
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Абай көшесінен үлкен тапсырма ала келдім. Бірақ мен басқа жерге келген сияқтымын. Мен қайдамын?
(Айналасына қарайды) Мына жер маған таныс емес. Бірақ, бұл маңызды емес. Мен бұл жерге бір маңызды тапсырма ала келдім ғой, ал қалғаны
маңызды емес. Неге келіп едім? А иә! Жаңа жыл мерекесінің өтуі маған тәуелді. Маған Жаңа жылды білдіретін сандар теруім және сөздерді айту керек.(Телефоннан нөмір тере бастайды. Осы кезде 2 адам шығады.)

1. Сайқымазақ:
Қане біздің қонақтар!
Басқаға мойын бұрмаңдар!
Бізге қарай жақындап
Қызық күлкі тыңдаңыздар!
2. Сайқымазақ:
Барлығыңыз білетіндей шыршада
Өте қызық болатынын.
Өлең айтып, би билеп
Сіздерді достар, құттықтап
Барлығы: Жаңа жылдарыңызбен!!!
(Ұқыпсызға көңіл аударады.)
1 Сайқымазақ: (Ұқыпсызға) Сен қайдан келдің? Аспаннан түстің бе?

Ұқыпсыз: Мен бір нәрсені шатастырып тұрған секілдімін. Маған екеуміздің біреуіміз шатасып, басқа жерге келіп тұрған секілдіміз.

2 Сайқымазақ: Біз мерекеге келдік, халық бізбен көңіл көтереді мен білмеймін, сен кімсің өзің?
Ұқыпсыз: Мен Ұқыпсыз адаммын. Родник көшесінен келдім. Жаңа жылға асығып келдім. Енді міне қайда келгенімді білмей тұрмын.
1 Сайқымазақ: Қайда асықсаң, сонда келдің. Қарашы айналаңа адамдарда мереке, барлығы көңілді, бақытты Жаңа жылды қарсылауда!
2 Сайқымазақ: Қане қараңыздаршы, қандай тамаша шырша халық сол мерекені қанекей бізбен бірге қалып көңіл көтеріп бәріміз билейік.
(Би биленіп,. қошақан)
(Ортаға Чебурашка мен Гена баянмен шығады.)
Чебурашка: Мәссаған, Гена қарашы, қаншама халық келген. Мен осыншама үлкендермен балаларды ешқашан көрген емеспін.
Гена: Ал мен көрдім. Зоопаркте жұмыс жасасаң бұдан да көп адам көресің.
Чебурашка: Барлығыңыз амансыз ба? Жаңа жылдарыңызбен! Мені білесіңдер ме?
Мен әлемге белгісіз жануармын. Ал менің атым...
Барлығы: Чебурашка.
Гена: Ал менің – менің атым кім?
Барлығы: Крокодил Гена!
Гена: Мәссаған - қандай ақылды балалар! Бір ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар балалар?
Барлығы: Иә ойнайық
Ойын: «Аяқпенең топ - топ - топ...»
Гена: Ал енді Чебурашка, біздің жаңа әнімізді
айтсақ қайтеді.
Чебурашка: Айтсақ айтайық.
Пусть белеют тропинки
И летают снежинки
И заводит пурга хоровод -
Сразу ясно прохожим,
На сосулки похожим,
Что наступит вот - вот Новый год...
Гена: Я ж играю на гормошке
У прохожих на виду...
Чебурашка: К сожелению, Новый год -
Он тоже раз в году...
Чебурашка: Сөздері енді аздап келіспейді. Мен мына жерде өнер көрсетіп кеткен сияқтымын. Ал барлық халық Аяз ата мен Ақшақарды көргісі келіп тұрған секілді. Олардың да келетін уақыты болған секілді. Біз жеделхатты алғанымызға көп болды ғой. Ал енді біздер осы жерге бір би билеп сосын аяз атаны шақырайық.
Тәрбиеші: Тоқтаңыздар Чебурашка және Гена ағай біздің бүлдіршіндер қалай ән айтатының тыңдаңыздар.
«Ұлпа қар»
Би «Көңілді би»
Тәрбиеші: балалар Аяз атамен Ақшақарды шақырайық:
Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар

Аяз ата: Уа, жұртым, жиналған.
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата, Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан
Ақшақар: Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата - аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын. Мешін жылы табыс жылы, береке, бірлік әкелсін. Тарихи жыл болсын.
Аяз ата: Бәрі үшін бақытты да қуанышты кезең болсын.
Ақшақар: Мен сендермен жаңа жылды қарсы алғаныма өте қуаныштымын. Сіздер маған бір өнер көрсетіп бересіңдер ме?
(Би биленеді.) «Ұлпа қар»
Аяз ата: Ойбай, жаңа жылдық мерекеңізге қанша балалар келген. Кім тақпақ айтса, кім өлең айтса, ал кім билесе, бәріне де сыйлығым бар. Қане, қайдасыңдар?
Ақшақар маған көмектеседі.
(Би ) «Кукарелла»
Тақпақтар:
Ойын «мен сені қуып жетем»

Ақшақар: Қош келдің Жаңа жыл.
Аяз ата: - Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіңе аманат. Он екі ай бойы
бағып - қақ. Жақсы жыл бол, дария нұр бол, Жаңа жыл!
- Ал енді Ақшақар біз кетпестен бұрын бүлдіршіндеріміз бізге тағы не әзірледі екен соны көрейік.
( ойын буги - буги)
Тәрбиешілерден сыйлық. Ән «жаңа жыл»
- Жаңа жылдарыңмен достар! Шанамызға мінейік Ақшақар. Алда барар ауыл бар, Жыл қуантсын баршаны.
Ақшақар: Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға жақсылық тілеймін.
Барлығы: Қош бол, Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!
(Хормен шыршаны айнала «Шырша жыры» әні орындалады )

Жүргізуші: Міне, Қымбатты балалар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Достық, бірлік бәріне де жеңеді. Аспанымыз
бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!
Барлық жандар бір тілекке қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!...
Келесі сөз кезегің мектеп директорына беріледі, және тәрбие меңгерушіне
Келесі сөз кезегі ата - аналарға беріледі.
2 768
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Жаңа жылдық сценарий: Келді, міне, Жаңа жыл ортамызға, құт - береке әкелсін баршамызға!
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл көңіл күй ортасын ұйымдастыру, хормен және жеке ән айту шеберліктерін айттыру, би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру, қайырымды іс жасауға
Жаңа жыл!
Жаңа жыл!
Зал Жаңа жыл мерекесіне сай әсем безендірілген. Әдемі киінген балалар әуенмен залға кіріп, шыршаны айнала тұрады. Арамыздағы құрметті қонақтар, ата – аналар, балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Қош келдің Жаңа жыл!
Қош келдің Жаңа жыл!
Музыка жетекшісі Ахметова Гульдана Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×