Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Жаңа жыл!

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Ертеңгілік
Мақсаты: Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету.
Міндеттері: 1. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
2. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту.
3. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: әсемделген шырша, ойын өткізуге арналған құралдар, атрибуттар

БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Ертеңгіліктің мақсат, міндеттерімен, тақырыбымен таныстыру
ІІ. Негізгі кезең:
Жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Құрметті қонақтар!
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер.

Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Кел, Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт – береке боп келгейсің еліме!
Үміт артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де,- дей отырып жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Светлана Кеңесқызына береміз.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Жүргізуші
Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Жүргізуші:
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Аяз ата келеді) Аяз атаның ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ
Хор: «Жаңа жыл жыры»

Жүргізуші
Жаңа жылым жол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле – төрле, Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын!

2015 жыл ҚОЙ жылының сөзі.
Қайырлы күн, барша туған - туыстарым,
Құтты болсын бұл келген жаңа жылың!
Қой жылы кенеліп шын бақытқа,
Өсе берсін бұл жылда табыстарың.
Бола берсін бұл жылда қызықтарың.
Тойлай бер қырық, елу, алпыстарың.
Құтты болсын алатын қоныстарың,
Қуанышпен тойла, өмір парақтарын.

2016 жаңа МЕШІН жылы:

Өркен:
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп,
Бір жыл бойы Сіздермен
Дос болайық шаттанып
Думан:
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Жүргізуші: Қош келдіңіз! Аса құрметті, мешін жылы, балалардың өнерін тамашалайық!
Жаңа жылда жаңа белден асамыз
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен
Жаңа жылда тағы да алға басамыз

Көркем:
Киіндік ұл мен қыз
Аң болып, жан болып
Танымай тұрсын деп
Досымыз таң болып

Айсұлу:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз

Нұрдана:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына

Айжұлдыз:
Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған
Алыс жақтан келіп тұр.
Аяз ата сағынған

Биғасыр:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз

Ақшақардың сұрақтары:

Мен білемін бір ойын. Үйретейін сендерге. Мен бастаймын, ал сендер аяқтайсыңдар.
Хормен жауап беріңдер.
Қарға мүлгіп дала тұр.
Келе жатыр ЖАҢА ЖЫЛ

Қызыл мұрын, ақ мұртты,
Білсең атын тез ата Келді бізге АЯЗ АТА

Шырша бүгін кәделі
Сендер әрі ӘДЕМІ

Көңілсіз бір бала жоқ
Ойын - күлкі таралсын
Құтты болсын ЖАҢА ЖЫЛ (3 рет)

Кәусар:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз

Жүргізуші: Келесі тамашалайтындарыңыз «Ақшақарлар» биі.
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Қош келдің, Жаңа жыл! жүктеу
6 906
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, жаңа жыл!
Қош келдің, жаңа жыл!
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл 2023
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт - береке әкелсін.
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Жаңа Жыл - Жаңа жыр
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, "Алға мектеп - бақшасы"ММ Бастауыш сынып мұғалімі Давлетова Шолпан Избасхановна
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Жаңа жыл
Ақ көңілім айналды аппақ қарға, Көңілдене қосыл сен ән мен жырға Қыс қызығы басылмай ұласады, Қуанышы көп болсын Жаңа жылға
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Армысың, Жаңа жыл!
Армысың, Жаңа жыл!
Кел Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме, Құт, береке боп келгейсің еліме. Үміт артып армандарға аяулы, Шаттығыңа бөлегейсің мені де.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×